2. Шарды бас бармағымызбен басып отырып, бүйір шетін шығар.
3. Тегененің кернеуін шығар. Ол үшін асыл түсті ермексазды алақанмен илеп, ширатылған кесінді дайында.
4. Осы кесіндіні тегененің жиегіне жапсырмала. Тегененің ортасын тауып, белгіле.
5. Жіңішке кесінділер дайындап, оны ие отырып, ою жаса.
6. Оюды тегененің ортасына орналастырып, айналасына жолаң жүргіз.
7. Тегененің дайын үлгісі
Көрсетілген үлгі бойынша ермексаздан тегенені үйрен.
Е рмексаздан жасауға болатын ыдыс түрлері
Ы дыс-аяқтарға көбінесе геометриялық және өсімдіктектес ою-өрнектер салынған. Бұл оюлардың өзі белгілі бір мағына білдіріп отырды. Мысалы, «и» белгісіне ұқсас ою «бітпес» деп аталады. Ол молшылықты, ұзақ ғұмырды білдіреді. Сол сияқты «қошқармүйіз» оюы да байлықты, дәулеттілікті көрсетеді. Бұл ою қазақ халқының сәндік-қолданбалы қолөнерінде жиі кездеседі.
Ыдыс үлгілерінің өзіңе ұнаған біреуін өз бетінше жасап көр. Оны қандай оюмен безендірер едің?
Қазаң халқы сусын ішу үшін қандай ыдыс түрлерін пайдаланған? Ас ішуге қандай ыдыстар пайдаланған?
Қазіргі заманда ыдыс-аяқтардың қандай түрлері қолданылады?
Ермексаздан ожау жасау
ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру. ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау. Сабақтың тақырыбы: Ожау туралы түсінік
Білімділік мақсаты:жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты:әсемділікке, ұқыптылыққа баулу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.