Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
С. Бақбергенов Құрманғазы
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
1) Күй атасы- Құрманғазының өмірімен таныстырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашып ,негізгі ойды ұғындыру.
2)Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлату, ой-өрісін ,тілдік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту .
3) Өнерге ,білімге деген құштарлықтарын арттыру, ұлы тұлғалар еңбегінбағалай білуге ,үлгі алуға және әділетті болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі:слайд, бейнетаспа, портрет
Сабақтың әдісі:ой толғау ,баяндау ,оқыту ,шығармашылықжұмыс және жұппен жұмыс.
Сабақ түрі :аралас
Пәнаралық байланыс:музыка ,бейнелеу өнері,тарих
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
Жиб-Жица күресі және Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы дайындаған ақпараттар.
1) Әңгімені бір оқушы толық мазмұндайды.
2) Мұңайтпасұлы туралы қосымша деректерін айтады, сол бойынша мұғалім тақтада кластер құрайды.
3) Оқушыларға мақалдың жалғасын тапқызу арқылы үй жұмысына қорытынды жасалады. Қоянды қамыс өлтіреді,
Жігітті ... ... (намыс өлтіреді).
3 Жаңа сабақ : Құрманғазы.
Ой толғау.Балалар ,қандай атақты күйшілерді білесіңдер?Балалар өздеріне мәлім күйшілерді атайды.Үнтаспадан С.Құрманғазының күйін тыңдайды да, одан қандай әсер алғандарын ортаға салады.Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.Мұғалім мәтіннің авторыСәуірбек Бақбергенов жайында хабардар етеді де ,Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі жайында айтады да, мәтін бөліктерін үлестіреді және іштей оқып, бір-біріне мазмұнын айтып, соған лайық сурет салуды тапсырады.
Сөздік тақтада болады. Слайд.
Суыт-асығыс
Кілтипандарын-құпиясын
Жігері құм болды-дәрменсіз күйге түсті.
Құқай-қиындық
Шылау-жүгеннің шаужайы, шылбыры.
1 жұп. Құрманғазы мен Дина.Қайран шешем күйінен үзінді тыңдалады.
2 жұп. Сағырбаевті тұтқындау. Диолог түрінде.
3 жұп. Динаның көңіл-күйі.
4 жұп. Күйшінің аманаты.
Әр жұп орындаған жұмыстары туралы айтып береді.
Сергіту сәті
Өнер-білім туралы мақал-мәтел айту
Сұрақ- тапсырмалармен жұмыс.Слайд.
1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?
2. Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің?
3. Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады?Бұл күйді қай кезде шығарған?
4. Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?
5.Дәптермен жұмыс. Құрманғазының анасы туралы ойларын жаздырту.
Бағалау.Үйге тапсырма: Құрманғазы мәтінін оқу, мазмұндау, дәптермен жұмыс.
|
Сергіту сәті
|
Ой толғаныс
|
Үйге тапсырма
|
Бағалау
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты:әдебиеттік оқу
|
Уақыты:10.12.2015ж
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Ш.Мұртаза Бала Тұрар
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Оқушыларға Ш. Мұртазаның «Бала тұрар» атты әңгімесі бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлбеков өмірімен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқып ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білуге қасиетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Отан сүйгіштікке, елін қорғайтын шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: Суреттер, карта
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әңгімеге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Б. Тұрсынбаев Алғашқы көмек
Қансонар бірінші жауған қарды, аңшылы(«Сонар» алғашқы жауған қар деп атайды.)
Үй тапсырмасын пысықтау
Қазақстанда қандай аңдарды аулауға тиым салынған?
IY. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлығын тексеру. 2 - 3 сыныптарда Ш. Мұртазаның қандай әңгімелерін білесіңдер?
«Бала Тұрар», «Интернат қоймасы», «Қызыл жебе»
Y Жаңа сабақты меңгерту
Кіріспе Шерхан Мұртаза туралы қысқаша түсінік.
Шерхан Мұртаза: 1932жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Оның «Қызыл жебе» романы, «Белгісіз солдат» романы, «Қара Маржан» деген романдары болған.
- Ал енді Тұрар Рысұлбеков туралы не білеміз? - Тұрар қандай бала болған?
Тұрар зерек бала екен. Тұрар Рысқұлбеков 1894ж - 1943ж Мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылы төңкеріске қатысушы. Қазіргі Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген. 1907ж - 1910ж Тұрар Рысқұлбеков мерекедегі орыс қазақ бастауыш мектебінде ал 1910ж - 1914ж Пішкек (қаз Бішкек) ауыл шаруашылық училищесінде оқиды. Бау-бақша мамандығын алады.
Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғаш тұрар Рысқұлбеков еді.
ә) Репрессия деген не? Репрессия мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шарасы.
б) 1937ж - 1938жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үміт насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22мыңы атылды. Белгілі жазушы Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе», романынан келтірілген үзіндінің жалғасын оқу арқылы Тұрардың жарқын бейнесімен танысуды жалғастырамыз.
YI. Романның үзіндісін түсініп жалғастырып оқу. Мәтінді оқушыларға бөліп оқыту.
Картамен жұмыс
(Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антариктида, Россия)
Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгергенін себебі неде?
YII. Дәптермен жұмыс
Тұрар Рысқұлбеков 1894жылы 26желтоқанда Жетісу облысы Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында дүниеге келген.
Әкесі - Рысқұл Жылқыайдарұлы Қарапайым шаруа. Қиргиз.
YIII. Сергіту сәті
Әке тілін аламын,
Ана тілін аламын.
Жақсы оқу мақсатым,
Таудай үлкен талабым.
IX. Сөздік жұмысы
Тілмаш, Писарь, Аспара
X. Шығармашылық жұмыс
Тұрар туралы шағын әңгіме жазу
XI. Ой толғаныс
Т - тәртіпті
Ұ - ұқыпты
Р - риалды
А - адам
Р - ризалады
XII «Бес жол өлең» стратегиясы
Зат есім --------- Тұрар
Сын есім ------- ержүрек, зерек
Етістік ---------- оқыды, жазды,
Сөйлем Тұрар Сталинге хат жазған.
Ақын
XIII Сұраққа жауап
Картадан қандай елдермен таныстық?
Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе?
«Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?
Сахнаиен аралын неге сұрады деп ойлайсың?
Әңгіме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады? Бұл сөздің астарынан не түсіндің?
XIY. Қорыту
Біз нені үйрендік? Елдердің, көлдердің аттарын дәптерге жаз.
Үйге. Мәтіннің мазмұнын айту
|
Жаңа сабақ
|
Ой толғаныс
|
Үйге тапсырма
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |