«Кафель» әдісі арқылы
№1 Трансформатордың бірінші катушкасының орамдарымен жүретін ток шамасы 5А. Егер трансформация коэффициенті 0,4 болса, Екінші катушка орамдарымен жүретін ток қандай болады?(2А)
№2 Трансформатордың бірінші катушкасында 1200 орам бар және ол 220В кернеуге , 3А ток күшіне арналған. Электрмен пісіру қондырғысын жасауға қажетті 100А ток алу үшін екінші катушканың орам санын қандай етіп таңдайды?(36)
№3 Төмендеткіш трансформатордың бірінші реттік орамасының кернеуі 220В электр желісіне қосылған. Оның екінші орамасының қысқыштарына 8Ом кедергі жалғанды. Егер трансформация коэффициенті 55 болса, кедергі бойымен жүретін токтың шамасы қаншаға тең. (0,5А)
№4 Трансформатордың бірінші реттік орамасындағы ток күші I1= 0,5А , кернеуі U1=220В . Екінші реттік орамасындағы ток күші I2= 11A кернеуі U2= 9,5В . Трансформатордың ПӘК-ін табыңдар. (95%)
№5 Жоғарлатқыш трансформатордың бірінші реттік орамасында N1= 80, екінші реттік орамасында N2= 1280 орам бар. Бірінші реттік орамасының ұштарындағы кернеу U1= 120В , ал екінші реттік ормасындағы ток күші I2= 0,25A . Трансформатордың пайдалы қуатын анықтау керек.(480Вт)
№6 Трансформатордың бірінші орамасындағы ток күші I1= 10 А, ал оның ұштарындағы кернеу U1= 110В Екінші орамасының ұштарындағы кернеу U2=1000 В болса, ток күші қандай?(1,1А)
№7 Трансформатор кернеуі 220В- тан 1,1 кВ- қа дейін жоғарлатады, оның бірінші реттік орамасындағы орамдар саны 700. Трансформация коэффициенті қандай? Екінші реттік орамдағы орамдар саны қанша? (0,2; 3500)
№8 Бірінші реттік орамасында 840 орам бар трансформатор кернеуді 220- дан 660В – қа дейін жоғарлатады. Трансформация коэффициенті қандай? Екінші реттік орамасындағы орам саны қанша?(0,33;2520)
№9 трансформатор кернеуі U1= 22кВ мәнінен U2=110 В мәнге дейін төмендетеді. Оның екінші реттік орамасындағы орам саны N2= 100. Трансформатордың бірінші реттік орамасындағы орамдар саны қанша?(22000)
№10 Трансформатордың бірінші реттік орамасындағы орам саны N1= 100, ал екінші реттік орамасындағы N2= 1000 . Бірінші реттік орамасындағы кернеу U1= 120 В. Трансформатордың екінші реттік орамасындағы кернеу қандай? (1200В)
|