Сабақтың тақырыбы: Наурыз жырлары.
Сабақтың мақсаты: тұрмыс- салт жырлары туралы оқушылар білімдерін тереңдету, наурыз жырлары туралы түсінік беру, халқымыздың тарихына шолу жасап, оқушылар ойын, қиялын, тілін дамыту. Қазақ халқының салт – дәстүріне, әдет- ғұрпына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап, көрнекілік қолдану.
Көрнекілік: суреттер, бейнекөрініс, үнтаспа, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: музыка.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру
III. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар білімі тест тапсырмасы арқылы тексеріледі:
Ауыз әдебиетінің түрі:
а) әңгіме
ә) тұрмыс-салт жырлары
б) роман
2. Ауыз әдебиетінің ғылыми атауы:
А) фольклор
Ә) ертегі
Б) аңыз
3. Тұрмыс-салт жырының түрі
А) әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең- жырлары
Ә) табиғатқа байланысты туған өлең- жырлары
Б) тарихқа байланысты туған жырлары
4. Түлік атауы:
А) түйе
Ә) шошқа
Б) есек
5. Әдет- ғұрыпқа байланысты туған өлең- жыр:
А) наурыз жырлары
Ә) аңшылық туралы жырлар
Б) бесік жыры.
Тест жазылып біткен соң, тақтадан дұрыс жауап үлгісі көрсітіледі.
IV.Жаңа сабақ:
Мұғалімнің кірәспе сөзі:
Тұрмыс – салт жырларының ерекше бір саласын – наурыз жырлары құрайды. Наурыз мерекесі күні айтылатын жыр – Наурыз жыры деп аталады.
Наурыз қазақ халқының ұлттық төл мерекесі. Ол халықтың шаруашылық жайындағы тілегімен байланысты туған. Наурыз күнін ерекше бағалап, еңбекті, шаруашылықты қастерлеген:
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Ұлыс оң бболсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын!
Ұлыс оң болсын!
Пәле – жала жерге еңсін!...-
деп тілек білдірген.
Наурыз мерекесі, наурыз өлеңдері туралы толығырақ біліп алу үшін оқулық мәтінімен жұмыс істейік!
Оқулық мәтінімен өздері танысады. Мәтін бойынша «Эстафета» оқыта үйрену ойыны өткізіледі. Ойын шарты: сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.
Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар мәтінді оқи бастайды. Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа береді. Белгі бойынша оқушылар өздері қажет деп тапқан маңызды мәліметтерді, деректерді, мерзімдерді параққа жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады. Олар бір-бірін қайталамауы тиіс. Белгіленген уақыттан соң парақтар жиналып, тексеріледі. Білгірлер тобы анықталады.
Сөздік жұмысы. Сөздер тақтаға көрсетіледі, айтылуы, жазулуы қиын сөздермен жұмыс жүргізіледі, мағыналары түсіндіріледі:
Шарушылық жайлы тілек – пожелание
Ұлыс – улыс, племя
Пәле – жала - беда, бедствие
Жаңа күн – новый день
Игі тілек – благие пожелания
Ақ бата – благославление
Мал төлдеу – окот скота
Жыр – песня, сказание
Береке – изобилие
Ұғым – понятие
Қастерлеу – уважать
Бата беру – благославить
Құшақ қауышу – объятия
Адал ниет – чистые помыслы
Күн мен түннің теңелуі – весеннее равноденствие
Ұлыстың ұлы күні – великий день Улыса
Аққа аузы тию – попробовать молочные продукты
Шаруаның арқа – басы кеңу – чувство достатка
Мәтін мазмұны бойынша әңгімелесу:
Наурыз сөзі нені білдіреді
Бұл мереке қашан тойланады?
Бұл күнді адамдар қалай атаған?
Наурыз күнін қалай атап өткен?
Наурыз өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Өлеңдер мазмұны бойынша әңгімелесу:
Наурыз күні қандай ақ тілектер айтылады?
Наурыз тойының ерекше белгісі қандай?
Наурыз көже қалай дайындалады?
Наурыз тойында тағы қандай шаралар жасалады?
Қандай ұлттық ойындар ойналады?
Бата дегенді қалай түсінесіндер?
Батаны кім береді?
Наурыз туралы бейнекөрініс. Р Рымбаеваның орындауында «Наурыз» әні.
V.Сабақты бекіту
Оқушыларға тапсырма : Бұрынғы Наурыз бен қазіргі Наурызды салыстыру.
VI.Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау.
« Ассоциативті қатар» техникасын қолдану.
Мұғалім тақтаға «Наурыз» деген сөзді жазады. Оқушылар тақтаға жазылған сөзден пайда болған ойларын, пікірлерін, елестерін жазады. Барлығы жазып болған соң, мұғалім оқушылармен бірге жазған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде тірек сызба жасауға да болады.
VII. Рефлексия кезеңі
Оқушылар бір- біріне, жақын адамдарына арнап тілек айтады. Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
VIII. Үй тапсырмасы: өз қалаулары бойынша Наурыз өлеңін жаттап алу.
Отбасыларында Наурыз мерекесін қалай қарсы алатындықтары туралы бір-бірімен сұхбат құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |