Сабақтың атауы Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар типін қорытындылау сабағы Сілтеме



бет3/3
Дата05.02.2022
өлшемі202,4 Kb.
#21890
түріСабақ
1   2   3
«Зымырақ» тобына:

  1. Денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы- ия

  2. Денесі үш қабаттан тұрады- ия

  3. Көпшілігі дара жынысты ия

  4. Олар алғашқы қуыстылар типі деп аталды- ия

  5. Қуысқа толы сұйықтық сыртықы ортамен байланыспайды- ия

  6. Дүние жүзінде 2 мыңға жуық түрі кездеседі- жоқ

  7. Ауыз қуысы денесінің артқы жағында, ал аналь тесігі алдыңғы жағында орналасқан-жоқ

8. Ішексорғылар -қосжынысты жәндіктер- жоқ
9. Сезім мүшелері жақсы жетілген- жоқ
10. Ішексорғының қантарату және тыныс алу мүшесі дамыған-жоқ
«Сүліктер» тобына:

  1. Денесі шұбалаңқы- ия

  2. Екіқабатты, біржасушалы жәндіктер-жоқ

  3. Денесі буылтықтарға бөлінген, соңғы қуысы бар- ия

  4. Бұлардың 90-мыңға жуық түрлері бар-жоқ

  5. Тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болды ия

  6. Зәршығару жүйесі дамымаған-жоқ

  7. Қантарату жүйесі жақсы дамыған ия

  8. Көпшілігінде қанның түсі-көк болып келеді-жоқ

  9. Сүлік-паразит, жыртқыш жәндік- ия

  10. Азқылтанақты құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді-жоқ

«Қызығушылықты ояту» Бейнебаян арқылы құрттар өмірімен танысу


«Мағынаны тану»

    1. Жалпақ құрттар кластарын ата - таспа құрттар (сиыр цепені), сорғыш құрттар (бауырсорғыш), кірпікшелі құрттар (ақ сұлама)

    2. Жұмыр құрттар класын ата- зымырақтар, қылқұрттар, жұмыр құрттар, құрсақкірпікшелі құрттар

    3. Буылтық құрттар класын ата- азқылтанақты құрттар (шұбалшаң), көпқылтанақты құрттар (нереида, құмқазар), сүліктер

«Кубизм стратегиясы»



    1. Суреттеу (Сиыр цепенінің даму айналымы)

    2. Салыстыру (эктопаразиттер, эндопаразиттер)

    3. Зерттеу (Сірқабықтың атқаратын қызметі )

    4. Қолдану (Сүліктерді қайда және қандай мақсатта қолданамыз?)

    5. Талдау (Гельминтология ғылымы нені зерттейді?)

    6. Талқылау (паразит жұмыр құрттарды ата)

  1. Суреттеу- жұмыртқа-дернәсіл-финна-адам ішегіндегі сиыр цепені-буылтық құрт

  2. Салыстыру- эктопаразиттер-ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететіндер, эндопаразиттер-ішекте өмір сүретін паразиттер.

  3. Зерттеу- сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.

  4. Қолдану- сүліктерді медицинада, вена бітелгенде, жүрек бұлшықеттері жансызданғанда, миға қан құйылғанда, емдік мақсатта пайдаланып, адамның қанын сорғызады

  5. Талдау- гельминтология-паразит құрттарды зерттейтін зоологияның бір саласы

  6. Талқылау-паразит жұмыр құрттар- суыртқы, трихинелла, ішексорғы, үшкірқұрт

«Ой қорыту» стратегиясы

1-тапсырма «Жалпақ құрттардың зиянды әрекеттері»

2-тапсырма «Жұмыр құрттардың зиянды әрекеттері»


3-тапсырма «Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы»

1-тапсырма- бұлар ұсақ шаяндар, құрттар және судағы жануарлардың қалдықтарымен тіршілік етеді. Жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Адам өміріне де зиянды.
2-тапсырма балалардың ішек жолдарын зақымдайды. Бунақденелілердің денесінде паразиттік тіршілік ететін де түрлері бар.
3-тапсырма топырақта мекендейтін шұбалшаңдардың маңызы зор. Көпқылтанақты құрттар суда тіршілік ететін организмдерге қорек болады.

Үйге тапсырма

Құрттар туралы қызықты материалдар жинақтау

Құрал – жабдықтар

АКТ құралдары: Интернет, интерактивті тақта, постер, түрлі – түсті бояу, қағаздар

Сабақты талдау

Топ жұмыстарын талдау, жұптық жұмыстарын талдау.

Тәжірибелік сабақты бағалау

Дәптерлеріне сызған жұмыстарын формативтік бағалау

Саға мектеп - бала бақшасы


Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типін
қ о р ы т ы н д ы л а у
7-сынып
Өткізген: биология пәні мұғалімі Г.Бахтыгереева
2013-2014 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет