Сурет бойынша жұмыс:
Тақтаға сурет ілініп, сөйлемдер құрату.
Тыныс белгілерінен көрініс көрсету.
Нүкте мен нүкте
Нүкте:
Ей, кішкентай ғана нүкте! Сенің керегің жоқ-ау түкке! Керек болсаң айта қойшы, Сырыңды меннен бүкпе.
Нүкте:
Мен сөйлемнің соңында тұрамын. Солында емес оңында тұрамын. Сөйлемдердің жігін ажыратып, Кідіріс белгісі орнында тұрамын. Тиянақты ойдың біткенін білдірем Сөйлем соңына таман. Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем Маған кідіріп дем алсаң, Мен емеспе, сөз арасын бөліп тұрған.
Сұраған мен сұрау белгісі
Сұраған:
Аузыңды ашып сұрайсыңда тұрасың, саған осы не керек?
Сұрау белгісі:
Маған ең алдымен
Сұраулық шылау керек,
Олар жазылуға тиіс бөлек.
Екіншіден,
Сұрау есімдіктері керек.
Олар қатысқан сөйлемдер соңында
Ойлашы өзің не керек?
Киноға барамысың?
Жаңа газет аламысың?
Деген секілді сөйлемдерде
Кей оқушы сен секілді.
Тыныс белгі қоймай кетеді.
Өзің айтшы білсең,
Осылардың соңында Қандай белгі келеді?
Дауыс ырғағында ескер деймін,
Жазғаныңды үнемі тексер деймін.
Мұны білмесең бала,
Онда ісің әлі шала.
Леп белгісі мен Ілебай
Ілебай:
Сен осы неге айқайлай бересің?
Сөйлемге қандай мағына бересің?
Жөн-жосығыңды түсіндірші,
Жазуда қандай жерде келесің?
Леп белгісі:
Мен ылғи айқайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білмеймін.
Кейде өкініп ренжісем де,
Көбінесе – ақ, көтеріңкі көңілді жүрем.
Әр істің көңіл-күйін білдіріп,
Табысымызға таңданып,
Шаттана күлемін.
Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,
Сондай сөйлемдердің соңында келемін.
Үтір мен Үміт
Үміт:
Жүрмейтін жерің жоқ,
Тұрмайтын орның жоқ.
Кез-келген жерге киліге кетесің,
Кейде тіпті көрінбей қалып,
Бар-жоғыңды білдіртпей кетесің.
Сөйтіп мені әуре етесің,
Жазуда мені шатастырып,
Енді ыржың-ыржың етесің.
Үтір: Бірыңғай мүшені білемісің?
Үміт: Жоқ, Білмеймін.
Үтір:
Жоғары сыныпқа барған соң,
Көбірек білесің.
Бірыңғай мүше бар жерде
Мен көбірек жүремін
Қаратпа мен қыстырма
Ілесе жүрем солардың
Алды-артына қыстырыла.
Құрмалас сөйлем мен,
Оңашаланған мүше.
Міне, шырағым, өкпелі қыз,
Мен көп тұратын жерлер.
|