Білімдік: Мәтін туралы алғашқы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға үйрету, мазмұнын ашу, мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу, оларды айыра білуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Пайдалы өсімдік туралы түсінік беру, адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Тәрбиелілік. Өсімдіктің пайдасы жайлы айтып, оны күтуге, жалпы туған жердің табиғатын қорғауға баулу.
Түрі: аралас
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: әртүрлі үлгі сөздер,
Әже. Мейірімі-жел жібек,
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
Құлыным деп құшады.
Жіңішке айтылатын сөздерді теріп жазыңдар.
Мағынаны тану
Нағашы– туыстық атау. Шешесінің төркіні балаларына нағашы болады. Әже төркіні немересіне түп нағашы делінеді. Қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша нағашы мен жиен арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар бірін-бірі күндемейді, араларында бақталастық, қызғаныш болмайды, өзара әзілдесіп қалжыңдасады. “Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды” деп, жиендерін барынша еркелетеді. “Балалығың ұстаса нағашыңа бар” деген мәтел соны меңзейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында нағашының жиенге қарағанда жолы үлкен болады. “Нағашы-мен күрескен жиен жығылады» деген мәтел бар.
Мәтіннің үш бөлімі болады:
Басы
Негізгі бөлімі
Соңы
Ереже
Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
Оқушылар сөйлем, сөйлем түрлерімен танысады. Сөйлемдерді тыныс белгілеріне қарай ажырата алады.
Міндеті: 1. Мазмұнына байланысты міндет:
Тапсырмаларды орындату арқылы сөйлем түрлерін табады.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:
Оқушылардың ой-өрісі артады, өзара пікір алмасады.
3. Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді.
Сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың түрі: Жаңа оқу - материалдарын оқып –үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: Тірек сызба, деңгейлік тапсырма,
топтастыру, еркін жазу, түсіндіру, ойын, кезекпен қайталау т.б
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, топтық тапсырмалар, суреттер
Амандасу,түгендеу
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасы
Нағашы жұрт
Мазмұндау
Қызығушылықты ояту
Терме диктант. Жер бусанып,көк шығып,
Арықтарда су ақты.
Бүрлеп өсіп көк шыбық,
Жұтып жатыр шуақты.
Өлеңнен бір буынды сөздерді бірінші бағанға,екі буынды сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.