Сабақтың аты §19 Термодинамиканың І заңы Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты


Кейбір заттардың меншікті булану жылуы, Дж/кг



бет2/2
Дата09.06.2017
өлшемі0,67 Mb.
#18255
түріСабақ
1   2
Кейбір заттардың меншікті булану жылуы, Дж/кг.

Меншікті булану жылуы конденсацияның меншікті булану жылуына тең.



Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Бу жайында не білеміз?

  2. Будың қандай түрлерін білеміз?

  3. Ауа ылғалдылығы жайында не білеміз?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Қайнау дегенді қалай түсінесің?

  2. Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады?

  3. Оның математикалық өрнегін жазыңдар.

ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы




Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу













2

Міндетін атқару













3

Топтық жұмысқа атсалысуы































Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.



Ү. Жеке жұмыс (5 минут)

Қысқаша эссе жазады .



  1. қайнау 2) термодинамика

Жасаған жұмыстарын , яғни барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1

Білу

Термодинамика дегеніміз не?



2

Түсіну

Термодинамиканың І заңының формуласын жаз?


3

Қолдану

Жүйеге 400 Дж жылу беру арқылы оның ішкі энергиясын 200 Дж-ға өзгертеді. Жүйенің атқарған жұмысын тап ?


4

Талдау

Бірінші ретті мәңгі қозғалтқыш болу мүмкін бе?


5

Жинақтау

Термодинамиканың І заңын күнделікті тұрмыста қолданылуын түсіндір?




6

Бағалау

Жылу алмасу жолымен сырттан энергия алмай жүйе жұмыс істей алады ма?



Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.



ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

Шағын эссе жазу

Кейінгі оқу

§19 Термодинамиканың І заңы

Термодинамиканың І заңы тақырыбында жазған рефлексиям

Мен 13 қараша күні жоспар бойынша 8-сыныпқа сабағымды өттім. Тақырыбы: «Термодинамиканың І заңы». Сыныпта 21 оқушы бар.Оқушылар сабаққа 20 қатысты, 1белгілі себеппен келе алмай қалды. Оқушыларды түгелдеп болған соң сынып оқушыларының көңіл-күйін, жағымды сұрақтар арқылы көтеруді жөн көрдім. Бүгінгі сабақ алдындағы көңіл-күйлерің қандай ? –сұрағына оқушылар бармақ арқылы өте жақсы екенін көрсетті. Сабағымды бастамас бұрын сынып оқушыларын топқа бөлуді жөн көрдім. 1,2,3 сандары арқылы топқа бөлінді. Топқа бөлінген соң, топтағы рольдерді анықтап алуын оқушылардан сұрадым. Оқушылар өзара келісіп, топта көшбасшы, хатшы, бақылаушы және уақыт сақшысы болып бөлінді. Баяндамашыны стикер арқылы өзім столына жабыстырып кеткен оқушы болды. Өйткені зерттеу оқушыларды сөйлетуге, топта қорғап шығуға бағыттадым. Топ бөлініп біткен соң үйтапсырмасын ашық –жабық сұрақтар қою арқылы қаншалықты меңгергенін білуге тырыстым. Үйге «Бу жайында не білеміз?

Будың қандай түрлерін білеміз?Ауа ылғалдылығы жайында не білеміз?» деген сұрақтар алқылы оқушылардың ойлап, шешім қабылдап, жауап беруіне мүмкіндік тудырдым.Үйге берілген тақырып күрделі, алайда «С», «Е», «А»- есімді оқушылар барынша жауап беруге тырысты.Әсіресе «С» есімді оқушы толық, нақты сыни тұрғыда жауап берді. Осылайша үй тапсырмасына қанағаттанарлық жауап алдым .

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын сұрақ қою техникасын қолдандым, онда түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау арқылы миға шабуыл, яғни ортаға проблема тастадым. Мәселен «Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады? Оның математикалық өрнегін жазыңдар?» Тақырыпты 3 топқа бөліп бердім. Бағалау парағын тараттым. Бағалау өлшемдерін оқушылар мен бірге талқылап, бағалау парағына жаздық. 15 минут уақыт бердім. Осы уақытта оқушылар оқып, топта талқылап, қорғады. Сабақ барысында оқушылардың ынтымақтастығы артқанын көрдім. Өйткені оқушылар кітаптан оқып, ықығанын ортаға салып талқылады. Уақыт сақсылары уақытты топ мүшелеріне ескертіп отырды. Бұл топ мүшелерінің өздерінің міндеттерін жүзеге асыруына ықпал етті. Топ мүшелері ішінде пікір алмасу жүрді. Пікір алмасу соңында баяндаушы қорытындылап формативті бағалап берді. Соның ішінде 3 топтағы «Н» есімді оқушы толық, нақты бағалап берді. Топтық жұмыс соңында оқушыларға келесі жеке жұмыс жасау үшін «қайнау және термодинамика» сөздеріне қысқаша эссе жазу тапсырдым. Бұл суреттерден қысқаша эссе жазу тапсырылды. Жұмыс 6 минутқа созылды. Жұмыс соңында топтар бір-бірін екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы формативті бағалады.

Топтық жұмыстан соң Блум таксономиясы негізінде негізінде жасалған деңгейлік тапсырма алдым. Осы тапсырманы орындау барысында көптеген оқушылар қолдану деңгейінде, ал көпшілігі талдау деңгейінде, 2,3 оқушы бағалау деңгейін бағындырды. Әрине бұл тапсырма оқушыларға оңай тиген жоқ, өйкені оқушылардың көбісі қолдану мен талдау тапсырмаларын орындауда қиналды. Яғни Блум таксономисы арқылы дайындалған тапсырмалар арқылы оқушылардың деңгейін білуге болатынын және дарынды, талантты балаларды анықтауда маңызы зор екенін түсіндім. Алдағы уақытта осындай тапсырмаларды көп алуды жөн көріп отырмын. Уақыт аясында оқушылардан тапсырманы жинап алып, әр оқушыға екі жұлдыз, бір ұсыныс жаздым.

Қорыта келе, оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін Блум таксономисының маңызы зор екенін түсіндім. Өйткені оқушылардың бәрі бірдей емес, жас ерекшеліктері әр түрлі, білім деңгейлері де әр түрлі және олардың іс-қимылы табысты болуына мұғалімнің ролі ерекше және де оқушылар өздерінің бүгінгі өткен сабақтары жайлы рефлексияны стикерге жазып, тақтадағы «Не ұнады? Не қиын болды? Мұғалімге сұрақ?» плакатына жабыстырды.Рефлекция нәтижесінде оқушылардың барлығына бүгінгі сабақ керемет өткендігін, ешқандай зерігудің болмағандығын баса айтты. Мәселен «Е» есімді оқушы ұтымды сұрақтар көп болғанын айтса, «Р» есімді оқушы термодинамиканың І заңына керемет түсінгенін айтты. Алайда жұмыс болған жерде аздап түсінбеушіліктер де болып жатты.Мәселен «Т» есімді оқушы термодинамика сөзіне түсінбегенін айтты.

Сабақта сәтті шыққан тұстарым :


  1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызуым

  2. Оқушылардың топтық жұмысты меңгеруі

  3. Ұтымды сұрақ-жауап жүзеге асты

Сабақта сәтсіз шыққан тұстарым:

  1. Уақытты ұтымды пайдалана алмауым

  2. Оқушылардың қысқа жауап қайтару

  3. Кейбір топтағы оқушылардың тақырыпты ашуда әлсіздік жасауы

Сәтсіздікті жою жолдарым:

  1. Тапсырмаларды берілген уақыт аясында жасауға жұмылдыру

  2. Оқушыларды көп сөйлетуді қажет ететін қосымша сұрақтарды қою

  3. Оқушылардың қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу және шектеуді болдырмау

1


§19 Термодинамиканың І заңы

  • Термодинамиканың І заңы жайлы мағлұмат беру

  • Термодинамиканың І заңының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету

  • Өзін -өзі бағалай білуге баулу

Миға шабуыл;
Топтық жұмыс

АКТ(электронды окулық);

Жеке жұмыс;
Жеке жұмыс(Блум таксономиясы)


Ашық-жабық сұрақтар,

Блум таксономиясы,

кері байланыс


  • Термодинамиканың І заңы жайлы мағлұмат алады

  • Термодинамиканың І заңының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді

  • Өзін-өзі бағалай алатын болады

Мадақтау,
Критерий арқылы бағалау,

Бағдаршам ;



Екі жұлдыз бір ұсыныс;
Рефлексия


Ашық-жабық сұрақтар, Блум таксономиясы

  1. 8-сынып оқулығы Алматы «Мектеп» 2012

  2. Интернет желісі

  3. 8-сынып дидактикалық материалдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет