Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі оқушы зейінін сабаққа аудару. ІҮ Мақсат қою кезеңі кіріспе әңгіме



бет7/8
Дата26.06.2018
өлшемі0,56 Mb.
#44927
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. оқу, мазмұны

  2. бағалау.

№ 94 /19/


Тақырыбы: Балғын суретші.

Мақсаты: Балғын суретші Әбілхан Қастеев туралы түсінік беру.

Мәнерлеп оқып, өз ойларын қорытып, айта білуге баулу.

Эстетикалық тәрбие беру.

Көрн: Ә.Кастеев суреті

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өнерпаз


Тақырыпты оқыту.

Мазмұнын сұрау.



ІІІ. Өткенді пысықтау

  • Ахмет мектепке қашан барды?

  • Оның ұстазының өнерпаздығы жайлы не делінеді?

  • Ұстаздың назары Ахметке неге ауды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

а/ Балғын суретші мәтінін оқып, мазмұнын ашу. Әбілхан Қастеев жайлы түсінік беру.

ә/ сөздік жұмыс

б/ Дәптермен жұмыс

ҮІ Білімдерін тексеру

а/ мәтінді оқу



  • іштей оқу

  • тізбектей оқу

  • жеке-жеке оқу

  • ә/ сұрақтарға жауап алу.

  • бала өзендегі тастарға неге қызықты?

  • Ол бұл тастардан қандай заттар жасайтын еді?

  • Тау жартасы туралы не айтылған?

  • әңгіме қай суретші жайында?

б/ Сергіту сәті

в/ тапсырмаларды орындау.



  1. мәтіннен бала суретшінің әуес ісі туралы айтылатын жолдарды тауып оқы.

  2. су түбіндегі тастар суреттелген тұсты тауып оқу.

ҮІІ Бекіту

Бүгін не өттік?



ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. оқу , мазмұны

  2. бағалау.

95 / 20/



Тақырыбы: Ұшқан ұя.

Мақсаты: Ұшқан ұя тақырыбын оқып, Бауыржан Момышұлы жайлы түсінік беру.

Танымдық қабылеттерін дамыту.

Патриоттық тәрбие беру.

Көрн: Б.Момышұлы суреті.

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Түрі: аралас сабақ.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Балғын суретші

Тізбектей оқыту

Мазмұнын сұрау.



ІІІ Білімдерін тексеру

  • бала өзендегі тастарға неге қызықты?

  • Ол бұл тастардан қандай заттар жасайтын еді?

  • Тау жартасы туралы не айтылған?

  • әңгіме қай суретші жайында?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Ұшқан ұя.



Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.

а/ Ұшқан ұя әңгімесін оқи отырып, Б.Момышұлы туралы түсінік беру.

ә/ сөздік жұмысын жүргізу

ата-тегі арғы аталары

баппен- асықпай

араз-тату емес.

Тақырыпты оқыту.

Іштей оқу

Тізбектей оқу.

Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті.



ҮІ. Түсінгендерін тексеру

а/ сұрақтарға жауап алу.



  • шығарма кімнің атынан әңгімеленген?

  • Бала Бауыржан әдептіліктің басы сәлемдесу екенін қалай түсінді?

ә/ Ата-тегін білуді Бауыржанға әкесі үйретті. Сенде ата-аналарыңнан өз ата-тектеріңді біліп алыңдар.

ҮІІ Бекіту

  • Елін, жерін Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. оқу, мазмұны

  2. бағалау.

96/21/



Тақырыбы: Әлия. Мәншүк

Мақсаты: Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк туралы түсінік беру.

Танымдық қабілетін дамыту.

Патриоттық тәрбие беру.
Көрн: арнайы суреттер.

әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Әлия . Мәншүк



ІІІ. Өткенді пысықтау

  • шығарма кімнің атынан әңгімеленген?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Әлия. Мәншүк



Ү. Жаңа сабақ

а/Әлия. Мәншүк өлеңдерінің мағынасын ашу.

ә/ Сөздік жұмысын жүргізу.

Өлеңдерді оқу



  • іштей оқу

  • тізбектей оқу

  • жеке-жеке

дәптермен жұмыс

Сергіті сәті



ҮІ Түсінгендерін тексеру

Әлия Молдағұлова жөнінде не білесіңдер?

Өлеңнің бірінші шумағында не туралы айтылған?

Жанып түскен ақ жұлдыз дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәншүктің пулеметші екенін қалай аңғардыңдар?

ҮІІ Қорыту.


  • Мақалдар айту.

  • Елін, жерін, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. мәнерлеп оқу.

  2. бағалау.

97/22/



Тақырыбы: Тұңғыш қазақ ғарышкері.

Мақсаты: Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров жайлы түсінік беру.

Мәнерлеп оқып, өз ойларын қорытып айта білуге баулу.

Батылдыққа, шымырлыққа тәрбиелеу.

Көрн: оқулық. Т.Әубәкіров суреті.

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Әлия. Мәншүк

Мәнерлеп оқу

ІІІ. Өткенді пысықтау

Ерлік жайлы мақал-мәтелдер



ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



Ү. Жаңа сабақ

а/ кіріспе әңгіме



  1. Т.Әубәкіров кім?

  2. Ол жайында не білесіңдер?

ә/ Оқулықпен жұмыс

Тұңғыш қазақ ғарышкері мәтінін оқып, түсіндіру.

б/ Сөздік жұмыс

токарь- ұста

парашют- ұшатын секіріп түсуге лайықталған шатыр.

Аэрокуб – авиация өнерін үйренетін адамдарға арналған клуб.

Марка – таңба

ҮІ Білімдерін тексеру

а/ мәтінді оқу



  1. іштей оқу

  2. тізбектей оқу

  3. жеке-жеке оқу

ә/ сұрақтарға жауап алу.

  1. Т.Әубәкіров жөнінде не білесіңдер?

  2. Ол оқып жүрген кезінде қандай жұмыстар істеді?

  3. Бос уақытын қалай пайдаланды?

  4. Тоқтар ұшқыш инженер атағын қашан алды?

б/ Сергіту сәті

в/ тапсырмаларды орындау.



  1. Мәтінді Оқушы Тоқтар, Ұшқыш Тоқтар деген бөліктерге бөл.

  2. Оқушылар үлкейгенде қандай мамандық иесі болатынын сұрау.

ҮІІ Бекіту

  • Бүгін не өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

Оқу, мазмұны

Бағалау

98/23/



Тақырыбы: Ләззат

Мақсаты: Ләззат тақырыбын оқып, желтоқсан оқиғасындағы ер жүрек қыз

Ләззат Асанова жайлы түсінік беру.

Танымдық қабілеттерін дамыту.

Патриоттық тәрбие беру.


Көрн: желтоқсан құрбандары суреттері.

әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тұңғыш қазақ ғарышкері

Сұрақтарға жауап алу.

Мазмұнын сұрау.



ІІІ. Өткенді пысықтау

Тоқтар жайлы оқушылардың ізденіп келген, рефереттер бойынша сөйлету.



ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Ләззат. Мұхай Жұмаханов



Ү. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме жүргізу

Желтоқсан оқиғасы жайлы түсінік беру.

ә/ Ләззат мәтінін оқып, мазмұнын ашу.



ҮІ. Түсінгендерін тексеру

а/ тақырыпты оқу



  • іштей оқу

  • тізбектей оқу

  • жеке-жеке оқыту.

ә/ сұрақтарға жауап алу

  1. Ләззат қандай өнерге құмар еді?

  2. Оны анасы не деп қолдап отырды?

  3. Ол Алматыға не үшін аттанды?

  4. Достары мұғалімдері және туыстары оған неліктен сенімді болды?

  5. Ләззаттың ерлігі туралы бұрын естен не едің?

  6. Желтоқсан оқиғасы туралы не білесің?

б/ Сергіту сәті

в/ тапсырмаларды орындау.



  1. Қазақ қыздары тақырыбына әңгіме жазу.

ҮІІ Бекіту

  • Бүгін не өттік?

  • Ләззат кім?

  • Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

а/ оқу, мазмұны

ә/ бағалау

№ 99/24/


Тақырыбы: Бөлімді қайталау.

Мақсаты: 1. «Өнегелі өмір» бөлімін қайталай отырып, оқушы

білімін пысықтау.

Байланыстырып сөйлей білуге баулу.

Білімділікке тәрбиелеу.
Көрн: Ұлы адамдардың суреттері

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік.


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік



ІІ Мақсат қою кезеңі

Бөлімді қайталау.



ІІІ. Білімдерін тексеру.

  • Біз қандай тарауды аяқтадық?

  • Қазақ батырларының аттарын ата?

  • Шырағым ер жетерсің

Ер жетсең сірә не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің

Шындасаң шыңға жетерсің? – деген бата кімге берілген?


  • қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы кім?

  • Батылдық әңгімеіс кім туралы?

  • Балғын суретші мәтіні қай суретші туралы айтылған?

  • Қоңыр қозы деген кім?

Тест алу.

ҮІ Қорыту, сабақты аяқтау.



ҮІІІ. Үйге тапсырма

1.Бөлімді қайталау.

2. бағалау.

100/1/



Тақырыбы: Алатау. Жамбыл
Мақсаты: «Алатау» өлеңін оқи отырып, табиғат сұлулығы, оның

құдіреттілігі жайлы түсінік беру.

Мәнерлеп оқуға баулу, сөздік қорларын дамыту.

Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.



Көрн: табиғат жайлы суреттер

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік



ІҮ. Мақсат қою кезеңі

«Табиғат тіршілік бесігі» тарауы жайлы түсінік беру.



Ү. Жаңа сабақ

а/ Ж.Жабаевтың «Алатау» өлеңін оқып, мазмұнын ашу.

ә/ Сөздік жұмысын жүргізу

Ну-қалың


Мұнар-бұлыңғыр

Кептес-тілдесу, сөйлесу.

б/ Өлеңді оқу.

іштей оқу

тізбектей оқу

жеке-жеке оқу.



ҮІ. Түсінгендерін тексеру

в/ Сұрақтарға жауап алу.



  • Алатау қайда орналасқан?

  • Таулардан не ағады?

  • Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өседі?

  • Жемістердің дәмділігі туралы не дейді?

  • Тау басында не жатады?

г/ тапсырмаларды орындау.

  • Арнайы берілген сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру.

ҮІІ Бекіту

  • Бүгін не өттік?

  • Бұл өлеңді кім жазған?

  • Өлең не жайында айтылған?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. өлеңді мәнерлеп оқу

  2. бағалау.

101/2/



Тақырыбы: Ұлытау. Алтай. Көкшетау. Е.Ерботин

Мақсаты: Ұлытау, Алтай. Көкшетау таулары жайлы түсінік беру,

өзгешеліктерін түсіндіру.

Мәнерлеп оқи білуге баулу.

Қоршаған орта табиғатын қорғауға тәрбиелеу.



әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрн: суреттер.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Алатау.

  • Мәнерлеп оқу

ІІІ. Өткенді пысықтау

  • Алатау қайда орналасқан?

  • Таулардан не ағады?

  • Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өседі?

  • Жемістердің дәмділігі туралы не дейді?

  • Тау басында не жатады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Ұлытау. Алтай. Көкшетау.



Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.

а/ Ұлытау. «Алтай», «Көкшетау» өлеңдерін мәнерлеп оқып, мағынасын ашу.

ә/ Сөздік жұмысы.

Кен- жер астындағы байлық.

Кәдесіне жараған – пайдаға асқан.

б/ өлеңдерді оқу

іштей оқу

тізбектей оқу

жеке-жеке оқу

в/ Сергіту сәті

ҮІ. Білімдерін тексеру

а/ сұрақтарға жауап алу.



  • Ұлытау. «Алтай», «Көкшетау» қай жерлерде орналасқан?

  • Бұл таулардың бір-бірінен ұқсастықтары қандай?

  • Бір-бірінен өзгешелігі бар ма? Болса қандай?

  • Қазақстанда тағы қандай таулар бар?

ә/ тапсырмаларды орындау.

  • Қазақстан тауларының әрқайсысын өлеңге сүйене отырып сипатта.

ҮІІ Бекіту

  • Бүгін не өттік?

  • Тау мен тау кездеспейді

  • Адам мен адам кездеседі мағынасын ашу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. Ұнаған өлеңді жаттап алу.

  2. бағалау.

102 /3/



Тақырыбы: Ақымақ бота.
Мақсаты: Ғ.Мүсіреповтың «Ақымақ бота» әңгімесін оқып, түсіндіру.

Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрн: Ғ. Мүсірепов суреті.

әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, өзіндік.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ұлытау. Алтай. Көкшетау.

Жатқа сұрау.

ІІІ. Білімдерін тексеру.


  • Ұлытау. «Алтай», «Көкшетау» қай жерлерде орналасқан?

  • Қазақстанда тағы қандай таулар бар?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Ғ. Мүсірепов Ақымақ бота.



Ү. Жаңа сабақ.

а/ Ғ.Мүсірепов жайлы түсінік беру.

ә/ Ақымақ бота әңгімесін оқып, түсіндіру.

б/ Тақырыпты оқыту.

Іштей оқу

Тізбектей оқу

Жеке-жеке оқу

в/ Сергіту сәті.



ҮІ Түсінгендерін тексеру

  1. Ақ бота енесіне қалай еркеледі?

  2. Енесінің денесі ақ ботаға неге жайлы тиді?

  3. Ақбота кімнің дауысын танушы еді?

  4. Шынар ботаны қалай үйір етті?

  5. Ұлпан Шынарды неге қуып жіберді?


ҮІІ Бекіту

  • Бүгін не өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. оқу, мазмұны

  2. бағалау.

103/4/



Тақырыбы: Түлкі мен қырғауыл.

Мақсаты: С.Көбеевтың «Түлкі мен қырғауыл» мысалын оқып, түсіндіру.

Мәнерлеп оқи білуге, тілін,сөздік қорларын дамыту.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрн: Ғ.Мүсірепов. С.Көбеев.

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Ақымақ бота.

  • Оқыту, мазмұндату.

ІІІ. Өткенді пысықтау

  1. - Ақ бота енесіне қалай еркеледі?

  2. Енесінің денесі ақ ботаға неге жайлы тиді?

  3. Ақбота кімнің дауысын танушы еді?

  4. Шынар ботаны қалай үйір етті?

  5. Ұлпан Шынарды неге қуып жіберді

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Түлкі мен қырғауыл

Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.

а/ С.Көбеев туралы түсінік беру.

ә/ Түлкі мен қырғауыл мысалын оқып, мазмұнын ашу.

Мысалды оқу


  • іштей оқу

  • тізбектей оқу

  • жеке-жеке оқу.

ҮІ Түсінгендерін тексеру

Сұрақтарға жауап алу.



  • Түлкі мен қырғауылдың арасында қандай әңгіме болды?

  • Түлкі қырғауылды не деп алдады?

  • Қырғауыл қандай тапқырлық жасады?

  • Қырғауыл қалайша аман қалды?

Сергіту сәті.

Жұмбақты шешу.

Бұлаңдаған құйрығы

Бір алдарлық қулығы /Түлкі/

Жаңылтпашты айту.

ҮІІ Бекіту


  • Бүгін не өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. Оқу, мазмұны

  2. бағалау.

17.03.08
№ 104/5/

Тақырыбы: Ақ жаңбыр /мысал/ Ж.Кәрбозин

Мақсаты: Ақ жаңбыр мысалын оқып, мазмұнын ашу, Өткінші жаңбыр мен

ақ жаңбырды салыстыру.

Танымдық қабілеттерін дамыту.

Сабырлыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу.

Көрн: мақал-мәтелдер, өлеңдер

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



  • Түлкі мен қырғауыл

  • Оқу, мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау.

  • Түлкі мен қырғауылдың арасында қандай әңгіме болды?

  • Түлкі қырғауылды не деп алдады?

  • Қырғауыл қандай тапқырлық жасады?

  • Қырғауыл қалайша аман қалды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Ақ жаңбыр

Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

а/ Ақ жаңбыр мысалын оқып, мағынасын ашу.

ә/ Сөздік жұмыс

Бұйымтай - өтініш, тілек

Мысалды оқу



  • іштей оқу

  • тізбектей оқу

  • жеке-жеке оқу

ҮІ Білімдерін тексеру.

  • Сұрақтарға жауап алу.

  • Өткінші жаңбыр, ақ жаңбырды не деп мазақтады?

  • Өткінші жаңбырдан кейін далада қандай өзгеріс боды?

  • Шөп біткен неге риза болмай қалды?

  • Кәрі қурай оларға қандай ақыл берді?

Тапсырмаларды орындау.

  • жаңбыр туралы өлең тақпақтар айту.

  • Жаңылтпашты жаңылмай айту.

ҮІІ Бекіту

  • бүгін не өттік?

  • Мысалдан қандай қорытынды жасауға болады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. оқу, мазмұны

  2. бағалау. 18.03.08

№ 105/1/

Тақырыбы: Жаңбыр жауды, Нөсер.

Мақсаты: Жаңбыр жауды, Нөсер өлеңдерін оқып, көктем мезгілі,

жаңбыр нөсер жауғандағы өзгерістер туралы айту.

Мәнерлеп оқи білуге баулу.

Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрн: оқулық, суреттер бойынша

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ақ жаңбыр

Оқу

Мазмұнын сұрау.



ІІІ. Өткенді пысықтау

  • Өткінші жаңбыр, ақ жаңбырды не деп мазақтады?

  • Өткінші жаңбырдан кейін далада қандай өзгеріс боды?

  • Шөп біткен неге риза болмай қалды?

  • Кәрі қурай оларға қандай ақыл берді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Жаңбыр жауды. Нөсер

Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

а/ Жаңбыр жауды. Нөсер. өлеңдерін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу. Өлеңде жылдың қай мезгілі, жаңбыр жауғанда қандай өзгерістер болатынын, жаңбыр жауар алдындағы құбылыстар жайлы түсінік беру.

ә/ Өлеңді оқу

Сөздік жұмысын жүргізу


  1. іштей оқу

  2. тізбектей оқу

  3. жеке-жеке оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру

Дәптермен жұмыс

Жұмбақтар шешу.

Сұрақтарға жауап алу.



  • өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?

  • Неліктен?

  • Жаңбыр жауғандағы өзгерістер қалай суреттелген?

  • Жаңбыр жауғанда тауда қандай өзгерістер болды?

  • Аспанда ше?

Тапсырмаларды орындау.

Тауып оқу

Өткінші, ақ жаңбыр, нөсер, бұлт сөздерін қатыстырып сөйлем құрау.

ҮІІ Бекіту



  • Бүгін не өттік?

  • Өлеңде не жайлы айтылған?

  • Жаңбырдан кейін дала қандай күйге бөленеді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. өлеңді жаттап алу.

  2. бағалау.

19.03.08

107/3/



Тақырыбы: Қап,қап,қармағым. Көл жағасында

Мақсаты: Қап,қап,қармағым өлеңін оқып, балық аулаған баланың көңіл

күйі жайлы түсінік беру. Көл жағасында өлеңін оқып табиғат

сұлулығын, ондағы шөптер мен құстар түрлері жайлы түсінік

беру.


Тілін, сөздік қорларын дамыту. Мәнерлеп оқи білуге баулу.

Қоршаған орта табиғатын сүйе білуге баулу.



Көрн. Табиғат жайлы суреттер

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік



ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



Ү. Жаңа сабақ

а/ Оқулықпен жұмыс.

Қабдыкәрім Ыдырысовтың «Қап,қап,қармағым» өлеңін мәнерлеп оқып, балық аулаған баланың көңіл күйі,қиялы жайлы түсінік беру.

ә/ Зейнолла Шүкіровтың «Көл жағасында» өлеңін оқып, табиғат сұлулығы, көл жағасындағы шөп түрлері мен құстар жайлы түсіндіру.

б/ сөздік жұмыс жүргізқу.

Раң- шөптің аты.

Кілең – барлығы, түгелдей.

ҮІ Білімдерін тексеру

а/ Өлеңдерді оқу



  1. іштей оқу

  2. тізбектей оқу

  3. жеке-жеке оқу

ә/ сұрақтарға жауап алу.

  • балық аулаған балының көңіл күйі өлеңде қалай суреттелген?

  • Бала қармағына не деп сөйледі?

  • Көл жағасында өлеңінде жылдың қай мезгілі суреттелген?

  • Тау етегі неге ұқсайды?

  • Өзен жағасында қандай шөптер өскен?

б/ сергіту сәті.

в/ тапсырмаларды орындай.

г/ жұмбақты шешу.

ғ/ жаңылтпашты айту.



ҮІІ Бекіту

  • бүгін не өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. Өлеңді жаттау.

  2. бағалау.

№ 108/4/


Тақырыбы: Көк кептер

Мақсаты: Көк кептер әңгімесін оқып, құстарға қамқорлық жасау жайлы

түсінік беру.

Мәнерлеп оқып, мазмұнын айта білуге баулу.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрн: құстар суреті.

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



  • тізбектей оқыту.

  • Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау

  • балық аулаған балының көңіл күйі өлеңде қалай суреттелген?

  • Бала қармағына не деп сөйледі?

  • Көл жағасында өлеңінде жылдың қай мезгілі суреттелген?

  • Тау етегі неге ұқсайды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

-Көк кептер

Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.

а/ «Көк кептер» әңгімесін оқып, мазмұнын ашу. Құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру.

ә/ әңгімені оқу



  • іштей оқу

  • тізбектей оқу

  • жеке-жеке оқу

б/ Сергіту сәті

ҮІ Түсінгендерін тексеру

а/ сұрақтарға жауап алу


  • Нүсіпбек қандай жағдайға тап болды?

  • Оған ара түскен кім?

  • Балалардың үлкендеуі не үшін Нүсіпбек жөнінде сұрап біліп алды деп ойлайсың?

  • Балалар көк кеептерге қандай көмек жасауы мүмкін?

ә/ Тапсырмаларды орындау

  • әңгімені рөлге бөліп оқу

  • мәтіннен көк кептердің аянышты халі айтылған жолдарды тауып оқы.

б/ Жұмбақты шешу.

в/ құстар туралы өлең тақпақтар айту.

ҮІІ Бекіту


  • құстар жайлы нақыл сөздер айту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. оқу, мазмұны

  2. бағалау.

№ 109/5/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет