Шыт - мақтадан тоқылатын ең арзан, өңделуі жеңіл көздеме. Ол баспа суреттерімен немесе қанық түстермен боялады. Шыт маталар ендеп тоқылады.
Бөз шыт матаға қарағанда арқау жіптері үлкен ұзындықта толықтырылады. Бөз қатты, жылтыр, кей кезде күміс секілді болып өңделеді. Ол шытқа қарағанда берік және аз созылады. Жуғанда бөз негізгі жіп бойынша қысқарады.
Сәтеннің оң бетінде арқау жіптер басым. Сондықтан да олардың оң беті тегіс және жылтыр болады.
Зығыр өсімдігі туралы түсінік
Зығыр - бір-бірімен тығыз өсетін өсімдік. Сондықтан да олар түзу және биік болып өседі. Зығыр талшығы сыртқы қабығы мен ортаңғы өзегінің арасында орналасады. Ол талшықтар ұзын және өте мықты, жылтыр болып келеді. Суды (ылғалды) жақсы сіңіреді. Зығырдан тоқылған мата берік болады. Одан кенеп, жайма, тыстық маталар дайындалады.
Зығырдан алынған матадан тігілген бұйымдар
Мақта мен зығырдан тоқылған матаны салыстыр. Олардың қалыңдығы, мықтылығы, жылтырлығы бойынша сапасын анықта. Қолға алғанда қай мата салқындау, қай жылы болып сезіледі?
I Мақта мен зығыр талшықтарының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Зығыр мен мақтадан алынған маталарды неге киім-кешек, жаймалар тігуге қолданады?
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Қошақан пішінін мақтадан жапсырып жасау
Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: қолдарының икемділік дағдыларын арттыру, сызбамен, шартты белгілермен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қошақан пішінін жасау үшін саған қатырма қағаз, мақта, желім керек.
Қошақанның суретін қатырма қағаздың бетіне көшір.
Сызық бойымен қошақан суретінен екі бөлік қиып ал.
Қошақанның екі бөлігін бір-біріне беттестіріп желімде. Аяғының басын қайырып бүкте.
Дайындалған пішін бетіне желім жағып, оның үстіне мақта талшығын жапсыр. Мақта талшығын екінші бетіне де жабыстыр. Қошақанның көзі мен аузын қаламмен белгілеп шық. Жайылымда жүрген қозыны көрсету үшін жасыл қағаз бетіне шөптер мен гүлдерді жабыстырып шығуға болады.
«Жайылымдағы қошақан»
Балалар, қошақан туралы әнді еске түсіріп, айтып көрейік.
Жазда апамның ауылына
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан
Шыға келді жүгіріп.
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?
Қасқыр мен қозы
Ертегі
Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағы су ішіп тұрады. Қасқыр қозыны жегісі келіп, сылтау іздей бастайды.
Қасқыр қозыға айғайлап:
- Мен ішетін суды неге былғайсың? - дейді.
Қозы:
- Қасеке, мен сен ішетін суды қалай былғаймын? Сен судың жоғарғы жағында, мен төменгі жағындамын, мен ішкен су саған бармайды ғой, - дейді.
Қасқыр тағы айғайлап:
- Сен өткен жылы менің әкемді қорлағансың, - дейді.
- Қасеке, мен қалайша сенің әкеңді қорлаймын, өткен жылы тумаған да едім.
Қасқыр ашуланып:
- Әдепсіз, үлкенге неге қарсы сөйлейсің? - деп, қозыны сол жерде бас салыпты.
«Елу ертегі» кітабынан
Қозыны құтқару үшін ертегіні қалай жалғастырар едің?
Қошақаннан басқа қандай төлдерді білесің?
Қошақан жасау үшін қандай материалдар қолдандың?
Төлдердің басқа түрлерінен «Жайлауда» тақырыбында «позиция құрастыр.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |