Сабақтың атауы Менің отбасым



бет5/6
Дата30.01.2017
өлшемі1 Mb.
#8418
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Оқу ісінің меңгерушісі:



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тұрмыс-салт жырлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !



Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу



Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту


Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

Өткен сабақта саған не әсер етті?



Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.

Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:



  • тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

  • дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

  • үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),

  • мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),

  • өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.

Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.

Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау

Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысы

Деңгейлік тапсырмаларды орындау


Рефлексия

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым








Үйге тапсырма

Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет