Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат
Еңбекке баулу
|
Кабинет:
|
Уақыты:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Өсімдіктердің көбеюі
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
Өсімдіктердің көбеюінің тәсілдерін білу.Өсімдіктердің тұқымының таралу жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру.Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарларға орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,тест.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу,музыка, бейнелеу.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Баяндау, ішінара іздену, сұрақ - жауап, зерттеушілік
|
Көрнекіліктер
|
суретті үлгілер, плакаттар, буклеттер, оқулы
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Суретпн жұмыс
|
Жаңа материалмен жұмыс.
|
.Мұғалім түсіндірмесі:
Біздің елімізде өсімдіктердің түрі өте көп.Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі әр түрлі.Кейбір өсімдіктер бірнеше ай,енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді.Көбею- барлық тірі табиғатқа тән қасиет.Көбею дегеніміз - әр өсімдіктің өзі сияқты ұрпақ қалдыруы.Сол өсімдіктің санын көбейту.Өсімдік тұқымнан,түйнектен,пиязшықтан көбейеді.
2. Сурет бойынша түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс.
Сыныпты топтарға бөліп,мәтінді бөлік бойынша оқыту.Содан соң өсімдіктің көбеюінің бір тәсілі туралы бір оқушы өз еркімен әңгімелеп беруін сұрау.5-6 оқушыны тыңдау.
4.Дәптермен жұмыс.Кестені сызу.
Көбеюдің жолы Жыл мезгілі Мысалы
1.Тұқым Көктемде,қыстың қарсаңында Астықты,бұршақты,шөптер,гүлдер
2.Пияз күзде Пияз,сарымсақ,қызғалдақ және т.б.
Кесте толтырылғаннан кейін ,қорытынды жасау.
Сұрақтар:
1.Өсімдіктің көбеюінің тәсілдерін тізіп а йту
2.Өсімдіктерді отырғызатын жыл мезгілін атаңдар.
3.Көбеюдің түрлі әдістеріне мысал келтіріңдер.
ІҮ.Ой-қиял.Топтық жұмыс Тапсырма.
Осы өсімдіктің атауын және оның көбею тәсілдерін анықтау. Жұмысқа арналған материалдарды ыдыста таратамын: картоп,пияз,шекілдеуік,қысқа шыбық,бұршақ.Оқушылар талқылап бір пікірге келеді.
Жұмысқа берілген уақыт 3-5 минут
Ү.Ойын «Адасқан әріптер» Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойдырып,өсімдік аттарын таптыру
ҮІІ.Өткен такырыптар бойыша білімдерін тест арқылы тексеру.
1.Ылғалды жерде өсетін өсімдіктің тамыры қандай болады?
А) ұзын; ә) қысқа; б)биік.
2.Өсімдіктің қай мүшесі топырақтың астында жатады?
А)жапырақ; ә) тамыр; б) бұтақ
3. Өсімдіктің неше түрі бар?
А) бес; ә) үш; б)төрт.
4.Құрғақ жемістерге не жатады?
А) жүгері; ә)шие; б) өрік.
5.Ағаштардың жапырақтары қашан түседі?
А) жазда; ә) қыста; б) күзде.
6. Ағаштың сабағы қалай аталады?
А) бұта; ә) тамыр; б)дің.
|
Ой толғаныс
|
«Адасқан әріптер» Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойдырып,өсімдік аттарын таптыру
|
Үйге тапсырма беру.
|
Мәтінді оқып келу. Жүзім өсімдігінің көбею жолын әңгімелеп келу.
|
Бағалау
|
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
|
Кері байланыс
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
|
Достарыңызбен бөлісу: |