Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе
Мақсаты:1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен,
әндерімен, қарасөздерімен таныстыру.
2.Сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту, білімін, есте сақтауын
дамыту, білуге деген құштарлығын арттыру. .
3.Абай өлендерінен, қара сөздерін нәр жинап тәлім- тәрбие алу,
туған елге деген махаббатты, адалдықты, елжандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Абай суреті, отбасы, бөлмесі, құралдары, музей т.б. суреттері, Абай туралы айтылған жаңыл сөздер, кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
II.Кіріспе
Бүкіл әлемге қазақ деген халықты танытқан ғұлама ақынымыз Абай Құнанбайұлы. Халықты өнер білімге шақырып, мыңнан жалғыз алысып, надандықпен күрескені бәрімізге аян.
Егер біз Абай тәлімін оқып, түсініп сол жолмен жүрер болсақ, ақын айтқандай, дүниенің бір кірпіші болып қаланарымыз анық.
Сонымен Абай атаның нақыл сөздерін, өлең- жырларын ұрпақтары қалай оқып, меңгеріп жатқанын өздеріңізбен бірге тыңдайық.
Абай туралы не білеміз?
Абай
Тақтадан Абай ауылы, отбасы, баласы, құралдары, бөлмесі, мәдени орындар т.б. көрсету.
А. Құнанбайұлы жайында жұмбақ.
1. Жырларымен бүкіл елді қандырған кім,
Қазақ елін әлемге танытқан кім.
Ұрпаққа мұраларын аманат қып,
Рухани аңыз етіп қалдырған кім.
( Абай- ақын)
Көңіл құсын құйқылжытып тартарапқа,
Өлеңіне саз шығарып, шырқатқан кім?
( Абай- сазгер)
Орыстың әдебиетін үлгі тұтып,
Пушкин мен Крыловты қазақша жырлатқан кім?
( Абай- аудармашы)
Абай- ақын, сазгер, аудармашы, көркем сөз шебері болған. Ол- 45қара сөз, 3 күй, 3 поэма, 70- ке жуық ән жазған.
Абай Құнанбаевтің өміріне назар аударайық.
1.Ақерке. Абай ақындардың ұстазы. Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер- білімге шақырды. Адал еңбек етуге, халқына пайда келтіруге үндеді.
2.Орнай. Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп еседі. Жүрегімізге қонымды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні:
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп- тегіс жұмыр келсін айналасы.
3.Мадина: Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
4.Нұрғали: Әсемпаз болмас әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан.
I.Абай атамыз туралы не білеміз?
(өмірбаяны, туған жері, қара сөздері, сазды әуендерін білеміз. Мысалы: Көзімнің қарасы, Желсіз түнде жарық ай, Айттым сәлем Қаламқас, Сегізаяқ. )(Өмірбаянынан үзінді оқу)
5. Ақерке: Абай- ұлы ақын, Абай- ана ойшыл, заман суреткері, Абай аудармашы. Абай сазгер, композитор. Абайдың шын аты- Ибраһим.
6. Орнай: Қазақтың ұлы ақыны- Абай Құнанбаев атамыз 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.
7. Мадина: Абай Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.
8. Нұрғали: Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған. Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы Ырғызбай билеуші сұлтан болған.
9. Ақерке: Абайдың әжесі Зере. Абайды осы Зере деген әжесі тәрбиелеген. Әжесі Ибраһимді еркелетіп Абай деп атап кеткен.
10. Нұрғали: Абайдың апасы Ұлжан ақылды, меірімді кісі болған.
11. Орнай: Абай 10- 12 жасында мұсылманша оқып хат таныған. 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресінде оқуға түседі. Ол үздік оқушы атанды.
12. Мадина: Абай 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. 15 жасынан бастап әкесіне көп көмегін тигізген. Ел- жұрт Абайды би етіп сайлайды. 20 жасында Абай от тілді шешен болады.
Абай аудармашы (оқу)
Абай және Пушкин
Крыловтың « Қарға мен түлкі » шығармасынан көрініс
II. Абай- лирик ақын
-Табиғат- адам баласының еңбек етіп өмір сүретін ортасы. Абай атамыз табиғатты жырлаған.
Абай атамыздың табиғат мезгілдері жайлы өлеңдерінен үзінді оқылады.
1.Ақерке. Көктем: Көктемде қар еріп өзендерде сең жүреді. Әсем қызғалдақтар құлпыра жайнап түрлене бастайды. Жеміс ағаштары гүл атады. Ағаштар жасыл жапырақтарын жаяды. Көктемнің осы көрінісін Абай атамыз былай суреттеген.
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан- жануар адамзат анталаса,
Ата- анадай елжірер күннің көзі.
2.Мадина. Жаз: Маусым, шілде айларында төңірекке көз салып көріңіздерші. Ешбір кілемнің бетінен табылмайтын ғажап бояуларды көресіздер. Өзінің « Жаз » өлеңінде ақын атамыз былай дейді:
Жаздыгүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек.
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге.
Көшіп ауыл қонғанда.
3.Орнай. Күз: Бұл мезгіл ешбір жыл мезгілінде қайталанбас байлық, молшылық болады. Аспанды бұлт торлап төңіректің бәрі жазғы түрінен, әсем көркінен айырылады. Топ- топ болып құстар жылы жаққа кетеді. Осы көріністі Абай атамыз былай деп жырлайды:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тойғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
4.Нұрғали. Қыс: Айналаның бәрі ақ көрпе жамылғандай. Төңірек мүлкіген тыныштық. Ауа райы жиі өзгеріп, қатты аяз, боран болады. Оны ақын атамыз былай суреттейді:
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй- дей келе Абай әндерін ортаға салайық.
Ән: « Көзімнің қарасы »
III. Абай атамыздың қара сөздерінен үзінді.
29- қара сөзі Қазақ мақалдарының іске танымал түрі не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтындығы туралы Абай сынаған қазақ мақалдары:
Жарлы болсаң, арлы болма.
Қалауын тапса, қар жанады.
Сұрауын тапса адам баласының бермесі жоқ.
Атың шықпаса, жер өрте.
Алтын көрсе, періште жолдан таяды.
Ата- анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті.
Абайдың қара сөздерді жазудағы мақсаты:
ұлтшылдық пен ұлтжандылық жайлы;
ар- ұят адамгершілік мәселері;
білімге кедергі болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық секілді мінездер сыналады;
нақыл сөздер жиынтығы;
мал табудың жолдарын өнерден іздеу;
адамгершілік кеткенде білімді, есті адам болатындығының жолын көрсетіп берді;
Ақерке. 38 қара сөзінен: Адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Ол надандық, еріншектік, залымдық.
Надандық- ғылым- білімнің жоқтығы.
Залымдық- адам баласының дұшпаны.
Еріншектік- хайуандық.
Орнай. 37 қара сөзінен: Жаман дос- көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
Мадина. 37 қара сөзінен:
Дүние үлкен көл, заман соққан жел,
Алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын інілер
Кезекпенен өтілер, баяғыдай көрінер.
42 қара сөзінен: Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі- жұмысының жоқтығы.
Нұрғали: Абай қазақ қана емес, туысқан елдердің де көптеген талантты ақындарына ұстаз.
Көрініс: Абай мен Әбіш.
Автор: Абайдың Әбдірахман деген баласы Петербургте оқып, жазғы демалыста үйіне келеді. Абай баласының алғырлығын сынап білейік деп былай дейді.
Абай: Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?
Әбіш: Ақ зат асыл ғой.
Абай: Неге, қара зат асыл емеспе?
Әбіш: (күліп) Әке, қараны қалай асыл дейсіз?
Абай: Балам, 1- ден адам барлық нәрсені көзбен көреді емеспе?Көздің ағы көрмейді, ортасындағы қарашығы көреді. Қараның асылы осы дәлел.
2-ден:балам, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіндегі қара сиядан білім алады.
3-ден:жас кезіңде адамның шашы, сақалы қара болып. Жас күнінде адамдарда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш, сақал ағарады. Қайрат та азаяды. Балам, сондықтан мен қараны асыл ма деп ойлаймын.
Әбіш: Әке, оның бәрін қайдан білдіңіз?
Абай: Ақылмен білдім балам.
Әбіш: Олай болса ақыл мида болмайма, ал ми ақ зат емес пе?! 2-ден ақыл- нұр, жарық зат. Ол да аққа ұқсамай ма?!
Абай: Бәрекелді балам, Ақылыңнан айналдым.( баласының маңдайынан иіскейді).
Автор: Абай Әбіштің тауып айтқан сөзіне риза болды.
Қорытынды.
1.Абай қай жылы, қай айда, қай күні дүниеге келген? (1845 жылы 10 тамыз)
2.Оның азан шақырып қойған аты? ( Ибраһим)
3.Оны кім Абай деп атаған? ( Әжесі Зере)
4.Абай қайда, қашан оқыды? ( Ахмет Риза медресесі)
5.Абайдың табиғат туралы жазған өлеңдері? ( Қыс, Жаз, Күз, Көктем)
6.Абай қандай тілдерді үйренді? ( Араб, парсы, орыс)
7.Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайдың кімі? ( Немере інісі)
Өлең оқу:
Абай еді кешегі асқақ ақын,
Қара сөзге қандырған бүкіл халқын.
Мейлі жүз, мейлі мыз жыл өтсін,
Тот баспайды сөздерін оның алтын.
Абай ақын, Абай- дара, Абай- дана,
Абайша өлең жазған ақын бар ма?
Тербеткен әніменен кең даламды.
Абайы бар халықта арман барма?
Абай- әділ, Абай- ғалым, Абай- сыншы,
Абайда шет елдерде тани білді.
Әр сөзінен ғибрат, тәлім алып,
Әр өлеңі жатталып ойға сіңді.
Ән: « Желсіз түнде жарық- ай. »
Достарыңызбен бөлісу: |