Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже


Байтұрсынов енгізген Қазақ өлеңдерінің құрылысы атауларының үлгісі



бет14/19
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#48387
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байтұрсынов енгізген Қазақ өлеңдерінің құрылысы атауларының үлгісі:

  • өлең кестесі – айшық, оның төрт түрін анықтайды;

  • өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының арасы – бунақ;

  • бунақ ішінде – буын;

  • бунақ араларындағы дауыс толқынының жіктері – кезең;

  • өлең кестесінің реті – тармақ және шумақ.

Ғалым әлем әдебиетінде қалыптасқан өлең жүйелерінің ішінде (метрик., силлабо-тоник., тоник.) қазақ өлеңіне силлабикалық өлең жүйесі тән екендігін, сондай-ақ, қазақ поэзиясының ырғақтық-екпіндік байлығын молынан пайдалана біліп, өлең өрнектерін дамытып, байытуға зор үлес қосқан Абай екендігін алғаш рет дәлелдеді. Абай жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда асқан шеберлік көрсетіп, бұрыннан белгілі көп тараған өлшем – өрнектерді, айшықтарды керек жерінде жаңаша түрлендірді. Абайдан кейін бұл дәстүрді дамытқан Сәкен Сейфуллин, М.Жұмабаев,С.Торайғыров, І.Жансүгіров. Кеңестік кезеңде Қазақ өлеңдерінің құрылысын теориялық тұрғыдан зерттеулерде идеологиялық себептерге байланысты Байтұрсыновтың есімі аталмағанымен, ол жасаған атаулар пайдаланылып, әрі қарай дамытылды.


Академик З.Ахметовтің пікірінше қазақ өлең, жырларында жеті буынды тармақ (4 буын – 3 буын) пен сегіз буынды тармақ (3 буын – 2 буын – 3 буын) ежелден еркін араласып келе береді. Халықтық поэзиядағы ең көне өрнектердің бірі – жыр өлшемінде осындай жеті сегіз буынды тармақтар қолданылады. Әдетте эпостық дастандар (жырлар) мен толғау, терме секілді ықшам, желдірмелі әуенмен айтылатын, тармақтары жеті-сегіз буынды болып, түйдектеліп келетін шығармалар жыр деп аталып жүрді. Сондай-ақ, жыр дегенді эпостық поэзияға тән өлең түрі деген мағынада да айта береді. Жырмен қатар халық поэзиясында аса кең тараған өлшем – он бір буынды өлең (4 буын – 3 буын – 4 буын, немесе 3 буын – 4 буын – 4 буын). Бұл өлшем халықтық ән-өлеңдерде, айтыстарда, дастандарда, лирик. өлеңдердің көпшілігінде қолданылған. Қазақ поэзиясында ең көп пайдаланылатын өлең өлшемдері – жеті буынды, жеті-сегіз буынды, он бір буынды болады. Алты буынды өлең, онан да қысқарақ төрт буынды өлең сиректеу кездеседі. Он бірден буын саны көбірек, мысалы, он төрт, он бес буынды өлеңдердің тармағы құрама болып келеді, яғни жеті буынды екі тармақтан, сегіз буынды екі тармақтан құралады. Түркі тілдес халықтардың өлең өлшемдерінің ішінде ежелгі заманнан қолданылып келе жатқаны – жеті буынды өлең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет