Сабақтың атауы Сөйлеу Көзге көрінбейтін бала Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет2/65
Дата02.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#45432
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65

Оқу ісінің орынбасары:


Пәннің аты Ана тілі

Уақыты:8:35

Кабинет:1 «А»

Мұғалім Н.Ибраимова

Сабақтың атауы

Сөйлеу Мақал-мәтел

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Кірістірілген модульдер

Сабақтың түрі:
Сабатың әдісі:


Көрнекілігі:
Ұйымдастыру кезеңі

Білімділік: Кітап - білім көзі, сенімді серігі екенін ұғынады. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы және кітапхананың мәдени ағарту, ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсінеді.Мақалдармен танысу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін артады. Өз пікірін дәлелдеуге, талдауға, ойларын тұжырымдауға үйренеді.
Тәрбиелік: Оқулықты құрметтей білуге ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сыни тұрғыдан ойлау

топтық
ой шақыру, топтастыру, сұрақ қою қайтадан сұрақ қою

Мақал-мәтелдер

Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік



Психологиялық ахуал

Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбек етіп жұмыла
Беске қолды жеткізу


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру

Туған тілім

Жатқа айту

Қызығушылықты ояту

оқуды, жазуды ертегі, мысалдарды, мағлұматтарды, қоршаған дүниені, асыл сөздерді
- Кітапты неден жасайды?
- Мақалдың қандай түрлері бар?
- Ең алғашқы оқулық не деп аталады?
-«Қызыл кітап» дегеніміз не?
Ал біз осы мақалдарды қайдан аламыз?

Мағынаны тану

Мақал-мәтелдерді түсініп оқу.Мақал-мәтелдердің ішінен тіл,сөйлеу туралы айтылғандарын көшіріп жазғызу.Суреттерге қарап, әрқайсысының көңіл-күйлерін анықтау.

Сауатты,қатесіз оқу.Түсіну.Көшіріп жазу.

Суретпен жұмыс жасау.



Сергіту сәті

Кітапта алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.

Ой толғаныс

Кітапты күту ережесін құрып жаз.
Кішкентай кітапханашылар рөлін ойнау (корточкалар толтыру).
8 - наурыз «Аналар мерекесіне» өлең құрастыру
Тірек сөздер: анашым, данасың, әлпештеген, адамсың
Қорытынды:
Ұйқасын тап
Оқулығың --------------- баса алмайсың
Жағар білім ------------------ бір адым
----------------- ешқашан құралың
Онсыз алға --------------- шырағың
- Кітапханада кімдер кызмет көрсетеді?
- Кітапханада қандай ережелерді сақтау керек?
Мақал-мәтелдер бізге өте қажет.Әрбір мақалдың өзіндік түсінігі бар.Мақалдар бекер айтылмайды.

Үйге тапсырма

Мазмұндау,автор туралы мәліметтер жинақтау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:


Пәннің аты Ана тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Дыбыс және әріп Қыс

Мақсаты

Күтілетін нәтиже


Кірістірілген модульдер

Әдіс - тәсілдер:

Көрнекі құралдар:

Түрі

Ұйымдастыру кезеңі

Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл - ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Сыни тұрғыдан ойлау

Түсіндіру, сұрақ - жауап.
суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.э

Жаңа сабақ


Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Психологиялық ахуал

- Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға, ата - анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан - жағымызға күлкі сыйлайық.
Олай болса кел, балалар күлейік!
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытқан не керек
Күліп өмір сүрейік!


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру

Мақал-мәтел

Айту

Қызығушылықты ояту

Қырық қырықтықшы
Қырық қырықтықпен
Қой қырықты
Осы жаңылтпаштағы сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталады?
Олай болса бәріміз Қ дыбысын көркем жазамыз.
- Оқушылар бізге не естіліп тұр?
- Дыбыс. Мысалы менің айтқанымды дыбыс арқылы естіп тұрмыз.
- Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс - әріптердің ауызша естілуі.
- Әріп дегеніміз не? Әріп – дыбыстың жазбаша таңбалануы.


Мағынаны тану

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқыту
Сұрақтарға жауап беру
Сөздік жұмысын түсіндіру
Ережеге тоқталу

10-тапсырманы дәптерде орындау



Мәнерлеп оқу
Жауап беру
Қылаулатқан,Мүсін,Қызыл шұнақ қызыл

Сөз дыбыстан құралады.Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады.Дыбыстарды айтамыз,естиміз.Әріптерді көреміз,жазамыз.



Күн,қыс,қар,мүсін,балалар,айна

Сергіту сәті

Сөздік ойын «Қарама – қарсы сөздер»
Мен «жоғары» десем, сен........
Мен «төбе» десем, сен.......
Мен «үлкен» десем, сен.....
Мен «алыс» десе, сен.....
Мен «биік»десем, сен.....
Мен «ауыл» десем, сен......
Мен «құрғақ» десем, сен.....

Ой толғаныс

Көңіліміз ақ,
Қуанатты шақ.
Жерге қонды ұшақ,
Қарсы ал, жайып құшақ.
Қарамен жазылған сөздерді неше дыбыс, неше әріп бар?
Сөздердің мағынасы өзгерді.
Ақ - шақ - ұшақ - құшақ
Тағы да қандай әріп жалғасақ басқа сөздер пайда болуы мүмкін?
Ақ - шақ - ұшақ - құшақ
Сөздерге әріптер қосылған сайын, мағыналары өзгере береді, жаңа сөз пайда болады.

Үйге тапсырма

Мазмұндау,автор туралы мәліметтер жинақтау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет