Орта мерзімді жоспар
Пәні: қазақ тілі
Мұғалімі: Қойшибаева Айжан Тұрғанбайқызы
Сыныбы: 6 «Д»
Сабақтың аты, мақсаты
|
Әдіс-тәсілдер
|
Нәтиже
Не біледі?
|
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру
|
Бағалау түрлері
|
Дереккөздер
|
Астана қаласы
Көмекші есімдер
7 модульді пайдалану арқылы жаңа сабақты меңгерту, оқушының танымдық қабілеттерін дамыту, белсенді сөздік қорын байыту. Астана қаласымен танысу,
көмекші сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құруға жаттықтыру.
|
Топтық
жұппен СТО АКТ
Диалог
Мұғалім көшбасшылығы
Дарынды және талантты балалармен жұмыс түрлері
Бағалау
|
Еліміздің, Астана тарихын біледі.
Бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Көмекші есімдерді сөйлем ішінде қолдана алады.
Сөзжұмбақ құрастыра алады.
Өз мүмкіндіктерін толық пайдалана біледі.
|
Постер,презентация кесте жасауда өз ой-жүйелерін жеткізу, дәлелдей білу, ашық ойын қазақша айта білуге
тілдерін төселдіру.
Ойын арқылы қазақша ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
|
Кесте түрінде
Білгіштер тобы бағалады
Білім ағашы, смайликтер
Оқуды бағалау, оқыту үшін бағалау.
Бағалау парақшалары.
|
Ғаламтор материалдарынан , ҚР
газет-журналдары
оқулық
|
Қысқа мерзімді жоспар 6 «Д» сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Лексикалық тақырып: Астана қаласы
Грамматикалық тақырып: Көмекші есімдер
|
Сілтеме:
|
Оқулық, БАҚ түрлері, ғаламтор
|
Жалпы мақсаты:
|
Тақырып бойынша білімдерін толықтыру,алған біілмдерін тапсырмалар арқылы бекіту.Көру, есте ақтау, сөйлем, сөзжұмбақ құра білу қабілеттерін дамыту.Тілдесім әрекетін жандандыру,сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Шығармашылыққа шыңдау.Тақырыпты ашу. Оқушының белсенділігі, ықпалдасуы.
|
Оқу нәтижелері:
|
Оқушылар:
Астана туралы толық мәлімет алу;
Көмекші есімдер арқылы сөз тіркесі, сөйлем құру;
Электронды оқулықтан, мәтін бойынша, жаңа тақырыпты ашу ;
Тапсырмаларды өз еркімен орындау арқылы белсенділіктерін арттыру, мысалдар арқылы дәлелдейді;
Шығармашылық қабілеттерін арттыру
|
Түйінді идеялар:
|
Астана – бас қала.
Астана – елімнің жүрегі.
|
Жаттығулар:
|
«Тізбекті үзбе» ойыны
Сөзжұмбақ құрау.
Мәтінмен жұмыс.
|
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
|
І топ ..Мәтіннен үш ой жүйесін тауып оқы. Сурет арқылы қорғау.
ІІ топ. Мәтін бойынша диалог дайындау
ІІІ топ..Мәтінге сай презентация әзірлеу.
Бағалау түрлерін қолдану. АКТ, СТО , ОҮБ, дарынды балалармен жұмыс.
|
Дереккөздер:
|
«Нұр Астана» газеті
Ғаламтор материалдары,
Нұсқаулық
|
Көрнекіліктер:
|
Интерактивті тақта, кеспе парақшалар,электронды оқулық. БАҚ түрлері
|
Үйге тапсырма:
|
«Астана – болашақтың қаласы» , «Менің Астанам» шағын шығарма жазып келу.
|
I . Ұйымдастыру сәті: / 5 мин/
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
Ауа райы, жаңалықтар.
Топқа бөліну : Ара ұясы, Дана үкілер, Ақ барыстар
II. Жаңа сабақ:
Бейнежазбаны көрсету «Астана – болашақтың қаласы». /3 мин/ АКТ
Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не деп ойлайсыңдар? СТО техологиясы / Ой қозғау/
III. Нені білеміз? / Астана туралы/
Төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар қою. Диалог арқылы оқыту
Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы «Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» елбасы сөзінен.
Олай болса сабағымыздың жоспарымен танысайық.
«Тізбекті үзбе» ойыны /2 мин/
Көмекші есімдер, олармен сөз тіркестерін, сөйлем құрау./ 7 мин/
«Астана» сөзіне сөзжұмбақ құрау. /5 мин/Қалай оқу керектігін үйрену модулі, Көшбасшылық
Дана үкілер – сурет арқылы
Ара ұясы – аударма
Ақ барыстар – сұрақ
Жылдарды сөйлетейік. /3 мин/
Кітаптағы мәтінмен жұмыс./ 6 мин/
Дана үкілер - мәтіннің негізгі , түиінді ойын білдіретін 3 сөйлем оқу, 3 сұрақ құрау.
Ара ұясы – мәтін бойынша презентация жасау.
Ақ барыстар – мәтін бойынша сурет салу, қорғау.
Жылдарды сөйлетейік /1862ж,1961-92ж,1992-98ж/
Бағалау / бағалау бетшелері арқылы әр топқа беріледі/ 0-3 ұпай/ ОүБ/ ОБ/
0 – 2 , 1 - 3, 2 – 4, 3 - 5
Тізбекті үзбе
|
Көмекші есімдер
|
Сөзжұмбақ
|
Жылдарды
сөйлетейік
|
Мәтінмен
жұмыс
|
Қорытынды
ұпай саны
|
|
|
|
|
|
|
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Не ұнаған жоқ?
Қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
Олай болса, «Елімнің жүрегі – Астана» әнін Алтынай Жорабаевамен бірге айтамыз.
Тақтадағы «Білім ағашына» бүгін не білдіңдер стикерлерге жазып ілеміз. Кері байланыс
Үй тапсырмасы: « Менің Астанам» шағын шығарма жазып келу
Менің бұл сабағымның мақсаты:
Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып, тарихқа енген жаңа астанамыз –Астана қаласының тарихымен , бүгіні және болашағымен таныстыру. Мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екенін таныту. Көмекші есімдерді практикалық жолмен меңгерту.
Нені білеміз?
Астана туралы толық мәлімет алу;
Көмекші есімдер арқылы сөз тіркесі, сөйлем құру;
Электронды оқулықтан, мәтін бойынша, жаңа тақырыпты ашу ;
Тапсырмаларды өз еркімен орындау арқылы белсенділіктерін арттыру, мысалдар арқылы дәлелдейді;
Шығармашылық қабілеттерін арттыру
Оқу мақсаты мен оның нәтижеге қол жеткізу үшін тапсырмаларды жас ерекшеліктерінің деңгейіне сай жоспарладым. Кез келген сабақты жоспарлағанда
Мұғалім
1.Оқытудың белсенді стратегияларын анықтау керек.
2. Сабақ үшін қажетті ресурстар тізімін жасау керек.
3. Жаңа сабақты қалай меңгеру реттілігін көрсету керек.
Сабақты әдеттегідей ұйымдастырудан бастадым. Оқушылармен, жаңа күнге сәттілік тілей отыра, амандасып, сабаққа қатысымын тексеріп, оларды топқа бөлдім. Топқа бөлуді төмендегідей жүргіздім: оқушыларға «Ақ барыстар», «Дана үкілер», «Ара ұясы» деген жазулары бар кеспе қағаздарды таратып шықтым. Олар осы сөздер бойынша үш топқа бөлінді. Әр топқа өз топ басшыларын таңдауды ұсындым. Топ басшыларына өз топ мүшелерін бағалау парағын таратып, сабақтың әр кезеңінде өзара бағалауды орындап отыру тапсырмасын бердім. Психологиялық тренинг. Көздеріне қарап,бір-біріне сәттілік тілейді.Үй тапсырмасын топ басшысы бағалады.Үй тапсырмасы :диалогті жаттап, бір-бірімен сөйлесу. Осылайша Диалогтік оқыту жүзеге асты. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында бағалаудың «Үш шапалақ» түрін қолдандым. Бұл оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, тіпті тұйық оқушылардың ашылуына да оң әсерін тигізді, себебі өз сыныптастарының қолдауына ие болған олардың бойында өз күшіне деген сенімділік артты.
Жаңа сабақта қолданған әдіс-тәсілдерім.
Миға шабуыл
Төмен,жоғары дәрежелі сұрақтар
«Тізбекті үзбе» ойыны
Көру диктанты /өздері тексерді/
Сөзжұмбақ құрау
Тірек суреттер арқылы сөйлем құрау
Жылдарды сөйлетейік
Презентация жасау /автор орындығы/
Берілген тапсырмаға сөзжұмбақ құрау, жобалау, талдау, елестету –бұл Кейс стади әдісінің элементтері.
Сабақ соңында топ басшыларынан бағалаулары жайлы сұрап, өзім де ойымды айтып, жиынтық бағалау жүргізді. «Білім ағашына» бүгін сабақта не білгендері туралы стикерлерге жазып ілді.
Айта кететін тағы бір сабақтарымда ойын технологиясын жиі қолданамын. Ойын дегеніміз - адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомолинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді. Мысалы:Есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін Орныңды тап Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді. Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
Сөзді есіңде сақта, Ойлан да, аяқта,
Жаңа форматты білім алу білімдерін өздері ізденіп алу, мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |