Жаңа материалмен жұмыс.
|
.Мұғалім түсіндірмесі:
2. Жаңа тақырып: Балалар, назарларыңды парта үстінде тұрған кубиктарға аударыңдар. Кубиктардағы суреттерге қараңдар, мұндағы артық суретті алып тастаңдар.
- Не байқадыңдар?
- Дұрыс, бір сөзбен ұларды не дейміз?
- Жауабы: Көкөністер.
3. Ендеше балалар біз көкөністер әлеміне сапар шегейік.
Барлықтарың назарларыңды интерактивті тақтағ аударыңдар.
Электрондық оқулықпен тақырыпты түсіндіру.
Көкөністер – бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам орнанизміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп – крахмалға, ал қызылша – қантқа бай; қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде – организмде А дәрумені түзілетін – каротин (А продәрумені көп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк – хош иісті заттарға бай.
Көкөніс шөптесін өсімдікке жатады. Көкөністер 1 жылдық және 2 жылдық болып бөлінеді.
1 жылдық көкөністер тұқым арқылы гүлдеп, жеміс береді де, күзде тіршілігін жояды. 1 жылдық көкөністерге: картоп, қызанақ, баклажан, қияр, асқабақ жатады.
2 жылдық көкөністер осы жылы тұқымға қажетті қор затын жинақтап, келесі жылы гүлдеп, жемісін береді. 2 жылдық көкөністерге: пияз, орамжапырақ, сәбіз, сарымсақ жатады.
Көкөністер жылу сүйгіш және суыққа төзімді болып келеді. Мысалы, қауын, қызанақ, қияр жылуды жақсы көреді. Ал, сәбіз, қызылша суыққа төзімді болады. Көкөністер бақшада өсіріледі.
Көкөністердің пайдасы: Көкөністер мәдени өсімдікке жатады. Біріншіден, дәрумен береді, екінші тамақ ретінде, үшіншіден дастархан көркі ретінде пайдаланылады.
Картоп түйнек арқылы, пияз пиязшық арқылы көбейеді.
Түйнек, пиязшық – қоректің заттың жиналуынан топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі.
Орамжапырақ – тығыз оралып өскен жапырақ.
Жемтамырлар – қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры.
Қияр, қызанақ жемістері гүлден пайда болады.
Көкөністердің кейбір түрін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, кейбірін көшет түрінде отырғызады.
Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады. Оны өсіретін жерді жылыжай деп атайды.
Пісіп-жетілуі ұзақ көкөністерге көшет отырғызады. Көшетті сәуір, мамыр айларынан бастап отырғызады. Оларға: қызанақ, бұрыш, орамжапырақ жатады.
Оқушылармен жұмыс. Әр топқа тапсырма беру.
1. Үстелдің үстінде жатқан қағаз қиындыларын құрастыру. (әр үстелде көкөністердің суреттері құрылады. Сол құрылған сурет топтың аты болады.)
2. Ұпайларын санап отыру.
1 – тапсырма. Әр топқа тапсырма беру.
1 – топ қызанақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).
2 – топ орамжапырақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).
3 – топ сәбіз туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).
4 – топ картоп туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).
2 – тапсырма. Жұмбақтар сайысы. Әр топ бір-біріне жұмбақ жасырады.
3 – тапсырма. Көкөністер мен жемістерді ажырату. Флипчартта орындау.
4 – тапсырма. Графикалық тақпақ жаттау.
Бақшасында атамның
Көкөністер көп екен
Теріп, жинап аламыз
Себеттерге саламыз
Пияз, картоп, қызылша
Түйнек, сәбіз, қызанақ
Орамжапырақ қиярлар
Жалқан болса тағы бар.
|