Сабақтың атауы Менің Отаным Қазақстан Сілтеме Әліппе оқулығының әдістемесі



бет1/17
Дата17.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#43054
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1-тоқсан 63 сабақ

Оқу ісінің меңгерушісі:



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Менің Отаным - Қазақстан

Сілтеме

Әліппе оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сабақтың әдісі

Сабақтың түрі

Күтілетін нәтиже

Сөз жұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта
Түсіндіру,сұрақ – жауап,

Жаңа сабақ




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Еліміздің жері, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарың қалыптастыру. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту;
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, топтау,дәлелдеу, сипаттау, жинақтау

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Ынтымақтастық атмосферасы

«Қызықты ұйқастар»
1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым... /қазақ/
2. Аман болсын қарттар
Суықты болар.../қаңтар/
3. Құт - береке жауғыз,
Келе жатқан.../наурыз/



- Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн сөзінің әрқайсысына сәйкес үй тапсырмасы бойынша білімдері бекітіледі.
Мысалы: Қаңтар айында қандай мереке бар? Наурыз айында ше? Т. б.

Үй тапсырмасын сұрау

Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.)

2.«Елдер достығы»
Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік.
Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

ІІ. Сараланған бөлім.
Операциялық - орындаушылық кезең.
1. Суретпен жұмыс.
2. Оқулықтан тыс жұмыс.
Ақтөбе қаласы бойынша төмендегідей негізгі өнеркәсіп өнімдері өндіріледі:
Мұнай
Ілеспе газ
Хром рудасы
Ферро қорытпа
Ақтөбе облысы бойынша мынадай кен байлықтары бар:
Никель
Мыс
Мұнай
Конденсат
Хромит рудасы
Алтын
Асбест
Фосфорит
3. Оқулықпен жұмыс.
«Менің Отаным - Қазақстан» мәтінін оқушылар оқиды және түсінгенін айтады. Мұғалім мәтінді оқу барысында қосымша мағлұматтар беріп отырады.
4. Дәптермен жұмыс.
Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер:
Ресей
Түрікменстан
Өзбекстан
Қырғызстан
Қытай

Ой толғаныс

ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық.
(Әнұран орындалады.)

1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
4. Ұлты қазақ
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан

Үй тапсырмасы

«Менің Отаным - Қазақстан» мазмұнын айту

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Мадақтау

Смайликтерді жабыстырады

Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Отбасы (Сөз)

Сілтеме

Ғаламтор

Сабақтың жабдығы

отбасы  мүшелерінің  суреті.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

а\Білімділігі.Оқушыларға отбасы жайында,бір - бірімен    қарым – қатынасы, көмегі, үлгі-өнегесі    туралы мағлұмат беру,сөз   туралы   түсінік қалыптастыру.

ә\Тәрбиелілігі:Өз ойын айта білуге,өз кінасын мойындап,қатесін түзете білуге , жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

б\Дамытушылығы:Оқушылардың тілдік қорын молайту.Ұсақ моторикаларын дамыту.


Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достар,

Қайырлы таң болсын.

Бүгінгі күнің  сәтті

Сәттілікке толсын

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.                                                                                            

Сергіту сәті .Фонетикалық жаттығу «Түтікше»

- Түтікше қалай дыбыстайды? (Ду-ду-ду)

Мағынаны тану


1. Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

 Оқушылардың–өз отбасы туралы сұрау.

2.Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.

- Сұрақ қою арқылы мазмұнын талдау.

   Отбасы

Анаң-үнің, жүрегің,

Әкең-өмір тірегің.

Сен –бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әке,ана, әже,ата,әпке т.б сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау.-



Сергіту сәті

Сергіту сәті .Саусақ гимнастикасы «Достар»

Оқушылар саусақтарын жаттықтырады.

Ой толғаныс

«Мынау кім?» Дидактикалық ойын арқылы толықтыру.

Сурет бойынша сөз, сөйлем құрату.

Менің әжем ою ойды. ___ ___ ___ ___. Атам кітап оқыды._____ ____ ____.


5.Дәптермен жұмыс

Әріп элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу



 Бағалау

Мадақтау

Смайликтерді жабыстыру

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері (Сөйлем)

Сілтеме

Ғаламтор,әдістеме құралы

Сабақтың жабдығы

Суреттер,сызбалар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі



Білімділік:Оқушыларға үй мүліктері және олардың қолданылуы жайлы түсінік беріп, таныстыру;
Дамытушылық: Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, үй мүлкі жайлы түсініктеріндамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларға сыныптастарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлінеді

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындау
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалау

Көжегім тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші.
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Отбасы жайлы әңгімелету.

Оқушылар білгендерін айтады



Қызығушылықты ояту


- Балалар үйлеріңде қандай үй мүліктерін білесіңдер? Атап көрейікші.
- Үстел, сөре, шкаф, теледидар т. б.
Жұмбақ жасырамын:
Төрт аяғы, арқасы бар,
Еті жоқ, тек қаңқасы бар.
(Орындық)
Сырты жаз, іші қыс,
Бұл не?
(Тоңазытқыш)
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
(Сандық)

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу



Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суреттерді таныстырамын.
Диван, сөре.
Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құратамын.
Оқулықтағы мазмұнды суретке тоқталамын. Сөйлемдер құратамын. Оларды не үшін пайдаланатыны туралы әңгімелетемін.
Әр сөйлемде неше сөз барын анықтатамын.
Әр сөзде неше дыбыс, неше буын барына көңіл аудартамын.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттерді боятамын.
Дәптердің 5 - бетіндегі тапсырмаларды орындатамын. Жазу жұмысы кезінде оқушылардың саусақтарын шынықтыру.

Ой толғаныс

Әр оқушы өзі тұтынып жүрген үй мүліктері туралы әңгімелеп береді.

Мұғалімнің көмегімен оқушылар өздері құраған сөйлемдердің сызбасын жасайды.

Үй тапсырмасы

Суреттермен жұмыс жасау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау - мадақтау

Фигураларды алады

Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ойыншықтар (Буын)

Сілтеме

Әдістемелік

Сабақтың жабдығы

суретті үлгі құралы – қыз баланың суреті, текшелер, ойын, дәптер, қалам.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі



Білімділік: Сөздердің бір буыннан да, көп буыннан да тұратынын білдіру.
Дамытушылық: Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатының түсіндіру. Буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру, балалардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, сауат ашу пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.

Топқа бөлу

Пазл арқылы топқа бөлінеді

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жақсы тілектер тілейік. Сендер өз аттарынды білесіңдер ғой. Ал қандай дыбыстан басталып тұрғанын білесіңдер ме?
Мысалы:

Менің атым – Алтын,
Аспанымыз ашық болсын.
Менің атым - Альбина,
Бәріміз дос болайық.
Менің атым – Арсен,
Мамаларымыз аман болсын.
Менің атым – Арлен,
Көңіліміз шат болсын.

Қызығушылықты ояту


ІІ. Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі – Сара.
- Енді, Сара сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік. Са - ра.
- Бірінші буынын кім айтады?
- Бірінші буыны Са.
- Екінші буыны – ра.
- Дұрыс. Екі буыннан тұрады. Себебіекі дауысты дыбысы бар. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы, А - ша.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу



ІІІ. Ойын: «Жоғалған буын».
Балаларды екі топқа бөлу.
- Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.
Ойынның шарты: жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай қатардағы топ бұрын аяқталса, сол топқа бір - бірден ойыншық қойылады.
- Ал, енді ойынымызды бастайық:
Үй, -, бө - - не, қар -, сауыс -, тыр -,
кө -, тор -, бүр -.
Ойын соңында жеңімпаз топқа түсті жалауша беріледі.

Сергіту сәті

Қане, қане, тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Бишілерше бұралып,
Дөңгелене билейік,
Домбыраны қолға алып
Әжем айтқан ертегіні
Күйшілерше шертейік.
Әсем әуен сазымен
Өнерді біз жалғайық.

Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды



Ой толғаныс

- Балалар, енді мына сызбаға қарап сөйлем құрастырайық. Сөйлемдегі сөздердің санын тор көзге хазайық
қарлығаш
ұя.
Қол жаттықтыру жұмысы.
Тақтаға текшелермен екі сөз жазып, әрқайсысын буындық белгімен белгілету. Мысалы: «Сара» сөзі текшемен былай жазылады: көк, қызыл, көк, қызыл.
Дәптермен жұмыс.
- Мына сызбаның көшірмесін дәптерге түсірейік.
- Бұл өрнек неше торкөзден құралған?
- Енді осы өрнекті қолымызды үзбей, сатылап көшіреміз.
IХ. Буындардан сөз құрау.
- Енді әуе шарларына жазылған буындардан сөз құрау: Ұ - зақ, көкек, қар - лы - ғаш, тор - ғай, тыр - на, боз - тор - ғай.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Ұзақ – жыл құсы. Торғай шырылдады. Тырна ұшып келді.
Сабақты қорыту. Буын туралы білімдерін тиянақтау.

 Бағалау

Бағалау фигураларын тарату

Оқушылар таңдап алады

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Оқу құралдары

Сілтеме

http://tak-to-ent.netсайты,әдістеме

Сабақтың жабдығы

Суреттер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі



а) Оқушыларға жаңа сөздерді таныстыру, оларды сөйлем құрастыруға үйрету.  ә) Оқушылардың сөйлесу әрекетін, ойлауын, еске сақтауын, қиялын дамыту.  б) Оқу құралдарын күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Жылдың төрт мезгіліне сай топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Амандасу. Түгендеу.

Өткен сөздерді қайталау.

Үй тапсырмасын тексеру

Би «Қаражорға»




Оқушылар мұғаліммен қосылып билейді

Қызығушылықты ояту

Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсетіп тұрып оқушыларға айтқызу,жазылу ережелерін еске түсіру.

Мысалы: «Ә» әке,дауысты,жіңішке дыбыс,сөздің соңында жазылмайды.

«Ұ,Ү,Ө,І,Ң,Ғ,Қ,Һ»

Өте жақсы, балалар.



Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу



а) Жаңа сөздермен танысу.

Сатып алды – купил(а)

Сызғыш – линейка

Қорап – пенал

Өшіргіш – стирательная резинка

ә) Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.

1-жаттығу. Мәтінді оқып, түсінбеген сөздерді аудару.

2-жаттығу. Оқу құралдары не үшін керек? Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.

Үлгі: Кітапты оқимыз. Дәптерге жазамыз.

3.Бекіту

3-жаттығу. Кім, не сатып алды? Айдос қалам, сызғыш  сатып алды.

4-жаттығу. Тыңда, қайтала.

Дос – доспыз – бәріміз доспыз.

Дүкен – кітап дүкені – кітап дүкеніне бардық.

Сатып алды – кітап сатып алды.

 Сабақта біз не туралы айттық ?

 Қандай оқу құралдарын білесіндер?  (оқушылардың жауаптары)


Сергіту сәті

Кәне,балалар, тұрамыз
Қалам, қарындаш аламыз
Оңға бұрыл, солға бұрыл
Біз демалып қаламыз.

Оқушылар жаттығу жасайды

Үй тапсырмасы

Мәнерлеп оқу. Жуан, жіңішке сөздерді екі бағанаға жазу.

ә) Жаңа өтілген сөздерді жаттау.



Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау фигураларын тарату

Таңдап алады

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Күз (Әңгіме)

Сілтеме

Ғаламтор,әдістемелік

Сабақтың жабдығы

Күз туралы суреттер,үлестірмелі фигуралар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы және күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін күздегі ауылшаруашылық
еңбек түрлері жөнінен білім беру.
Дамытушылығы: Оқушылырдың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, өздіктерінен жұмыс істеп қорытынды шығаруға
машықтандыру.
Тәрбиелілігі: Байқағыштыққа, еңбек сүйгіштікке, қоршаған ортаға
қамқор болуға, табиғатты сүюге баулу.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Табиғат күлімсіреп күніменен,
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен.
Көркіне көз тоймайды табиғаттың,
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызыушылықты ояту


« Күн көзін бұлт баспасын » ойынын ойнату арқылы өткен тақырыптарды қайталап өтеміз.Ойын шарты:берілген сұрақтарға жауап беру арқылы экраннан күлімдеген күн көзін шығару.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Күз айларын ата?
3. Күз айларында қандай мерекелер бар?
4. Күз айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
5. Күзде нелер пісіп жетіледі?
6. Адамдар күз мезгілінде қандай жұмыстар атқарады?

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс


Сергіту сәті

Қоюланып қара бұлт,
Жауды жаңбыр себелеп.
Жапырақтарды жайылып,
Бұға қалды көбелек.

Оқушылар денелерін жаттықтырады



Үй тапсырмасы

Түсінгенін айту

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау фигураларын тарату

Таңдап алады

Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дақылдар (Дыбыстар)

Сілтеме

Ғаламтор,әдістемелік

Сабақтың жабдығы

Дақылдардың суреттері, текшелер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі



1.      Оқушыларға дыбыс туралы түсінік беру.

Дыбыстық талдау жасауға үйрету

                 2.Сөздік қорларын молайту,оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,қиялын ,танымдық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу қабілетінің дамуына ықпал ету. 

   3. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу




Топқа бөлу

Пазл арқылы бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Сабақтың мақсатын қою.Психологиялық жағдай туғызу

-Біз де қазір қандай сабақ деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде әліппе сабағы. Ендеше әліппені бастамас бұрын бір-бірімізге қарап жақсы сөздер айтайық.



Оқушылар бір-біріне қарайды, жақсы сөздер айтады.

Сен әдімісің.

Сенің көйлегің әдемі,т.с.




Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?



(ауызша сұрақтар қою арқылы оқушы білімін тексеру)Суреттердегі суреттерге әңгіме құрату.


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу



1.Қызығушылықты ояту.Оқушыларға жұмбақ жасырудан бастаймын.

Дақылдардың суреттерін көрсете отырып,сөздерді буынға бөлу жұмыстары жүргізіледі

Сөздерге дыбыстық талдаулар жасап,тақтамен жұмыс ұйымдастырылады.

Мысалы:-Балалар суретте көрген суреттерің ненің суреттері?

Бидай ,жүгері.күнбағыс,арпа, тары дақылдарға жатады. Дақылдар өсімдіктердің түрлері,

-Дақылдардан дәндер алынады, олардың кейбірін адамдарға азық ретінде пайдаланамыз.

Дыбыстық талдау жасау.

2. Дәптермен жұмыс. Оқушылар дәптердің 10- бетіндегі ирек сызықтарды бастыра отырып, жолдың аяғына дейін толықтырып жазады.Иректердің биіктіктеріне, ара-қашықтықтарына ерекше көңіл бөлу.

3. Қ. Мүсіреповтың «Алтын астық» өлеңін айтып,мазмұны бойынша оқушылармен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырады.

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала -бай дала,

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды.

Қырманға дән сыймайды.

Қырманға қандай астықтарды жинайды?

-Дақылдың қандай түрін бәлесіңдер?

-Оларды қалай пайдаланамыз?



Ой толғаныс

.Оқулықпен жұмыс Оқулық бетіндегі комбаин мен элеватор суреттері бойынша әңгіме құрату.

Сөйлемдерді өзбетінше талдату.

-Комбайн сөзінде неше буын бар,неше дыбыс бар?

-Бірінші буында неше дыбыс, екінші буында неше дыбыс


Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 12-беттегі суреттер бойынша әңгіме құрау. Қ. Мүсіреповтың «Алтын астық» өлеңін жаттау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Смайликтер тарату

Парақшаларға жабыстыру

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жемістер. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

Сілтеме

Ғаламтор,әдістемелік құралдар

Сабақтың жабдығы

суреттер, жемістердің суреттері.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі



1. Оқушының дыбыс түрлері жайлы түсініктерін қалыптастыру, жемістер туралы әңгіме жүргізу;
2. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау дағдыларын дамыту;
3. Оқушыларды тазалық пен әдемілікке тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Жемістер арқылы топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындатамын.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Көкөністер жайлы әңгімелетемін.
Сұрақтар қоямын.
- Балалар, көкөністерге нелер жатады?
- Көкөністердің қандай түрлері болады?
- Көкөністерді қалай өсіреді?
Оқулық бойынша пысықтап, әңгімелеу.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу



Балаларға жемістер туралы айтып түсіндіремін.
Суреттері арқылы жемістермен таныстырамын.
Балалардың өздері білетін жемістері туралы сұрап әңгімелеу.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суреттерді таныстырамын.
Алма, шие, алмұрт, өрік.
Әр сөйлемде неше сөз барын анықтатамын.
Әр сөзде неше дыбыс бар, неше буын барына көңіл аудартамын.
Оқулықтағы суреттер бойынша оқушыларға сөйлемдер құратамын.
Алманың түрлері көп.
Балаларға жемістердің суреттерін көрсете отырып, дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратамыз.
Тақтаға сөздер жазып, сол сөздер арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстар жайлы түсінік беремін.
Оқушыларға «Жеміс бағында» өлеңін оқып беріп талдау.
Жеміс бағында
Бағбан ата Бименге
Үшке толған шағында.
Аралатып көрсетті
Жемістерді бағында.
Мынау - алма, айналдым,
Түрлі - түрлі болатын.
Бірі ерте, бірі кеш,
Кезектесіп салатын.
Мынау өрік күнім
Ерте ашар гүлін.
Қара өрік, сары өрік,
Ектім екі түрін.
Мынау шие шырағым,
Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Ұрлыққа торғай түседі.
Мынау анар құлыным,
Қабығы қалың болатын.
Мөлт - мөлт еткен түрлері,
Моншақты еске салатын.
Бағымда менің қарағым,
Жеміс - жидек тағы бар.
Қарақат, алма, құлпынай.
Дастарқаннан табылар.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттерді боятамын.

Сергіту сәті

Кел балалар, ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық,
Үзіп алып бақтардан,
Жолдастарға сыйлайық.

Оқушылар тақпаты жатқа айтады

Үй тапсырмасы

Суретті сөйлету

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау фигураларын тарату

Оқушылар зерін баңалайды

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Аңдар. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын)

Сілтеме

Ғаламтор,әдістемелік құралдар

Сабақтың жабдығы

суреттер, аңдардың, үй жануарларының суреттері.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі



1. Оқушының дыбыс түрлері жайлы түсініктерін кеңейту, аңдар және үй жануарлары туралы айтып, әңгіме жүргізу;
2. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау дағдыларын дамыту;
3. Оқушыларды тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Топқа бөлу

Пазл арқылы топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындатамын.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Жемістер жайлы әңгімелетемін.

Дауысты, дауыссыз дыбыс түрін пысықтатамын.
Сөздерге дыбыстық талдау жасатамын.
Сұрақтар қоямын.
- Жемістерге нелер жатады?
- Жемістердің қандай түрлері бар?

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу



Оқушылардың өздері білетін аңдары мен үй жануарлары туралы әңгімелетемін.
Берілген суреттер арқылы аңдардың, үй жануарларының түрлерін таныстырамын.
Табиғат аясында тіршілік етіп, өз қорегін өзі тауып жейтін жануарларды аңдар дейді. Олардың жүндері қалың болғандықтан, қыста тоңбайды. Табиғатта жабайы аңның түрі көп - ақ. Олардың ішінде пайдалысы да зияндысы да бар. Қасқыр мен түлкі - жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы, сезімтал. Өздеріне керекті жемістерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
Суреттегі жануарларды, олардың төлдерін ататып, дыбыстық, буындық талдаулар жүргізу. Мұнда буынның дауысты дыбысқа байланыстылығына көңіл аударту.
Үй жануарлары қалай дыбыстайды? Деген сұрақ қою арқылы жауаптары талданады.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суреттерді таныстырамын.
Қасқыр, түлкі, жолбарыс, арыстан.
Әр сөйлемде неше сөз барын анықтатамын.
Әр сөзде неше дыбыс бар, неше буын барына көңіл аудартамын.
Оқулықтағы суреттер бойынша оқушыларға сөйлемдер құратамын.
Мен зообақтан қасқыр көрдім. Түлкі қу аң.
Бие мен құлынның суреттеріне сәйкес сөйлемдер құрап, әңгімелеу.
Балаларға суреттерді көрсете отырып, дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратамыз.
Тақтаға сөздер жазып, сол сөздер арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстар жайлы түсінік беремін.
Жекеленген сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасатамын.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттерді боятамын.
Оқушыларға 9 - беттегі материалдарды пайдаланып сызу жұмыстарын жүргіземін.
Суреттердің атауларын сөз схемасына салдыртамын.
Жұмбақтар жасырамын.
Мынау оған керегі,
Балды жақсы көреді.
Қыс бойы жылы апанда,
Ұйықтау оның өнері.
(Аю)

Сергіту сәті

Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды



Үй тапсырмасы

Суреттермен жұмыс жасау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау фигураларын тарату

Оқушылар таңдап алады

Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Үй жануарлары (Дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын)

Сілтеме

Ғаламтор,әдістемелік құралдар

Сабақтың жабдығы

суреттер, аңдардың, үй жануарларының суреттері.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі



1. Оқушының дыбыс түрлері жайлы түсініктерін кеңейту, аңдар және үй жануарлары туралы айтып, әңгіме жүргізу;
2. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау дағдыларын дамыту;
3. Оқушыларды тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Топқа бөлу

Пазл арқылы топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындатамын.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Жемістер жайлы әңгімелетемін.

Дауысты, дауыссыз дыбыс түрін пысықтатамын.
Сөздерге дыбыстық талдау жасатамын.
Сұрақтар қоямын.
- Жемістерге нелер жатады?
- Жемістердің қандай түрлері бар?

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу



Оқушылардың өздері білетін аңдары мен үй жануарлары туралы әңгімелетемін.
Берілген суреттер арқылы аңдардың, үй жануарларының түрлерін таныстырамын.
Табиғат аясында тіршілік етіп, өз қорегін өзі тауып жейтін жануарларды аңдар дейді. Олардың жүндері қалың болғандықтан, қыста тоңбайды. Табиғатта жабайы аңның түрі көп - ақ. Олардың ішінде пайдалысы да зияндысы да бар. Қасқыр мен түлкі - жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы, сезімтал. Өздеріне керекті жемістерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
Суреттегі жануарларды, олардың төлдерін ататып, дыбыстық, буындық талдаулар жүргізу. Мұнда буынның дауысты дыбысқа байланыстылығына көңіл аударту.
Үй жануарлары қалай дыбыстайды? Деген сұрақ қою арқылы жауаптары талданады.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суреттерді таныстырамын.
Қасқыр, түлкі, жолбарыс, арыстан.
Әр сөйлемде неше сөз барын анықтатамын.
Әр сөзде неше дыбыс бар, неше буын барына көңіл аудартамын.
Оқулықтағы суреттер бойынша оқушыларға сөйлемдер құратамын.
Мен зообақтан қасқыр көрдім. Түлкі қу аң.
Бие мен құлынның суреттеріне сәйкес сөйлемдер құрап, әңгімелеу.
Балаларға суреттерді көрсете отырып, дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратамыз.
Тақтаға сөздер жазып, сол сөздер арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстар жайлы түсінік беремін.
Жекеленген сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасатамын.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттерді боятамын.
Оқушыларға 9 - беттегі материалдарды пайдаланып сызу жұмыстарын жүргіземін.
Суреттердің атауларын сөз схемасына салдыртамын.
Жұмбақтар жасырамын.
Мынау оған керегі,
Балды жақсы көреді.
Қыс бойы жылы апанда,
Ұйықтау оның өнері.
(Аю)

Сергіту сәті

Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды



Үй тапсырмасы

Суреттермен жұмыс жасау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау фигураларын тарату

Оқушылар таңдап алады

Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет