Сабақтың көрнекілігі: көрнекi материал, таратпа материал, оқу құралдары, компьютер, презентация материалдары , сөзжұмбақ, жұлдызша
Көкейтестiлiгi:
ә) оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсiлдерi : сөзжұмбақ,
б) бақылау формалары: деңгейлік тапсырмалар
Сабақта қолданылатын стратегиялар: ой-толғаныс, венн диаграммасы, топтастыру, Insert жүйесі.
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)
Топ оқушыларын а) Кулон тобы, ә) Фарадей тобы, б) Вольт тобы деп үшке бөлу.
Сайыс сабақтың жоспары:
Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады) (3 мин)
Мәнжазба қорғау (6 мин)
3. Ой қорыту: үш топқа тапсырма беру.
Венн диаграммасы
Топтастыру
Insert жүйесі (5 мин)
4. Деңгейлік тапсырмалар (2- сұрақ, 1-есеп) (10 мин)
5. Кім шапшаң? (сөзжұмбақ) (10 мин)
6. Қарлы кесек (бір-біріне сұрақ қою) (5- мин)
Қорытындылау.
Топтар өздерінің аттарын ашып айта отырып, таныстыру.
Мәнжазба: үйге берген тақырыптары бойынша мәнжазба қорғау.
Ой қорыту: Кулон тобына: (венн диаграммасы: гравитациялық күшпен кулон күшін салыстыру)
Гр. күш Кулон күші
Фарадей тобына: ( өзара әсерлесу күштерін топтастыру)
өзара әсерлесу
Вольт тобына: (Insert жүйесі толтыру )
Білемін
|
Білгім келеді
|
Таңқалдырғаны
|
|
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
1-топ: 1) Потенциал дегеніміз не?
2) Диэлектрик дегеніміз не? Неше түрі бар?
3) Есеп № 1.
Бір күш сызығының бойында бірінен-бірі 4 см қашықтықта орналасқан нүктелердің арасындағы потенциалдар айырмассы 120 В-қа тең. Егер өрістің біртекті екені белгілі болса, электросатикалық өріс кернеулігін табыңдар.
2- топ: 1)Екі өткізгіштің электр сыйымдылығы дегеніміз не?
2) Зарядталған конденсатор энергиясы неге тең?
3)Есеп №2
Сыйымдылығы 10 мкФ конденсаторға 4 мкКл заряд берген зарядталған конденсатор энергиясы қандай?
3- топ: 1) Потенциалдар айырмасы өлшем бірлігі қандай, анықтама беріңдер.
2) Күш сызықтары дегеніміз не, мысал келтір?
Есеп №3
Ара қашықтығы 6 см, бірдей нүктелік электр зарядтары бос кеңістікте 0,1 Н күшпен әсерлеседі. Осы зарядтардың шамасын табу керек.
Кім шапшаң? “Электростатика”
“Қарлы кесек” топтар бір-біріне дайындап келген сұрақтарын қояды.
Қорытындылау: (әр дұрыс жауапқа жұлдызша таратылады, сол бойынша орын беріледі.)
Бағалау: Белсене араласып отырған оқушыларға баға қойылады.
Сабақтың тақырыбы: Қара жәшіктін құпиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың физика пәнінен алған білімін толықтырып, жетілдіру. Тақырыптарға құрылған жұмбақ, сайыс, сөзтізбекті шеше отырып, оның ғылыми негізін түсіндіру;
Дамутышылық: оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру, құрал-жабдықтарды ұқыпты пайдалану қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету іскерліктерін, білім сапасын арттыру.
Сабақ түрі: бірлескен ұжымдық іс- әрекет.
Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, география, биология, информатика.
Сабақтың жабдығы, көрнекіліктері: сандар, физик-ғалымдар, «әтеш», «мысық», сөзтізбек, формула т.б..
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу
ә) топқа бөлу
б) сабақтың мақсаты туралы айту
ІІ. Сабақтың кезеңдері: Психологиялық дайындық, қызығушылықты ояту кезеңі
ІІІ. Оқушылардың білімі жетон мен қадағалау
Достарыңызбен бөлісу: |