2 мин
5 мин
15 мин
7 мин
10 мин
4 мин
|
I Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
Топқа бөлу(әр түрлі фигураларды құрастыру арқылы топтастыру)
Уй тапсырмасын сұрау
1. Тірі ағзаларды өлі табиғаттан ерекшелендіріп тұратын басты белгілер қандай?
2. Биосфераның жоғары жағының озон қабатымен шектелуі қандай жағдайға байланысты?
3. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың арасындағы байланыста өсімдік қандай орын алады?
4. Тірі ағзалардың бір-бірімен байланысы қалай жүреді?
5. Ағзалардың бірлестігі – биоценоздардың түзілуінде табиғи ортаның қандай мәні бар?
6.Ағзалардың тіршілік формасы деген не?
7.Тірі ағзалар таралуының зоналық заңдылығы немен байланысты?
8.Тірі ағзалардың атмосфераға әсері неден байқалады?
9.Мұхит суының тұз құрамы неліктен бірқалыпты жағдайда тұрады?
10. Ағзалар қандай тау жыныстарын түзеді? Олар қалай пайда болады?
11. Топырақ түзілуіне ағзалардың қатысы қандай?
12.Ағзалардың жер қабықтарына әсері туралы өз жерлерінен мысалдар келтіріңдер.
Кез келген топтан бір оқушы шығып, конверттен 1 сұрақ алып,түсіндіреді,жауап берген оқушы келесі сұрақты түсіндіреді.
Бағалау
II Топтық жұмыс
Тірі организмдердің Жер қабығына тигізетін әсері.Постерге түсіру.
«Табиғатқа саяхат» әдісі арқылы схемасын салып, сипаттап және маңыздылығын жазады.
І топ: Тірі ағзалардың көптүрлілігі
ІІ топ: Тірі ағзалардың таралу заңдылықтары.
ІІІ топ:Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік формасы.
Топтарда өзара бағалау
«Бір ұнаған, бір тілек»
ІІІ. Жұптық жұмыс
Тапсырма: Жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлері Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африканың ит тұмсығы батпайтын ылғалды тропиктік ормандарынан табылуда.
Тапсырма: Биогеография ғылымы өсімдіктер, жануарлар және микроағзалардың, сондай-ақ олардың бірлестігін зерттейді. Бір тіршілік формасы екінші тіршілік формасына бір жерден екінші жерге өткенде ауысады.
Тапсырма: Жануарлардың тіршілік формаларына сүтқоректілер, құстар, жорғалаушылар, балықтар, бунақденелілер жатады.
Тапсырма: Құрлықтағы биоценодың жалпы сипатын өсімдік анықтайды.
Смайликтер арқылы бағалау
Бағалау парақшалары
Аты-жөні
|
Өте жақсы
|
Жақсы
|
Төмен
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 топ
Тапсырма: Биоценоз жүздеген, тіпті мыңдаған түрлерден тұруы мүмкін. Әдетте құрлықтағы биоценозың жалпы сипатын неліктен өсімдік анықтайды? Ж.: Себебі өсімдік қана күн сәулесінің қуатын сіңіре отырып, көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан органикалық заттар құрайды.
2 топ
Тапсырма: Неліктен Жердің пішінінің шар тәріздес болуының тіршілік үшін мәні зор? Ж.: Жердің пішінінің шар тәріздес болуынан әр аймағына күн сәулесінің түсуі әркелкі таралады.
3 топ
Тапсырма: 1) Венн диаграммасы арқылы полярлық және экваторлық аймақтарда өсімдік жамылғысының таралуын салыстыр.
Экваторлық Полярлық
Үйге тапсырма беру §50
Кері байланыс
Екі жұлдыз бір тілек
|
Оқушылар топқа бөлініп өз үстелдерінің басына жиналады
Кез-келген топтан оқушы шығып 1 сұрақ алып түсіндіреді .
Жауап берген оқушы келесісіне сұрақты түсіндіреді.
Топтаса отырып, ойланады, талқылайды. Биосфера шекараларын постерге түсіріп, шекараларын салады.
Оқушылар жұппен бос орынға тиісті сөзді жазады
Бағалау парақшалары арқылы бағалайды
топпен жұмыс жасайды
Күнделікпен жұмыс
|