Сабақтың аты 1 2 Кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулалары Сілтеме Жоспар



Дата18.03.2017
өлшемі70,3 Kb.
#11960
түріСабақ
«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.Камалова


Күні: 03.09.2013

Сыныбы: 10

Пәні: физика

Сабақтың аты

§1.1 -1.2 Кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулалары

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулалары жайлы мағлұмат беру

  • кинематиканың негізгі ұғымдарын, теңдеулерін, формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • өзгенің пікірімен санасуға баулу

Күтілетін нәтиже

  • кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулалары жайлы мағлұмат алады

  • кинематиканың негізгі ұғымдарын, теңдеулерін, формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • өзгенің пікірімен санаса алатын болады

Негізгі идеялар

Механика-материялық денелер қозғалысы және олардың өзара әрекеттесуі туралы ежелгі ғылымдардың бірі. Механика «кинематика және динамика» деген үлкен тарауларға бөлінеді. Кинематиканың негізгі ұғымдарына жүрілген жол, траектория, орын ауыстыру жатады. Механикалық қозғалысқа түскен кез-келген денелердің орнын координаталық, векторлық, қисықсызықты координата әдістері арқылы табады.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «есептер шығару»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (траектория, жол, орын ауыстыру сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. 9-сынып курсын еске түсіріп шолу жасау

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Механикалық қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Кез-келген дененің орнын табу үшін қандай тәсілдерді қолданған тиімді?

  3. Қозғалыстың қандай түрлерін білесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы




Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу













2

Міндетін атқару













3

Топтық жұмысқа атсалысуы

































Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.



Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)



Берілген формулаларды түсіндіреді


  1. 2. 3.

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру



V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «есептер шығару» (10 минут)

  1. Поезд 90 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, жылдамдығын тежей бастайды. Бірқалыпты баяу қозғала отырып 40 с ішінде тоқтайды.Поезд тоқтағанға деін қанша жол жүреді?

  2. 40 м/с жылдамдықпен горизонтал лақтырылған дене 4 с жерге түседі. Дене қанша қашықтыққа ұшқан?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.



ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.

Кейінгі оқу

§1,1-1,2 Кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулалары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет