Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты§46. Астрономиядағы қашықтықты анықтаудың тәсілдері
9 физ ҚМЖ
Сабақ 42 Бақылау жұмысы №3. Мақсаты: Оқушылардың «Тербелістер және толқындар» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Бақылау жұмысын орындау. І нұсқа. Эхолоттың көмегімен балықтың үйірін көргеннен кейін және қайта қабылданған дыбыс сигналының арасы 0,7 секунд болды. Егер судағы дыбыс жылдамдығы 1400 м/с болса, эхолот пен балық үйірінің арасы қанша? Ұзындығы 1 м математикалық маятник жиілігі 0,5 Гц жиілікпен тербеледі. Бақылау орнындағы еркін түсу үдеуі неге тең? Серіппеге ілінген жүк 32 с ішінде 40 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығы 300 Н/м. Жүктің массасын анықтаңдар. Күн күркіреуі кезінде бірінші найзағай жарқылын көруге, содан кейін ғана оның дыбысын естуге болатынын қалай түсіндіріледі? ІІ нұсқа. Математикалық маятниктің тербелісінің периоды 3 с болса, оның ұзындығы қандай болғаны? Мұхитта толқын ұзындығы 300 м-ге, ал периоды 15 с болады. Осындай толқынның таралу жылдамдығын анықтаңдар. Ұзындықтары 1 м және 4 м математикалық маятниктердің жиілігін анықтап, салыстырыңдар. Су астындағы дыбысты адамның естімейтіндігін қалай түсіндіруге болады? ІІІ нұсқа. Толқын серпінді ортада 100 м/с жылдамдықпен таралады. Фазалары қарама-қарсы жатқан екі нүктенің ара қашықтығы 1 м болса, тербеліс жиілігі қандай болғаны? Ультрадыбыстың сұйықтағы жылдамдығы 1200 м/с. Ультрадыбыс толқынының төменгі және жоғарғы шектерінің ұзындықтарын есептеңдер. Математикалық маятниктің ұзындығы 0,9973 м, ал периоды 2 с болса, онда еркін түсу үдеуі неге тең? Не себепті камертонды ағаш жәшікке орнатады? ІІІ. Бағалау. ІV. Үйге тапсырма: қайталау.
|