Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
О.Бөкей Апамның астауы
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
а) Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты мәтінін оқып, түсінік беру. Мәтінге талдау жүргізе отырып автордың негізгі ойын анықтау.
ә) Әңгіме желісіне орай оқушыларды ананы құрметтеуге, еңбекқор болуға, ынтымақтаса жұмыс істеуге тәрбиелеу.
б) Мәтінді түсініп оқып, мазмұндай білуге үйрету. Шығармашылық қаблетін дамыту. Сөздік қорын молайту.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, СТО әдістері (топтастыру, әңгіме кестесі)
Пәнаралық байланыс:Еңбекке баулу, бейнелеу, дүниетану,музыка
Сабақ көрнекілігі:Оқулық, тақта, дәптер, интерактивті тақта
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын сұрау
|
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Сабаққа назар аударту.
3. Қызығушылықты ояту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сыныпты топқа бөлу. «Оқу», «Өнер», «Жазу» орталықтары.
2. Шығарма оқу. «Ана тілім -тірлігімнің айғағы»
3. Ана тіліне қатысты мақал-мәтелдер айту.
ІІІ.Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.
«Туған өлкем-тұғырым» тарауы бойынша сұрақ-жауап арқылы сөзжұмбақ шешу. Шешуі: Апамның астауы.
ІҮ.Қызығушылықты ояту.
1. Бұл қандай ыдыстар? (Көне ыдыстарды атау) Оларға түсінік беру.
Ү. Жаңа сабақ.
1. Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру.
2. Мәтінбойынша түсіндіру, мазмұндау.
2. Мәтінді кезектесіп оқыту.
3. Түсінбеген сөздермен жұмыс.
4. Дәптермен жұмыс.
5. Мінездеу деген сөзге түсінік беру.
ҮІ. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.
Топтарға сұрақтар беру.
1.«Оқу» орталығы:Автор өзінің балалық шағын қалай әңгімелегенін мәтіннен
тауып оқу.
Жазушы өз апасын қалай мінездегенін тауып оқу.
2.«Жазу» орталығы: Қандай сызбасын толтыру.
«Әңгіме кестесін» толтыру.
3.«Өнер» орталығы: Астаудың суретін салып, ермексазбен жасап көрсету.
«Дана әжем» әнін орындату.
ҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Әңгімені оқып отырып Ананы көз алдыңа қалай елестеттің?
2.Үйден алыста болсаң, өз анаңды немесе әжеңді сағынған кезде не деп хат жазар едің?(хат жазу)
3. Ана туралы бір шумақ өлең құрастыру.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.
1. Мәтінді түсініп оқу.
2. Өз апаларыңа немесе әжелеріңе мінездеме жазу.
|
|
Мағынаны тану
|
|
Ой толғаныс
|
|
Үйге тапсырма
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |