ІІІ. Жаңа сабақ. - Бүгін енді Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді «Жолда» деген әңгімесімен танысамыз.
Сөздік жұмысы Дәріс – сабақ
Тамам болмаса да – аяқталмаса да, бітпесе де
Хазірет – дін жолындағы мәртебелі адам
Фатиқасын алып – ризашылығын алып
Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларды оқыту:
- әңгімені тізбектей оқыту.
Әңгімені құрылысына қарай талдау 1. Әңгіменің аты (Жолда)
2. Әңгіменің құрылысы, негізгі оқиғасы (Абайдың оқудан келуі)
3. Дамуы (Абайдың әкесімен кездесуі)
4. Кейіпкерлер. Олардың іс-әрекеттері (Абай, Құнанбай, Ұлжан, Байтас, Жұмабай)
5. Жазушының көркемдік әдісі мен тәсілі (баяндау, сипаттау, портреттеу)