Іс - қағаздардың түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту, өзіне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктері, қолдану аясы, атқаратын қызметі жөнінде толық мәлімет беру.
Оқу нәтижелері Кеңсе қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің тарихын саралайды. іс жүргізу терминдері мен ресми іс - қағаздары стилін меңгеру арқылы білікті маман болуға талпынып, кәсіпке бейімделеді.
Көрнекілігі
Әдебиет оқулығы,Бейне таспа
Қолданылатын стратегиялар:
“Миға шабуыл”, “Мағынаны тану”, : “Топтастыру ”, “Сатылай кешенді талдау сергіту сәті т.б. “Екі жұлдыз, бір тілек”, “Сұрақтары бар қорап”, “Басбармақ” т.б.
Топқа бөлу
Сендер биыл 10-сынып болғандықтан бір қадам аттап белгілі бір маман боласыңдар, олай болса біреудің арманы осындай банк қызметкері шығар,мүмкін біреудің арманы бөлек,десек те біз бүгін осындайбанк қызметкерлерінің қызметін атқарып көрейік деген мақсатпен қазір топқа бөлінеміз,олай болса мына жерде банк ішіндегі әр бөлімше атаулары жатыр кім қай бөлімшеде қызмет атқарғысы келеді соны тандап алсын.Бұл жерде әр топтың атқаратын қызметтері көрсетілген.
Жаңа қызметтеріңізбен таныспас бұрын біз үйге берілген тапсырманы пысықтап алайық.Олай болса қазір сұрақ қойылады,әр топ жылдамдық бойынша жауап береді,сұрақтардың көбіне жауап берген топ ұпай саны арқылы сыйақы алады.
Үй жұмысы: (сұрақ жауап арқылы)
Жаңа тақырып бойынша топтарға тапсырмалар беріледі.
Жаттығу жұмыстары:
Әр топтың бас мамандары іс сапарға жіберіледі.Мына жерден келіп іссапарға жіберілетін бұйрықты алып жұмыс істеулеріңізге болады.(тақтады сөйлем талдау)
І топ: Мектепаралық спорт сайысы жөніндегі есеп беру үлгісі
ІІ топ: Мектептің радиоторабының ақпарттар бөліміне мектеп өміріндегі оқығалар жөнінде хабарламалар даярлау.
ІV топ
88 - жаттығу. Түйіндеме жазу. М. Мақатаевтың « Менің анкетам» өлеңі бойынша толтырылады.
М. Мақатаев Менің анкетам атты өлеңі
Туған жерің?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім?
– Еркекпін ғой, еркекпін!
Және - дағы тәуірмін...
– Партияда барсың ба?
– Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің?
– Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге?
– Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе?
– Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
– Шетелдерде болдың ба?
– Болғаным жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда - ақ.
– Мекен - жәйің?
– Мекен - жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!