Үйге тапсырма беру.
§ 31,32
26 – жаттығу № 4,5
Оқушыларды бағалау.
№
|
Үй тапсырмасы
|
Тест
|
Есеп
|
Бекіту
|
Жалпы балы
|
есеп
|
физ диктант
|
|
№1
|
№2
|
|
|
бал
|
5
|
8
|
7
|
5
|
5
|
5
|
35
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау.
35 – 29 – “5”
28 – 20 – “4”
19 – 15 – “3”
14 төмен болса – “2”
Күні:
7-сынып.
Пәні: физика.
Тақырыбы : Қуат.
Мақсаты:
Білімділік: қуат ұғымы және оның өлшем бірліктері туралы түсінік беру. Қуаттың формуласын қолдана отырып, есептер шығару жолдарын үйрету. Дамытушылық: оқушылардың ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, топпен жұмыс жасау барысында ұйымшылдыққа және өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету.
|
I кезең .Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру. (тренинг «Сәлем, досым!»)
|
Өткенді қайталау.
|
Сұрақтарға жауап бер.
Механикалық жұмыс кезінде дененің орын ауыстыруындың жүрілген жолға тең болу себебі неде?
Жауабы:Түсірілген күштің бағыты дененің қозғалу бағытына сәйкес болуына байланысты.
Істелген нақты жұмысты қандай формуламен есептейді? Формула қалай оқылады?
Жауабы: А = F*S ; жұмыс =
Қызығушылықты ояту. Слайд №3 «Жұмыс орындала ма?»
|
|
ІІ кезең.(топтық жұмыс)
Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр (төмендегі жетелеуші тапсырмалар арқылы)
|
Теориясы:
|
Бос нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.
1. Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қалай атайды?
Жауабы: Бұл физикалық шама қуат деп аталады.
2.Қуатты табу үшін не істеу керек?
Жауабы : Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек.
|
Теориясы:
|
Сұраққа жауап бере отырып, бос нүктені толықтыр.
1.Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек, оның себебі неде?
Жауабы: Бір жұмысты орындау үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды.
Қуат = жұмыс/ уақыт; N =
2.Қуатты табу үшін не істеу керек?
Жауабы : Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек.
|
Теориясы:
|
Сұраққа жауап бер.
1.Екі бала бірін-бірі шанамен сүйреді. Бұл жағдайда олар механикалық жұмыс істеді ме?
Жауабы:Олар механикалық жұмыс жасады, өйткені олар күш жұмсап, орын ауыстырады.
2.Массалары әр түрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына бір мезгілде көтерілді. Бұл жағдайда олар бірдей қуат өндірді ме?
Жауабы: Екі қыз баланың өндірген қуаты бірдей емес,себебі қуат уақытқа және жасалынған жұмысқа тәуелді .
|
ІІІ. Бекіту.
|
Теориясы:
|
Тақырыпқа қосымша мәлімет. (слайд №4-6)
|
Практикасы
|
Есептерді шығар.
1. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?
Берілгені: Шешуі: Есептелуі:
N = 30Bт N= ; А=N·t А= 30Вт·600с=18000Дж=18кДж
t=10 мин=600с
Жауабы:18 кДж
Т/к: А-?
2.Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 мин-та 50 м3су құлап ағады.Су ағынының қуаты қандай?
Берілгені: Шешуі:
һ=10 м N=
V=50 м3 t=2 мин =120с
Есептелуі:
Т/к: N-?
N= немесе 42000 Вт
Жауабы: 42 кВт
|
Сергіту сәті
|
Мультфильмнен үзінді.
|
|
IV қорытындылау кезеңі
(Деңгейлік тапсырмалар )
|
Теориясы:
|
1-топ. (1 деңгей. Тест жауабын белгілеңдер.)
1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.
А) А = В) А = F · S С) А= Д) А= F·t
2.Қуаттың анықтамасына сәйкес формуланы көрсет?
А) N= В) N= С) N= Д) N=
3.5 мВт-та қанша ватт бар ?
А) 5·10-3 Вт B) 5·10-3 Вт C) 10-3 Вт Д) 5·10-6 Вт
4. 1 мк Дж –да қанша джоуль бар?
А) 0,000001 Дж В) 0,001 Дж С) 1000000 Дж
|
Практикасы
|
Есептерді шығар.
"Волга"автомобилі 2 сағатта 110 кДж жұмыс атқарса , оның қуаты неге тең?
Берілгені: Шешуі: Есептелуі : t=2 сағ=7200 с
А=110 кДж=110000 Дж N= =15Вт
Т/к: N=? Жауабы:15 Вт
|
|
2-топ (2 – деңгей )
|
Теориясы:
|
Жұмыс
Қуат
N= ; A=N*t;
N=F* ;
Бос нүктенің орнына тиісті шамаларды қой.
A=F·S
|
Практикасы
|
Есептерді шығар.
30 секунд ішінде қуаттылығы 600 Вт қозғалтқыш күн қандай жұмыс атқарды?
Берілгені: Шешуі: Есептелуі : t=30 с
N=600 Вт А= 600Вт*30=18000 Дж= 18 кДж
Т/к: А =? А=N*t Жауабы:А=18 кДж
|
|
3- топ. (3 деңгей)
|
Теориясы:
|
Тірек –сызба нұсқаны толықтыр.
Белгіленуі: N
Қуат
Өлшем бірлігі Вт
Формуласы
Қандай шама скаляр
|
Практикасы
|
Есептерді шығар
Салмағы 120 Н бір шелек суды тереңдігі 20 м құдықтан 15 секунд ішінде көтеріп шығару үшін адамның өндіретін орташа қуаты қандай? Берілгені: Шешуі: Есептелуі: Р=120 Н N= N= = =160 Вт
һ=20 м А= Р·Һ
t=15 с N= Жауабы:160 Вт
Т/к: Nорт -?
|
Бағалау.
|
Әр топтың бағалаушыларының сабаққа қатысқан топ оқушыларының жұмысын бағалау пікірін тындау.
|
Үйге тапсырма.
|
§64, 170-171 бет.
36-жаттығу. (1,4) 172 бет.
|
Сабаққа рефлексиялық есеп.
|
Бағалау парағы.
Оқушының аты-жөні
|
Үй жұмысы
|
Топпен жұмыс
|
Білімді жинақтау.
|
Сабақтың қорытынды кезеңі
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Физика пәнінен сыныптан тыс шара
Тақырыбы : Эрудиттер сайысы
Мақсаты : 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана
біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пән
ге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа
тәрбиелеу
Көрнекілігі: Тақтада Эрудиттер сайысы.
Эрудиция ( латын сөзі)-erud-оқымысты, tio-таным.
Орысша ученность, глубокое познание
Қажетті құралдар: Қорап, доп, сурет,аспаптар: Динамометр, электроскоп, мензурка
Өткізілу этаптары:
1- тур Ойға шабуыл ( Әр сұрақ 1 ұпай)
2-тур Көмекке келетін жұмбақтар ( әр сұрақ 5,3,2, 1 ұпай )
3-тур Физика тілінде сөйлесейік ( әр сұрақ 1 ұпай )
4-тур Мәреге жету
1 тур Ойға шабуыл
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма? (жоқ)
3) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма?
(бірдей)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
5) Өзі арық, сөзі- әріп (қалам)
6) 2 санын қандай саанға бөлгенде 4 саны шығады?(0,5 )
7) Электр заряды жоқ бөлшек ? (нейтрон)
8) Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма? (тебіледі)
9) Іштен жану қозғалтқыштарының неше түрі бар? ( 2 )
10) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
11) Суықта ең төзімді құстар ( қаз бен үйрек t=-110градус С)
12) Ең көне музыкалық аспап қалай аталады
(ысқырық)
13) «Тон жылытады» деген тұжырымдама дұрыс па?
( жоқ)
14) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім?
(Архимед)
15) Темір не? (металл)
16) Интернет беті қалай аталады? (сайд)
17) Дұрыс алты жақ, атын ойлап тап (куб)
18) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
2 тур. Көмекке келетін жұмбақ
Шарты: 1 көмек 5 ұпай 2 көмек 3 ұпай 3 көмек 2 ұпай
4 көмек 1 ұпай
1 Ғалым туралы .....
а ) Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген 5 ұпай
б) 2 ұпай
г) Француз физигі ,электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым (Шарль Огюстен Кулон)
1 ұпай
2 Жанды нәрсе туралы.....
а) Көзі қырағы,жанған жарықта алыстан көреді 5 ұпай
б) Жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт 3 ұпай
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай
г) жердегі ең ақылды кім? ( адам) 1 ұпай
3 Зат не?
а) Адам организмнің 65 процент 5 ұпай
б) Заттың үш күйінің біреу 3 ұпай
в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай
г) Жерде онсыз өмір жоқ (су) 1 ұпай
Қорапта бір физикалық дене бар?
а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады 5 ұпай
б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура 3 ұпай
в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай
г) Шар тәріздес ( доп) 1ұпай
1, 2 турдың қорытындысы шығарылып,ұпайы жоғары оқушылар ортаға шығады.
3-тур Физикалық тілде сөйлейік 1 ұпай
Қай тілде,сөз мағынасын ашу
Метр грек сөзі « өлшеймін»
Диффузия латын сөзі «жайылу, таралу»
Электр грек сөзі « электрон,эбонит»
Гелиос грек сөзі « күн деген мағынаны білдіреді»
Конвекция латын сөзі « тасымалдау»
Электроскоп грек сөзі « электрді бақылау»
Гипотеза грек сөзі «болжам»
Кило грек сөзі « 1000 есе»
4-тур Мәреге жету үшін
1) Аспапты білеміз бе? Динамометр
Мензурка
Электроскоп
2) Сөзжұмбақ « Электр» 1.Электр атауы қандай сөзден
шыққан? (электрон)
2.Диэлектриктен жасалған дене(резинка)
3.Электрді өткізбейтін дене( резинка)
4.Электр зарядының бірлігі (кулон)
5.Электрон зарядының таңбасы ( теріс)
6 . Денелердің электрленгенін анықтау құралы (электроскоп)
Қорытындылау
Ең жоғарғы ұпай алған оқушы «Жас физик»
атағын беру
Қосымша:1) Дүниедегі ең жүйрік не? ( ой- қиял)
2) Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім( Талғат Мусабаев ғарышкер)
1994 ж 135 тәулік ( 4,5 ай) космос кеңістігінде ең ұзақ болған
1998 ж орбитада 7 ай болып, 7 рет ашық космосқа шықты.
Талаптанайық жас достар ғылым деп,
Ғылыммен ұлтымыз да,ұлт болып білінбек,
Ғылыммен тереземіз теңдік ап
Болашақтың атар таңы күлімдеп.
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ физика әлемінде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың физика пәнінен алған білімін толықтырып, жетілдіру. Тақырыптарға құрылған жұмбақ, сайыс, сөзтізбекті шеше отырып, оның ғылыми негізін түсіндіру;
Дамутышылық: оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру, құрал-жабдықтарды ұқыпты пайдалану қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету іскерліктерін, білім сапасын арттыру.
Сабақ түрі: бірлескен ұжымдық іс- әрекет.
Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, география, биология, информатика.
Сабақтың жабдығы, көрнекіліктері: сандар, физик-ғалымдар, «әтеш», «мысық», сөзтізбек, формула т.б..
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу
ә) топқа бөлу
б) сабақтың мақсаты туралы айту
ІІ. Сабақтың кезеңдері: Психологиялық дайындық, қызығушылықты ояту кезеңі
ІІІ. Оқушылардың білімі жетон мен қадағалау
Мұғалім: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Кім физиканы жақсы көреді, кім шытырман қызықты оқиғаларды ұнатады, мені ұқыпты тыңдаңыздар. Кеше мектепке құпия хат келді. Кімнен? Әзірше құпия! Онда не жазылған, міне соны оқиық:
«О, аса құрметті және ақылды жас достарым! Өте ертеде сіздердің мектептеріңе мен бағалы сусын жасырған едім. Кімде кім оны тауып алып, ең болмағанда бір тамшысын ішетін болса, сол адам сергек те жайдары, күшті де қуатты болады. Мен сіздерге осы сусынды сыйға тартамын, бірақ оны тауып алу керек. Менің конвертке салған сиқырлы қағазымдағы физикалық сұрақтарға жауап берсеңіздер, сіздерге сусынды табуға бағыт береді. Қиындықтан қорықпаңыздар, менің жас достарым! Алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында сіздерге физикадан алған білімдеріңіз көмектеседі»
Міне, балалар, бізге құпия хаттың сыры осы. Хаттағы сусынды табу үшін, қане, іске кірісейік. Екі топтан қиындықтан қорықпайтын батыл жүректілеріміз осы топтың намысын қорғауға шықсын.
І. Тапсырма №1
Молекулалары бей-берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйін ата. (Газ)
Басқа денелер әсер етпегенде дененің өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады. (Инерция)
Дене молекулалары бір-біріне жанасқан кезде өз-өзінен бір-біріне ену құбылысы қалай аталады? (Диффузия)
ІІ-топ
1.дененің ішкі энергиясын өзгертудің неше тәсілі бар? (1. Жұмыс жасау арқылы, 2. Жылу берілу арқылы)
2. жылу берудің неше түрі бар? (1. Сәуле шығару, 2. Конвекция)
3. Отынның меншікті жану жылуы? (Массасы 1 кг отын толық жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатынын көрсететін физикалық шама отынның меншікті жану жылуы деп аталады.)
Пароль: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
ІІ. Сергіту сәті: «қызықты сұрақтар»
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)
Мұз қандай күйге жатады? (Қатты күйге)
Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ не қалады? (Ауа)
Ауа қандай күй? (Газ күйі)
Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
Ал су қандай күйге жатады? (Сұйық күйге)
Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)
Ендеше оқушылар Александр Македонский кезіндегі уақытты айтыңдаршы? Оқушылардың бірнеше жауаптары тыңдалған соң: «Қара жәшіктің құпиясын» ашайық. Жәшіктің ішінде «тірі әтеш», аяғында «Тиіспеңдер, тістейді» деген жазу бар. Осы сұраққа ешкім жауап бермеген соң, «әтеш» өзімізде қалады.
Айтыңдаршы, әтеш немен қөректенеді?
ІІІ. Тапсырма №2
«Қымбатты, достар! Сіздердің алдарыңызда 4 әріп Ѵ, F, V, m / T, t, U, I физикалық шамалар белгіленген. Оларды өлшейтін құралдың аттарын атаңыздар»
Пароль: Темірді қызғанда соқ
Ара қашықтыққа өз-ойын жіберу. Қалай түсінуге болады?
Оқушылар бірнеше жауап береді. Келесі «құпия жәшігін» бір оқушыға ашқызып, ішіндегі конвертті алады.
Мұғалім: Өз-ойыңды кімге жіберер едің?
Оқушы өз кластасын көрсетіп, соны ортаға шақырып конвертті ұсынамыз. Ал, онда: «Жер бетіндегі мықты ғалымдарды білесіңдер деп ойлаймын»
Келесі конвертті ашамыз: «Әттеген-ай, мыналардың бәрі таныс екен ғой» деп 6-физик-ғалымдардың суреті жатады. Оқушы ғалымдардың кім екенін айтады.
ІV. Физикалық тәжірибе.
«О,аса құрметтім!
Сіздердің алдарыңызда тәжірибе өткізу үшін бірнеше құралдар бар. Нәтижеге жеткен уақытта, мынандай сұрақ мазалайды. Неліктен?»
А) Піскен жұмыртқа, қағаз, сіріңке. Қағазды жағып, бөтелкенің ішіне саламыз да, үстіне жұмыртқаны қоямыз. Жұмыртқа бөтелкенің ішіне кіреді. Неліктен? (Қағаз жанғанда ауа қызады қысым ұлғаяды да, ауаның жарты бөлігі жұмыртқаға шығады.)
Б) Стакан, тиын, жайпақ табақта су, сіріңке. Қолды су қылмай, тиынды қалай алуға болады? (Жанған қағазды стакан мен жапсақ атмосфералық қысым арқылы су стаканның ішіне кіреді, сосын күмісті алуға болады.
Пароль: Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
V. Келесі жұмбақ:
Екі аяқты тебініп, алға қарай емініп.
Зулап әне келеді, адамның өзі жегініп. (Велосипед)
Сұрақ: Велосипедтің жүрісі қандай?
Мұғалім: Ал, адамның бірінші көлігі не? Оқушылардың жауабы тыңдалған соң. Онда «қара жәшігіміздің» реті де келіп қалды. Оның ішінде баланың арбасын шығарады.
Сұрақ: Рессорға қандай күш пайда болады және оның құрылысы.
Тапсырма №3
«Құрметті, жас дос!
Квадратпен бөлінген қағаздағы жазылған құпия символдардан дешифратордың көмегімен қиылған квадраттар арқылы төмендегі тапсырмаларды орында, ал, қиылған қиық арқылы пароль сөзін оқисыздар»
Тұзу сызықты қозғалыс кезіндегі дененің жылдамдығының формуласы:
Қысымды анықтайтын формула:
Заттың тығыздығын анықтайтын формула:
Центрге тартқыш үдеудің формуласы:
Ньютонның екінші заңының формуласы:
Жылу мөлшерінің формуласы:
Ток күшін анықтайтын формула:
Айналу периодының формуласы:
Тапсырмалар орындалып болғанда парольдың жалғасы оқылады.
Пароль: «Тәжірибе – өмірге аса қажет»
Сөзтізбектер шешу:
І-топ
Молекулалардың ретсіз қозғалысы салдарынан жанасушы заттардың арасында өтетін құбылыс.
Жай механизм.
Судың қатты күйі.
Күшті өлшейтін құрал.
Химиялық қасиетін бойына сақтайтын заттың ең кіші бөлшегі.
Сұйықтың көлемін өлшейтін құрал.
ІІ-топ
Дене пішінінің не өлшемдерінің өзгеруі.
Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы.
Материя түрі.
Аспан денелері туралы ғылым.
Сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын шама.
Планета
Өлшемдер, қашықтық туралы мағына.
Саусақпен өлшейтін қандай ұзындық өлшемдері бар? Жауабы: елі, сүйем, сынық сүйем, қарыс, тұтам.
Тереңдік өлшемдері қалай аталады? Жауабы: тобыққа дейін, тізеге дейін, кісі бойы, құрық бойы, аттың бауырына дейін.
Жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері қалай аталады? Жауабы: Әудем жер, аттам жер, қырық қадам жер, таяқ тастам жер, қозы көш жер.
Өте алыс деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері қалай аталады? Жауабы: Айшылық жер, қырық күншілік жер, ит өлген жер, қияндағы жер.
Ауырлық өлшемдері қалай аталады? Жауабы: мысқал – 5 гр жуық; қадақ – 400 гр жуық; пұт – 16 кг; қап – 4 пұтқа жуық; батпан- 10 пұтқа жуық.
«Миллион» сөзін қазаққа жеткізуші ағартушы – ұстаз кім? Жауабы: Ы.Алтынсарин.
№4 конвертті ашамыз.
«Аса құрметті достар! Мен сіздерге өте ризамын, сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сіздер бар күш-жігерлеріңізді салып, аянбай еңбек еттіңіздер! Сіздер іздеген сергектік сусыны – «СҮТ» алдарыңызда тұр.
Сәлеммен, Хоттабыч қарт.
Физика жайлы өлең.
Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой.
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап, алдыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас, космос кораблі, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр, бәрінің бағынары физика ғой
Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем!
Тыңдағандарыңызға көп рақмет!
Мұғалім екі топтың кім жеңгенін айтады.
Оқушыларға баға қойылады.
Осымен сабағымыз аяқталды.
Сабақтың тақырыбы: Білімді мыңды жығар (электростатика бөлімі)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың бесенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, өткен тарауда алған білімдерін жетілдіру, тиянақтау, еске түсіре отырып, білімдерін қорытындылау.
дамытушылық: Танымдық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын туғызу.
тәрбиелік: Тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, топ намысын қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |