Тақырыбы: «Тілім- Тұмарым!»
Мақсаты: Балаларға мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына ,мемлекеттік тілімізді сүюге ,мемлекеттік тілді аяққа баспай , мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту , еркін сөйлеуге баулу.
Көрнекілік: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
-Сәлеметсіздер ме құрметті балалар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тілім-Тұмарым!»
Ендеше тіл туралы , қазіргі таңдағы қазақ тілінің жағдайы туралы сөз қозғасақ.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіреген көк байрағым сан ғасыр,
Жас ұландар берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің жанбаласын.
Біздің отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ұланғайыр ата-мекеніміз қандай кең болса, пейіліміз де керемет бай.
Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалады.Әр ұлттың өзіндік ерекшіліктері, салт -дәстүрлері, тіл ерекшілігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
– Балалар, енді тіл туралы өлең жолдарын білсек ортаға айтып берейік:
Ана тілім-ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілі болмаса,
Болмас еді жыр әнім
Қазақ тілің – Атаң,Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Қуан далам!Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста,мұңды жүрек түндігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
– “Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.
-Қазақ тілі -біздің ана тіліміз!!!
Ана тілім-арың бұл
Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.
Ана тілім – тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.
Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам
-Ендеше балалар бәріміз бірге Тіл туралы мақал-мәтелдерді жаттап алайық
Балалар біз кандай мемлекетімізде тұрамыз? (Қазақстан)
Біздің ана тіліміз қандай тілі? (Қазақ тілі)
-Дұрыс балалар,біздің міндетіміз қазақ тілінде еркін, дұрыс сөйлеу
Жүректен жүрекке шеңбері. Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!
Қорытынды: -Балалар осымен біздің «Тілім-Тұмарым!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Әрбір тілде сөйле әлемде таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік