2-ші топқа: графиктік есеп: Төмендегі суретте массасы 2 кг мұздың балқуы мен судың қайнау графигі көрсетілген.
Графиктің АВ, ВС, СД, ДЕ, ЕF бөліктері қандай процестерге сәйкес келеді?
Осы бөліктердегі молекулалардың кинетикалық энергиялары қалай өзгереді?
АЕ бөлігіне қандай жылу мөлшері қажет?
Есеп: Температурасы 00С массасы 10 г суды қайнағанға дейін ысытып, одан әрі оны толық буға айналдыру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?
Көрермендермен ойын. «Кім көп біледі?»
1. Ол бұл қозғалысты суда қалқыған өсімдіктерді бақылай отырып ашқан. Ол қандай қозғалыс және судың жағасындағы адамның есімін ата.
2. Бірі әшекей, бірі оқ бола алады. Тағдыр қосса бес жылдан кейін олардың 5 мм тереңдікке дейін бір бірімен бауырласқанын көруге болады екен. Бұл қандай заттар және қандай құбылыс?
3 – гейм. «Физикалық құбылыстар құпиясы». Өлең жолындағы құбылыстың мағынасын түсіндіру
Найзағай
Бұлтты аспанның жүзінде,
Найзағай неге ойнайды!
Байқап тұрсаң түбінде,
Жаңбыр жаумай қоймайды.
Жауабы: От ойнатқан бұлтты аспан жүзінен,
Разряд әр текті, зарядтардан түзілген.
Күкіреген көкте тынбай гүрілдеп,
Ашылады күн шыққан соң күлімдеп.
Жаңбыр
Көк аспанның төрінде,
Бұлттар жүзіп барады.
Күн күкірі тегін бе,
Жаңбыр неге жауады?
Жауабы: Булану, конденсация есебінен,
Көктен жаңбыр жауады дер едім мен.
Ауаның да біркелкі қызбауынан,
Тағы оның себебін көремін мен.
Жел
Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасыз жел соғады.
Әлде бұл өздігінен бе,
Себебі бұл неден болады?
Жауабы: Температура бір болмай ауадағы,
Жылы ауа ағыны таралады.
Конвекция процесі пайда болып,
Біздіңше ол, жел соқты деп саналады.
Қар
Қыста аспан түнеріп,
Қар жауады себелеп.
Себебін бізде білелік,
Сұрақ қойдық неге деп?
Жауабы: Қыс күнінде қардың жауу себебін,
Ауадағы су кристалдануы дер едім.
Жерге қарай оның құлап түсуін,
Ауырлық күші әсерінен көремін.
Қайнау
Отта тұрған шәйнекте,
Су неліктен қайнайды?
Бұрқ сарқ етіп тездете
Қайнадым деп тасиды.
Жауабы: Қайнау деген сұйықтың булануы,
Көріп жүрміз қайнаған судан мұны.
Қайнар кезде ызылдап су шығарар,
Көпіршіктің жарылысынан туған үні.
Достарыңызбен бөлісу: |