Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу



Дата21.01.2022
өлшемі16,39 Kb.
#129580
түріСабақ
Байланысты:
06.12 сынып сағаты


Күні:

06.12.2021ж

Сыныбы:

5 «Ә»

Тақырыбы:

«1-желтоқсан тұңғыш Президент күні»

Мақсаты:

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру

  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.

  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу

Тәрбие бағыты

Қазақстандық патриотизм,азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие

Іске асырылу жобасы

Рухани жаңғыру

Сабақтың барысы:




1)Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгелдеу




Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту

2)Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны:


тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен. Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

3) Топбасшының апталық есебі:


Сынып төрайымы оқушылардың сабаққа қатысуы және кешігуі туралы мәліметтерді айтады. Олқылықтарды жою шаралары жүргізіледі

4)Сақтандыру мәселесі:




Карантиндік талаптарды сақтау: қолды сабындап жуу ережелері, антисептик пайдалану ережелерін , маска тағу және оны қоқыс жәшігіне тастау талаптарын ұқтыру

5) Қорытынды:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз. Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік! Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін



Сынып жетекшісі: Нұрматова Ә.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет