Сабақтың тақырыбы: Дизайн деген не?
Білімдік: дизайн ұғымы және оның түрлері жайлы жалпы мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: түрлі көлемдегі шаршыларды қолдануда және оны орынды орналастыруда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушылардың, шығармашылық қиялын арттыру, эстетикалық талғамын жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: әшекейленген ыдыстар суреттері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш.
Еңбек нысаны: түрлі көлемдегі шаршыларды қолданып құмыраны безендіру.
Дизайн - үй немесе қызмет мекемесінің бөлмелері, ондағы жиһаздардың орналасуын эстетикалық тұрғыда, адамның көңіл күйін сергітетіндей әсем етіп безендіру. Үйде қонақ, жатын, ас, балалар бөлмесі және кіреберіс болады. Міне, осы бөлмелердің жалпы көрінісі, ондағы жиһаздардың орналасуы, олардың түр-түсі адамның көңіл күйіне, сергуіне, жұмыс жасауына әсер етеді.
Сол жиһаздардың бірі - қонақ немесе демалыс бөлмесіне орналастырылатын жұмсақ жиһазды бірнеше сіріңке қорабын бір-біріне біріктіру арқылы орындап үйренеді.
Сабақтың барысы:
Мұғалім оқушыларды сән әлеміндегі өзгерістермен таныстырып, бүгінгі күн талабына сай қолданылып жүрген интерьер, дизайн секілді жаңа терминдерге түсінік береді.
Интерьер - үй, кеңсе, мекеме бөлмелерін, ондағы жиһаздарды өңі мен бояуын өнертанушы, сәулетші, суретші-дизайнер, конструктордың өз идеясы бойынша эстетикалық тұрғыда әсем, ыңғайлы, үйлесімді орналастыруы.
Атақты американ дизайнері Чарльз Имс «Басқалардың көңілінен шығу үшін кез келген заттың жобасын алдымен өзің жасап көр» деген. Интерьер жобасын қарапайым адамның материалдық жағдайы көтеретіндей етіп құра білу керек. Дизайнер жиһазды орынды, жайлы, ыңғайлы да әдемі етіп орналастыра білуі керек.
Сарамандық жұмыс
Мұғалім жұмыс басында оқушылар әкелген сіріңке қораптарының бос екендігін және олардың санының жеткілікті екенін тексеріп шығады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту мақсатында оқулықта берілген жиһаздарды өз қолдарымен жасап, оларды тиісінше орналастыруды тапсыру керек. Жиһаздар қандай заттардан тұратынын және оның бөлшектерін анықтап алады. Жиһаз бөлшектерінің сыртын қағазбен қаптауда олардың шеттерін, бұрыштарын бүгу кертіктерін сызғышпен сызып алып қиылады. Қаптайтын қағаздың көлемі сіріңке қорабынан үлкен болатынын, желімдеу кезінде желім қағаздың бір жақ шетіне ғана жағылатыны көрсетіледі. Мұғалім желім, қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік және тазалық ережесін естертіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |