Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану
Мағынаны тану: (Суретпен жұмыс) Суретте нені көріп тұрсыңдар?
Құстарды
Венн диаграммасы:
І топ
Жабайы құстар:
Қарлығаш, Қарға, Торғай
ІІ топ
Құстардың ортақ қасиеті
Құстар табиғатқа пайдалы адамға дос
ІІІ топ
Үй құстары:
Тауық, Қаз, үйрек
Миға шабуыл: Біз не жайында сөйлестік?
Құстар. Бүгінгі сабағымыз Ф. Оңғарсынова апамыздың «Қанат туралы хикая» өлеңімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс:
Фариза Оңғарсынова
↓
Дарынды ақын
1939ж дүниеге келген.
Атырау облысында туған.
Автор
Поэзия
кітаптар
Лирикалық өлеңдер
Мәнерлеп оқу кезеңі: 1. Өлең не жайында жазылған?
2. Бала балапанға қарап не ойлады?
3. Ақынның өлеңдегі айтайын деген ойы?
Топтау: І топ Ана
ІІ топ Бала
ІІІ топ Әке
І топ
Ана
Ананың алдында асқар тау да аласа.
Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады
Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді
Ананың сүті – бал
Баланың тілі – бал
ІІ топ
Бала
Балалы үй - базар
Баласыз үй - қу мазар
Бала тәрбиесі басынан
Еңбекке баулу жасынан
Ұлың өссе – мұратың
Қызың өссе – жұратың
Бала бауыр етің
ІІІ топ
Әке
Әкеге бала қорған
Әкең өлсе де, әкесінің көзі көрген өлмесін
Әке көрген - оқ жонар
Шеше көрген - тон пішер
Әкесінің құрдастың баласы құрдас
Ребус:
Құс - тың - қос - қанатын - дай!
Ой толғаныс: 5 - жол өлең жазу.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.
Күнделіктеріне жазып беремін