Сабақтың атауы Өзбек билері Сілтеме Ән оқулығының әдістемесі



бет4/5
Дата04.07.2018
өлшемі1,5 Mb.
#46503
түріСабақ
1   2   3   4   5


14 -сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Жұмсақ ойыншықтар жасау




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Мақсаты : Оқушыларға «Ат» ойыншығын жасауды үйрету. Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: ат панносы.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, мата, мақта (синтепон), ине, жіп, қайшы, оймақ.




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту







Мағынаны тану


а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен Ат ойыншығын жасаймыз. Ол үшін 1. Суретке қарап отырып, ат кеудесі мен оның ұсақ бөлшектерінің қалып үлгісін дайындаймыз.

2. Бір түсті қалың мата бетіне ат кеудесінің қалып үлгісін түйреп, бормен жан-жағын сызып, сызық бойынша қиямыз. Ал құйрығы, жалы мен қалған ұсақ бөлшектерінің пішінін басқа түсті матадан қиып аламыз.

3. Сонда кеудесіне екі бөлшек, ауыздығына екі бөлшектен төртеу, құйрығына екі бөлшек, жалына екі бөлшек, әшекейлеріне бірнеше бөлшек, тұяғына екі бөлшек, көз айналасындағы жұлдызшаға екі бөлшек мата керек.

4. Алдымен матаның теріс бетінен кеудесінің екі бөлшегін бір-біріне беттестіріп көктеп тігеміз. Ішіне мақта не синтепон толтыру үшін бір жағын тікпей қалдырамыз. Одан кейін тігілмеген жағынан оң бетіне айналдырамыз. Ішін мақта, синтепонмен толтырып, тігілмей қалған бөлігін тігеміз. Енді қосымша бөлшектерін тігеміз. Олар: жалы, құйрығы, көз айналасындағы жұлдызша, ауыздықтары, тұяғы мен әшекейлері. Қосымша бөлшектерін «Құс» панносын тіккендегідей әдіспен орындаймыз.

ә) Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.





Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Панно жасау барысында қандай тігістерді қолдандыңдар ?




Үй тапсырмасы

Ат ойыншығын аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс





15 - сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Сабаннан жасалған панно




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Оқушыларға табиғи материалдар туралы түсінік беру, олардан жасалатын бұйымдар, оларды кептіру жолдарын ұғындыру, сабаннан панно жасауды үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту.Әдемілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: әр түрлі кепкен өсімдіктерден жасалған паннолар.

Қажетті материалдар мен құралдар: кептірілген сабан.





Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту


а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. жатады. Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебана, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды.Қандай да бір бұйым жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет.Ол үшін қолданатын материалды тазалап, кептіріп алады. Кептіру жолдары әр түрлі. Мысалы «икебана» жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап, іліп қояды.Сабаннан бұйым құрастыру үшін оның ұзындығын бірдей етіп кесіп алып, панно жасауға болады.Сондай-ақ әр түрлі дән, жаңғақ, бүрлермен жануарларды, құстарды, көбелектерді,т.б.бейнелеп, ерекше композиция құрастыра аламыз. Бүгін сендермен сабаннан панно жасап үйренеміз.






Мағынаны тану





Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:



«Табиғат көрінісі» панносын қағаз бетіне саламыз.Сурет үстіне калька қағазын қойып, суретті айналдыра сызып көшірмесін калька бетіне түсіреміз. Дайын болған сабанның ішкі бетіне ПВА желімін жағып, калька бетіндегі сурет бейнесіне қатарлап жапсырамыз.Суретті сабанмен толық желімдеп шығамыз. Суретті сабанмен толық жапсырмалап болған соң, желімді кептіреміз. Кепкеннен кейін сурет бейнесін калька қағазының екінші бетінде көрініп тұрған сызықтары бойынша қиып аламыз. Қиып алынған бейнені панно негізіне калька қағазы жағына желім жағып, екінші рет желімдеу технологиясын орындаймыз. Нәтижесінде «Табиғат көрінісі» панносы дайын болады.




Үй тапсырмасы

Сабаннан панно жасап үйрену

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс




16 - сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Панно жасау. Қажетті материалдар.




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Оқушыларға « Құс» панносын жасауды үйрету; Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: әр түрлі паннолар. Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата, қатырма қағаз, мақта немесе паролон, түйме, бау, желім, қайшы.




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту

1.Панно деген не?2. Тігістің түрлерін еске түсірейік.





Мағынаны тану


а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен «Құс» панносын тігеміз. «Құс» панносын қолдан тігіп сыйға тартуға немесе ине шаншитын жастықша ретінде пайдалануға болады.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей

ә) Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.Жұмыстың орындалу реті:

1. Құс панносының қалып үлгісін дайындау үшін қатырма қағазға құстың кеудесін қарындашпен сызып, қиып аламыз.

2. Екі қабатталған матаның бетіне қалып үлгіні қойып, бормен айналдыра сызамыз да, сызық бойынша қиямыз. Ішіне мақта немесе паролон салу үшін бір бөлігін тікпей қалдырып, қалған бөлігін теріс бетінен көктеп тігеміз. Содан соң оң бетіне аударып, кеудесін мақта не паролонмен толтырамыз. Тігілмеген бөлігін тігеміз.

3. Матадан құстың қанатын қиып алып, кеудесіне желімдейміз. Қызыл түсті матадан айдарын дайындап, құстың басына желімдейміз не тігеміз.

4.Ал қосымша бөлшектерін суреттегідей етіп жапсырамыз.

5. Көзіне түйме, ал кеудесіне іліп қою үшін бау тігеміз.





Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Қорытындылау. Панно қандай бөлшектерден тұрады? Өз қолыңмен жасаған панноңды кімге сыйлар едің? Құс панносына қандай тігіс қолдандың?




Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс





17- сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Кептірілген өсімдіктермен жұмыс түрлері Гүл шоғын жасау




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Оқушыларға гүл шоғын құрастыруды үйрету.Ой-өрісін, қол икемін дамыту.Әдемілікке,эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру Көрнекілігі: икебана Қажетті материалдар мен құралдар: қыш ыдыс, кептірілген гүл шоқтары.






Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту


а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Өсімдік түрлерінен құрастырған гүл шоғы өнерін «икебана» деп атайды. Бұл өнер түрі Жапонияда пайда болған. Икебананы кепкен жапырақтан, шөптен, тал бұтағынан, гүл күлтелерінен құрастырады.






Мағынаны тану


1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2. Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Гүл шоғын жасау. Олардың әсем жасалуына көңіл бөлу, қадағалау.






Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Икебана (жапон. 生け花 немесе жапон. いけばな икебана, «ике» — тіршілік, «бана» — гүлдер, дәлме-дәл «тірі гүлдер») — гүлдер мен басқа да өсiмдiктерден әсемдеп гүл шоғырын жасайтын дәстүрлі жапон өнер түpi.




Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс





18 - сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Гүл шоғын құрастыру




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Сабақтың мақсаты; міндеті; Оқушыларға қағаздан гүл шоғын дайындау әдісін үйрету.
Эстетикалық ойлау, көзбен көру қабілетін, қол шеберліктерін және жұмыс орынды дұрыс ұйымдастыруды дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дайын гүл шоғы.
Сабақты қажетті құрал жабдықтар: гипс, қатырма қағаз, қайшы, жіп, сым, бояу, қылқалам.




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту


Ал, қазір біз мынадай гүл жасаймыз. (дайын гүл шоғын көрсету) Ол үшін: көк, жасыл түсті қатырма қағаз, қайшы, гипс, сым, акварель немесе гуаш, қылқалам қажет.
- Жұмыс орны дайын ба?
- «Көктікен» гүлі бес бөліктен тұрады.
1.- Гүл күлтесі.
2 - гүл ұрығы.(аталығы)
3 - сабағы.
4 - жапырағы.
5 - гүл.
Көктікен гүлін дайындаудың реті:
1. Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз.
2. Дөңгелектерді суреттегідей етіп әрлейміз.
3. Өсімдіктің аталығын жіңішке сым темірден жасаймыз.
4. Аталық табиғи түрге ұқсас болу үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне саламыз.
5. Содан кейін барлық үш дөңгелекті гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кигіземіз.
6. Сабақты жұқа жасыл түсті қағазбен ораймыз.
7. Жапырақ сабаққа жіңішке сыммен бекітіледі.




Мағынаны тану


Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік техникасын сақтайық.
1. Қауіпсіздік техникасын сақтай біл.
2. Қайшыны қасыңдағы оқушығаа сілтеме.
3. Қайшыны ашық тастама.
4. Сабақ соңында жұмыс орнын жинау.




Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Бір гүл толып ашылады, 
Бір гүл солып ашылады.

Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас. 

Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса. 

Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар. 

Гүл қайда болса көбелек сонда. 

Гүл өмір қызығы. 

Гүл өссе жердің көркі, 
Қыз өссе елдің көркі.

Гүл сабағымен қадірлі, 


Ас табағымен қадірлі.

Гүлсіз болса жер мұнды, 


Күлкісіз болса ел мұңды.

Гүлсіз бұлбұл үнсіз. 

Гүлсіз жапырақ тұл, 
Көксіз топырақ тұл.

Гүл табылады, мал сатылады. 






Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс




19 - сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Әр түрлі табиғи материалдардан композиция құрастыру




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Оқушыларға табиғи материалдарды пайдалана отырып «Алтын күз» панносын жасату. Ой-өрісін кеңейту, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: арнайы дайындалған паннолар. Қажетті материалдар мен құралдар: асқабақ тұқымы, тары, жаңғақ, ПВА желімі, сары түсті қатты қағаз, кеңсе пышағы, қарындаш, акварель бояуы, қылқалам.




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту

Күзде жеміс-жидек пісіп, ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күн сәулесі де азаяды. Күз көрінісін өзімізше бейнелеп көрейік.




Мағынаны тану


1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1. Ең алдымен күз көрінісін өз қалауымызша сары түсті қатты қағазға бейнелейміз.

2. Жұмысқа қажетті табиғи материалдарды дайындап аламыз. Асқабақ тұқымын екіге жарып, дәнегінен ажыратамыз. Жаңғақты да жарып, дәнегін ұсақтап бөлеміз. Сондай-ақ тары, арпа дәндерін де панно жасауға пайдаланамыз.

3.Табиғи материалдар түсіне қарай желімделеді. Ағаш діңін ұсақталған жаңғақпен, жапырақтарын асқабақ тұқымымен, күздің түсін, яғни ағаштың жан-жағын тары, арпа дәндерімен желімдейміз.Ағаш бұтағындағы қарға мен жердегі қоян бейнесін де табиғи материалдардан орындаймыз.

4.Табиғи материалдарды желімдеп болған соң, акварель бояуын қолданып,панноға қосымша өң береміз.Осылайша «Алтын күз» панносын табиғи материалдарды қолдану арқылы жасап шығамыз.





Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Неге күзді алтынға теңейді?

Табиғи материалдарды қай мезгілде жинайды?

Ағаш діңіне, жапырағына қандай табиғи материалдарды пайдаланасың? Акварель бояуын не үшін қолдандың?





Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс



20 - сабақ



Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Себет тоқу технологиясы




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Қағаздан тоқылған себеттер




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Оқушыларға әртүрлі материалдарды қолданып себет тоқу түрімен таныстыру. Ой белсенділігін,сауаттылығын меңгерту. Еңбекқорлыққа,білімділікке тәрбиелеу.




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту





  • Суреттен неі көріп тұрсыңдар?

  • Қандай мтаериалдан тоқылған деп ойлайсыңдар?

  • Сенің қолыңнан келе ме?




Мағынаны тану


Оқулықтағы тапсырмаларды оқу.

Сұрақтарға жауап беру.

Шығармашылық тапсырма:

1-топ


Себет не үшін керек?

2-топ


Себетті неден жасауға болады?

3-топ


Себетке ұқсайтын тағы қандай бұйымдарды білесіңдер?




Сергіту сәті

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Ер дәулеті — еңбек.
 
Келген дәулет,
Кеткен бейнет.
 
Ер еңбегіне бір тойсын.
 
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
 
Қолы қимылдағанның
Ауызы қимылдар.
 
Еңбегіне қарай, өнбегі.
 
Жас кезімде бейнет бер
Қартайғанда дәулет бер.
 
Еңбек ерлікке жеткізер.
Ерлік елдікке жеткізер.
 
Еңбек ет те, міндет ет.
 
Көп еңбегі — көңілді.
 
Еңбегің сайлы болса,
Ішің майлы болар.
 
Еңбек ет те мақтан,
Ойнап-күл де шаттан.




Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс



21 - сабақ



Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Өздік жұмыс




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Оқушыларға өз бетінше іс-әректе жасауға ыңғай жасау. Еңбекқолыққа, зейінділікке тәрбиелеу. Сауаттылығын шыңдау.




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту


Мақалдың мағынасын түсіндір

Елің сені елесе,


Еңбегіңнің жанғаны,
Елің сені шенесе,
Көз қырына алғаны.
 
Мал өсірсең мол өсір,
Кеңейтеді пейіліңді.
Еңбек етсең — көл көсір
Қандырады мейіріңді.
 
Еңбек ет те, егін ек,
Жарымасаң маған кел.
Белді бу да бейнет қыл,
Байымасаң маған кел.
 
Еңбекте қорлық жоқ.
Шындықта зорлық жоқ.




Мағынаны тану


Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сұрақтарға жауап беру.








Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Өрнектеп, сәндеп,
Тiгiстерiн бүгетiн.
Солпысын жөндеп,
Кiм көйлек тiгедi?
(Тiгiншi)
Жалтылдап қалағы,
Салатын кiм қаланы?
(Кiрпiш қалаушы)
Оның тiккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемiлеп баптайды.
(Етiкшi)
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
(Аспаз)
Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтiнге,
Тайсалмайтын батыл кiм,
Жасқанбайтын батыр кiм?
(Өрт сөндiрушi)
Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.
(Шаштараз)




Үй тапсырмасы

Жұмыстарын аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс




22- сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Ұлттық киімдер туралы мәліметтер. Баскиімдер жасау




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Білімділік: оқушыларға ұлттық киімдер туралы түсінік беру, олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың сабақ барысында халықтың өнерін, салт - дәстүрді бағалай білуге, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақ көрнекілігі: слайд, ұлттық киімдердің суреттері, түрлері




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Қызығушылықты ояту


Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын - сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу). Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.




Мағынаны тану


Бас киім
Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр баса. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, мұрақ(айырқалпақ). Оларды теріден, аң терілерінен, тыстық маталар сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, сәукеле, желек, шәлі бүркеніш, т. б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал тақия, құндыз бөрік, шошақ бөріктер ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.
Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғыңа қарайды, дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім өтінгенде, аяққа жығылғанда бас киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап аһ ұру да осы бас киімді қастерлеуден туған. Қысқы, жазғы бас киімдер бір бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім бір белек болып түрліше тігілетін. Тымақ пен бөрікті көбінесе елтіріден, сеңсеңнен, лақ терісінен, пұшпақтан т. б. мал терілерінен жасап тыстайды, арасына жүн салып сыриды. Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстаған.
Тымақ — қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай киізден құралып, шошақ болып келеді.

Бөрік - қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң терісінен және жас төлдің етірісінен тігеді. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық), төрт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді, етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке - жеке сайларды біріне - бірін өбістіріп ішінен де, сыртынан да жөрмеп тігеді. Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа, т. б.) тыстайды. Бөріктің іші қанша сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарланып тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді.
Тақия - ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матамен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.
Айыр қалпақ - ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады). Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді. Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі. Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді. Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді. Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр - қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр
Сәукеле - әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлері киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сәукеленің негізі оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығын асыл матадан істеледі. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді. Кейде батырлар да осындай, сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киетін.
Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Әдетте кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс - жайын, тіпті жүріс - тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан - алуан. Олар көбіне рулық - тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.
Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, ағыл, ақық, шырымтал, меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Әрине, олар да әйелдің жас мөлшеріне, алеуметтік орнына орай тағылған. Кимешек пен оның алдыңғы өңірі ою - орнексіз болмаған. Кимешектің егде және қартаң тартқан әйелдер киетін қарапайым түрлерін шылауыш, күндік деп атайды. Аса қарт бәйбішелер шалма да киетін.
Әйелдердің ақ матадан жасаған бас киімінің жалпы атауы — ақ жаулық. Ақ жаулық апаларымыздың ақ ниетінің, иманжүзділігінің, кіршіксіз, адам табынарлық мөлдір мінезінің де белгісі еді.




Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


Бас киімді қағаздан жасап үйренейік






Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады




Кері байланыс





23- сабақ

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Абашова Г

Сабақтың атауы

Сәукеле тігу




Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Баскиім түрлерімен танысу оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының салт- дәстүрін басқа ұлыттар арасында кеңінен таратып дәріптеу.

Білімділік: сәукеле тігіп үйрену, үлгісін дайындай білуді жетілдіру.

Дамытушылық:сәукеленің тігу әдісін үйрету, өнерге қызығушыығын арттырып, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: әсемдікке баулу, өнерге, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу, информатика



Сабақтың түрі: аралас, сарамандық

Көрнекіліктері: ұлттық баскиім түрлері ерлер, әйелдер баскиім буклеті, слайд.

Қажетті құралдар: сәукеле үлгісі шаблон, комьпютер, сантиметрлік таспа, мата, ою, қағаз бор, қайшы.






Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






Үй тапсырмасын сұрау

I.Ұйымдастыру кезеңі: а.оқушылардың сабаққа көңілін аудару.

б. жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал – жабдықтарын тексеру.



в. Қауіпсіздік ережесі және санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау.

II. Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.

  1. Матаның адам ағзасына экологиялық әсері дегенді қалай түсінуге болады?

  2. Табиғи маталардың пайдасы неде?

  3. Өлшемдер қалай алынады?

  4. Синтетикалық бұйымдар адам ағзасына қандай әсерін тигізеді?

  5. Әр ұлттың киімдерінде өзгешелік бар ма?




Қызығушылықты ояту







Мағынаны тану


(Слайд көрсетіліп мұғалім баяндап береді)Балалар бүгін біз сабақта сәукеле пішіп, тігуді үйренеміз.Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген.Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің өзіне сай экологиялық , эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата – аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған.Баскиімді екі түрге бөлген ерлер және әйелдер. Ерлер: тымақ, бөрік, айырқалпақ, тақия малақай, сәлде киеді. Әйелдер баскиімі – сәукеле, кәмшәт бөрік, қасаба, киімешек, шылауыш.

Тымақ - екі бөліктен тұрады, төбесі төрт сай, шеті бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған. Жылы әрі сәнді аязда киеді.

Айырқалпақ – ақ кигізден немесе драптан өрнектер салынып тігіледі.

Бөрікті бала жігіттер, орта жастағы адамдар киген екі бөліктен тұрады. Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен жұрындалады. Әйелдер баскиімі мен қыз бала баскиімі арасында айырма бар. Қасаба – тақия тәрізді желкелігі ұзын қасабаны қас сұлулар киген.

Кимешекті – егде жастағы әйелдер киген, бет жақтауы кестеленеді, тазалыққа жылылыққа жақсы.

Сәукелені – қалыңдықтар, жас келіншектер киген оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Қазақ халқымыз сәукелені күні бүгінге дейін қолданып келеміз. Сонғы кездері үйленген жас жұбайлар үйлену тойында қазақтың ұлттық киімін киетін болған.

Келін болып түскенде үйленгенде киетін сәукеленің тігу әдісімен танысамыз.

Сәукелені бірнеше жолмен 4,6,8 сай болдырып тігуге болады. Үстіңгі матасы және астары жеке – жеке пішіліп тігіледі де біріктіреді. Астарлық мата саржа, атлас, шытты пайдаланады. Слайттан дайын сәукеле үлгісін көрсетеміз.

АОВ үшбұрышын сызамыз, биіктігін сәукеленің басқа киетін өлшеміне негіздей өлшеп аламыз.

Ұшбұрыштың әр бір бұрышы АО=90, ОВ=90 болады. АВ бұрышын өз ара қосқанда О бұрышы өзі қабатталып қосылып тігіледі. Бұл бұрыштарын қосып тікпес бұрын сыртқы матасына өрнектер тігіп және астарлап дайындап аламыз.

Оқушылар дәптерлеріне белгілеп алады.

а. шаблон бойынша үлгіні үстінгі және астынғы бетін бастыру.

ә. сызық бойынша қию

б. ою - өрнектер тігу немесе жапсыру

в. жиегін біріктіру, төбесі бірге бірігеді

г. сәндік бұйым енгізу






Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады






Ой толғаныс


IV. Сарамандық жұмыс.

1.Шаблон үлгіні пайдаланып сәкелені пішіу.

2. Пішілген сәукелеге дайын оюды жапсыру.

3. Астарын қосып тгу

4. Сәукелені біріктіріп тігу

5. Моншақтармен безендіріп, желегі мен үкісін қадау.



V. Оқушылардың жұмыстарына қарап сабақты бекіту мақсатында «сымбат» сөзжұмбағын шешу.

1. Қалыңдықтың баскиімі

2. Кигіз үй жабдығы

3. Кигіз үй жиһазы

4. Әйел киімі

5. Талшық түрі



6. Жан – жануарлар тектес ою - өрнек.
.

С

























Ы
















М













Б

























А






















Т


















Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады



 Бағалау

Жасаған сәукеленің сапасын тексере отырып, өте жақсы жасаған жұмыстарды марапаттап, жетістіктері мен кемшіліктерін айтып, жалпы сабаққа қорытынды жасап оқушыларды бағалаймыз.

Парақшаларды толтырады



Кері байланыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет