Білімділігі: Оқушыларды қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайраткері М.Әуезовпен таныстырып «Жолда» әңгімесінің мазмұнын ашу.
Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: адамгерлішілікке, намысшыл болуға шақыру
Әдісі: топтастыру, түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың, Мұхтардың портреті, топтастыру, Венн диаграммасы
Психологиялық ахуал
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару Психологиялық дайындық сәті. -Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы. Себебі біздер түрлі ауылдарға саяхат жасамақпыз. Сонымен бірге әр ауылдың бізге әзірлеген тапсырмаларын орындауға тиіспіз. Олай болса саяхатымызды бастайық. «Абай» ауылы. Тапсырмасы: ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ( Абайдың суреті көрсетіледі)
Ақын бұл өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?
Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
Адамның қандай жақсы мінез-құлықтарын білесің?
Алауыз деген не?
«Күндейді» дегенді қалай түсінесің?
«Мертігеді» деген қандай мағынаны білдіреді?
«Міндейді» деген сөздің өлеңдегі мағынасы қандай?
Өлеңді жатқа айтып бер.
Өлеңнің алғашқы 2 шумағын жатқа айт.
Өлеңнің соңғы 2 шумағын жатқа айт.
Өлеңді мәнерлеп оқып бер.
«Талап, еңбек...» деп басталатын өлеңді жатқа айтып бер
- А. Құнанбаев туралы не білесіңдер? ( топтастыру)
- Балалар, Абай атамызды бүкіл дүние жүзіне танытқан кім? Оның өмірі туралы роман-эпопея жазған ұлы адам туралы білеміз бе?
- Ол кім?... Дұрыс-ақ, Мұхтар Әуезов.
- М.Әуезов туралы не білесіңдер? ( М. Әуезов суретін көрсету)
Мұғалімнің түсіндірмесі:
(Мұхтар Әуезовтың суретін көрсете отырып қысқаша мәлімет беру)
Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазіргі Шығыс Қазақтан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайреткері. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман-эпопеясы ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра.
Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық «Абай жолы» роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық жағдайы,сол кездегі қазақ өмір тұрмысының ерекшеліктері баяндалған. Абай туралы М.Әуезов: «… қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» деп жазған.
- Олай болса келесі баратын ауылымыз «Мұхтар» ауылы. «Мұхтар» ауылы. Тапсырмасы: