ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: оқушыларға конструктор бөлшектерін құрастыру және ажырату - ға байланысты оқушылардың білім, біліктерін кеңейту, бекіту.
2. Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше шығармашылық жұмыстар орындауға қызығушылықтарын арттыру, зейінін, тапқырлығын шыңдау.
3. Тәрбиелік: шығармашылық жұмыстың тәрбиелік мәнін түсіндіру, шығар - машылықты сүйіспеншілікпен орындауға баулу.
Еңбек нысаны: әртүрлі шығармашылық жұмыстар жасау.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал жабдықтар: суреттер, жасалған жұмыс үлгілері, журналдар мен нұсқаулықтар.
Сабақтың барысы:
Шығармашылық жұмыста орындалған өнер туындыларының ерекшеліктерін талдап, жұмысты өңдеу әдіс-тәсілі мен құрал-жабдықтарды анықтау керек. Шығармашылық - өте қызық жұмыс. Ол адамның сұлулыққа құштарлығын, өнерге қызығушылығын оятады, өмірдегі әдемілікті сезінуге, түсінуге жағдай жасайды.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім»,
- деп Абай атамыз айтқандай, жастай білім мен өнерге ден қойған жөн. Адам еңбексіз өсіп-жетіліп, дами алмайды, кері кетеді. Еңбек адамның жан-жақты үйлесімді дамуында шешуші фактор болып табылады. «Адамды адам еткен еңбек» деп Ж.Ж. Руссо айтқандай, адамзаттың осы күнгі дәрежеге еңбектің арқасында көтерілгенін ешкім, еш уақытта теріске шығара алмайды.
Жеке адамның және бүкіл қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын материалдың және рухани құндылықтар еңбекпен жасалады. Еңбек арқылы адамның ақыл-ой парасаты, мәдени болмысы, шеберлігі, эстетикалық талғамы жетіледі, өмірдің мәні мен маңызын түсінеді.
«Адамды ісінен, ағашты жемісінен таны» деген халық даналығы да адамның дамуындағы еңбектің маңызын көрсетеді. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды. Өсе-келе, көріп, танып, естіп, дүниедегі жақсы мен жаманның айыр-
масын түсінеді. Абай атамыз он тоғызыншы қара сөзінде: «Естілердің айтқан сөздерін естіген кісі өзі де есті болады» деген. Демек, баланы жастайынан білім, еңбекке тәрбиелеу керек. Бала тәрбиесі - ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл
халықтың міндеті. Халқымыз еңбекті асыл мұрат санайды. Адам жанының сұлулығы істеген еңбегінен көрінеді. Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулып, болашақта кәсібіне берік, «он саусағынан өнер тамған» шебер маман
болып шығуына жағдай жасау керек.
Шығармашылық еңбек барысында оқушылар өз күші қабілетін шамалайды. Оқушы өз еңбегінің қоғамдық маңызын неғұрлым терең түсінсе, жасаған жұмысы соғұрлым нәтижелі болады.
Әр азамат ел дамуына адал еңбегімен үлес қосуы үшін, оны жастайынан біліммен қаруландырып, еңбекке баулу керек.
Сарамандық жұмыс.
Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен шығармашылық. жұмыстар орындайды. Шығармашылық жұмысты топқа бөліп және жеке орындауға болады. Шығармашылық жұмысты оқу жылы бойы өткен тақырыптардың ішінен өздерін қызықтырған біреуін таңдап, оны күрделірек немесе басқа техникамен орындауларына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |