Тексерілді:
Пәннің аты Ана тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар Жылыжайда
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Кірістірілген модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
|
Жуан және жіңішке дыбыстарды қайталау арқылы жуан және жіңішке айтылатын сөздерді анықтау.Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді оқу, жазу, құрастыру, салыстыру.
Ойлау, сөйлеу, оқу, жазу , сөз және сөйлем құрастыру қабілеттерін дамыту.
Пәнге деген қызығушылықтарын артыру.Бір-бірімен жұмыс жасауға баулу.
Сыни тұрғыдан ойлау
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі:оқулық
Түрі:аралас сабақ
Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Пингвиндер неге ұша алмайды?
|
мазмұндау
|
Қызығушылықты ояту
|
Шәкiрт кездегi,
Бiлiмнiң безбенi. (Баға)
Басында аздың ақылы,
Селқостардың жақыны. (Бiрлiк)
Жалқаумен бiр жүретiн,
Құдды қармақ iлетiн.
Жоламайды зерекке,
Сабақтарын бiлетiн. (Екiлiк)
|
Мағынаны тану
|
Тілдің қатысуына қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, е,э, і, и, у.
Жылыжайда өлеңін оқу
Сөздік жұмысы
40-тапсырма
41-тапсырма
|
Өлеңмен танысу
Сөздік жұмыс
У дыбысы қалай естілетінін байқа.
Ребусты шеш
|
Сергіту сәті
|
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
/Б.Бөрiбаев/
|
Ой толғаныс
|
Ән айту
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр ақ мамам
Өзің маған мият-күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ маманың айқайы
Айналайын сияқты
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
|
Үйге тапсырма
|
Ережені жаттау.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Тексерілді:
Пәннің аты Ана тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Мазмұндама Мойнақ
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Кірістірілген модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білім-білік дағдыларын бақылау. Қатесіз,түсініп жазуға үйрету.
Сыни тұрғыдан ойлау
Әдісі:өзіндік
Көрнекілігі:мазмұндамалар жиынтығы
Түрі:бағалау
Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Жаңылтпаш айтып жаттығайық
Заңгер меңгергенді,
Дәрігер меңгере ала ма?
Дәрігер меңгергенді,
Заңгер меңгере ала ма?
***
Түсіне дүрбі кірген,
Қарға мойнына дүрбі ілген.
Дүрбіні бір күн ілген,
Бір күн ілмеген.
***
|
Мағынаны тану
|
Мойнақ тақырыбына мазмұндама жазу
|
Қатесіз,сауатты,таза жазу
|
Сергіту сәті
|
Қанша қап?
Үйге жұмсап Жарқынды,
Алдырдық біз үш түйе.
Қос қап бидай артылды,
Әр түйенің үстіне.
Тапқыр болсаң, ал санап,
Бидай алдық қанша қап?
|
Ой толғаныс
|
Басына биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.
Ат мінген бұл екеуі жүгендемей,
Дүниені кетпекші емес түгендемей,
Астында екеуінің аты бар,
Құрығы шолақ болған бөгендемей.
(Жыл, жаз, қыс)
Келеді үлкен алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып,
Отыздан әр бірінде саусағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.
(Жыл, он екі ай, отыз күн)
Жерде жоқ, көкте жоқ,
Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі-ащы,
Біреуі-тұщы.
(Он екі ай, жаз бен қыс)
|
Үйге тапсырма
|
Қайталау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |