Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары жайлы мағлұмат беру
Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары туралы оқушыларға алғашқы түсініктер беру, жаңа білімді қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары жайлы мағлұмат алады
Күн жүйесі планеталары қозғалысын бақылай білуге үйренеді
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы
Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Қызығушылығын дамыту
Миға шабуыл әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау
Сұрақ жауап
Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. Нақты және орташа күн тәуліктерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?
Бүкіләлемдік уақыт Жер бетінде қай орынның жергілікті уақытына сәйкес келеді?
Қазақстан жері арқылы қанша және қандай сағаттық белдеулер өтеді?
Астан уақыты ендік мәні қанша градус болатын орынның жергілікті уақытан дәл келеді?
Алматы мен Астана жергілікті уақыттары бірдей ме?
Астана мен Алматы белдеулік уақыттары бірдей ме?
Өліаралық және жұлдыздық ай астрономиялық жолмен қалай анықталады?
Тропиктік жыл ұзақтығы қалай анықталады?
Ежелгі Мысыр күнтізбесінде жыл ұзақтығы неше тәулік болған?
Юлиан күнтізбесінің ұзақ уақыт қолданыста болуы қандай қателік тудырды?
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарды жазып сандықшаға салады. Әр оқушы сандықтан сұрақ алып жауап береді.
Домино ойыны
Уақыттың негізгі бірліктері?
Тәулік, ай, жыл
Өліаралық ай ұзақтығы қаншаға тең?
29,53 тәулік
Тропиктік жыл дегеніміз не?
Жер орбита бойымен Күнді 365 тәул. 5 сағ 48 мин 46с айналып шығуын
Күнтізбе түрлерін ата?
Ай, Күн, жұлдыз, Ай-күн
Декреттік уақыт қай кезде ендіріледі?
1930 жылы
Қазіргі кезде халықаралық деңгейде қолданылып жүрген күнтізбені кім, қашан енгізді?
Юлиан күнтізбесі бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай?
365 күн 6 сағ
Не орнынан қозғалмай жүреді?
Уақыт
Жаңа сабақ Есептер шығару. Топтық жұмыс
Иоганн Кеплер (1571-1630) заңдары: 1. Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады. Элипстің симметрия центрі – О, үлкен АА1 = 2 a және кіші ВВ1 = 2 b екі симметрия осі бар, мұндағы а – үлкен жарты ось, b – кіші жарты ось деп аталады. Оның фокусы центрден OF1 = OF2 = C = a2 – b2 қашықтықта орналасқан.
Эллипстің негізгі қасиеті: эллипстің кез келген нүктесінің фокустардан қашықтықтарының қосындысы үлкен ось ұзындығына тең болатын тұрақты шама: MF1 + MF1 = 2 a .
e = c/a қатынасы эллипстің эксцентрисиенті деп аталады.
Астрономияда Жердің күннен орташа қашықтығы Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі ретінде қабылданған. Ол астрономиялық бірлік (а.б.) деп аталады: 1 а.б. = 149 600 000 км. Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.
3. Кеплердің үшінші заңы планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жартыосьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.
Топтық жұмыс Есептер шығару Есеп. Марс орбитасының үлкен жарты осі 1,5 а.б. оның Күнді айналу периодын есептеп шығарыңдар.
Берілгені:
a1=1.5 а.б.
a2=1 а.б.
T2 = 1 жыл
Шешуі:
жыл
ж/ы: T1 =1,9 жыл
т/к: T1 - ?
Сергіту сәті
Ой толғаныс
Топтық жұмыс (5 минут)
1 топ 1 заңы
2 топ 2 заңы
3 топ 3 заңы
Кеплер заңдары не жайында айтылған?
Кеплер заңдарын ата?
Күннің қозғалысын түсіндір?
Кеплер заңдарын салыстыр?
Кеплер заңдарына мысал келтір?
Кеплер заңдарын білу біз үшін маңызы қаншама?
Сабақты пысықтау. Кім жылдам? (6 әріптен келетін сөздерді табу) Тақтаға ватманға әріптер жазылып ілінеді,оқушылар сол бойынша 6 әріптен тұратын сөз құрастыруы керек.
Жауаптары: Орбита, эллипс, Иоганн Кеплер, радиус-вектор, афелий
Есеп шығару. 35 жаттығу, №2
Сабақты бекіту. Толықтыруды қажет ететін тестілер.
1. Поляк ғалымы .............. планеталардың шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады деген қағидасын сақтап қалды.
А) И.Кеплер Ә) Н.Коперник Б) Т.Браге В) И.Ньютон
2. Барлық планеталар Күнді ............ бойымен айналады, оның ......... Күн тұрады.
А) шеңбер, фокустарында Ә) эллипс, центрінде
Б) эллипс, фокусының бірінде В) шеңбер, фокусының бірінде
3. Орбитаның Күнге ең жақын нүктесі .........., ең алыс нүктесі ........... деп аталады.
А) афелий, перигелий Ә) афелий, перигей
Б) апогей, перигей В) апогей, перигелий
4. Планетаның радиус-векторы .......... уақыт аралығында шамалары бірдей ........ сызып шығады.
А) тең, көлем Ә) тең, аудан Б) бірдей, көлем В) бірдей, аудан
5. Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі .......... деп аталады.
А) күннің бірлігі Ә) астрономиялық бірлік
Б) астрономиялық қашықтық В) күн қашықтығы
6. Кез-келген екі планетаның Күнді айналу ......... квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының ............. кубтарының қатынасына тең болады.
7. Кеплер заңдарын......... жүйелерінің қозғалыстарына да қолдануға болады.
А) күн денелері Ә) жер денелері Б) планета В) аспан денелері
Үй тапсырмасы
№
Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
0-эллипстің симметрия центрі
АА1=2а –эллипстің үлкен осі
ВВ1=2b – эллипстің кіші осі
а – үлкен жарты осі
b –кіші жартыосі.
ОF1OF2 –фокустары
Эллипстің негізгі қасиеті:
эллипстің кез келген нүктесінің фокустардан қашықтарының қосындысы үлкен ось ұзындығына тең болатын тұрақты шама: МҒ1+МҒ2=2a
c=a2+b2 e=c/a – эллипстің эксцентритеті
Тапсырмалар
Топтық жұмыс
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
Кім жылдам? (6 әріптен келетін сөздерді табу)
К
Е
П
Р
Л
Е
Н
Н
Л
Е
И
Ф
Г
Г
Р
А
Й
А
И
О
И
Д
И
О
А
Э
У
С
Р
Д
Т
Л
Л
В
Е
П
И
Б
И
Е
К
Р
О
Р
П
С
Т
О
Жауаптары: Орбита, эллипс, Иоганн Кеплер, радиус-вектор, афелий
Танграмм ойыны Тіктөртбұрыш фигурасы 6 бөлікке бөлінеді де, әр бөлікке сөздер жазылады. Оқушылар фигураны құрастырып Кеплердің заңын оқиды.
ІҮ. Топтық жұмыс (33 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген есептерді топпен және жеке талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Автомобильдің қозғалыс теңдеуі x=100+4t-3t2, егерде х координатасы м-мен уақыт секундпен берілсе, автомобильдің бастапқы уақыт мезетіндегі координатасы қандай?
Автомобильдің тыныштық қалпынан бірқалыпты үдей қоз-ғалады. Егерде 2м/с2 үдеумен қозғалса, 1мин ішінде қанша жол жүреді?
Жұмыс күнінің басында троллейбус маршруты бойынша жолға шықты, ал кешінде сол троллейбус паркіне қайтып оралды. Жұмыс күнінде есептегіштің көрсеткені 150км артты. Троллейбустың орын ауыстыруы және жүрген жолы неге тең?
Тыныштық күйдегі тас 2с ішінде еркін түседі. Тастың қандай биіктіктен құлағанын анықтау қажет?
0,2м/с2үдеумен қозғалған автомобиль қозғалыс басталғаннан кейін 10с ішінде қанша жол жүреді?
4 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 10 кг дене тоқтағанға дейін 20 м жер жүріп өтсе, үйкеліс күші неге тең?
4 Н күштің әсерінен 0,02 м-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы неге тең?
1 м/с2 үдеумен тік жоғары көтеріліп бара жатқан лифт ішіндегі массасы 1кг дененің салмағы: (g = 10 м/с²)
10Н қорытқы күш әсер ететін дене 5м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы неге тең?
Столдың горизонталь бетінде массасы 0,2 кг білеуше динамометрмен тартылады. Динамометрдің көрсетуі 0,5Н. Сырғанау үйкелісінің коэффициенті
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)