Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Негізгі бөлім



Дата08.02.2022
өлшемі16,96 Kb.
#122532
түріСабақ
Байланысты:
«Адамгершілік – асыл қасиет»


Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру бөлімі


Оқушылармен амандасып, түгелдеу.


2. Негізгі бөлім


1) Кіріспе әңгіме


«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.

Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )


Ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.


«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?


2. Сұрақ-жауап.


- Білім алушыларбіз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ түреміз.


1. Адамға ақыл беретін кімдер? (ата-ана, дос, ұстаз)


2. Адамның ақылы қайда?


Ханнның ақылы тағында,


Әкімнің ақылы жанында,


Ғалымның ақылы басында,


Ананың ақылы жасында,


Жігіттің ақылы жақсылығында,


Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.


3. Дос табу оңай ма?


Өмірде ақылдыға дос тау қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп. Ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ адамның қастығы аяқ астында жатады.


4. Үйдегі алтын қазық кім?


Үйдегі алтынқазық – ана. Ана ақылды болса, ала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәриесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың.


5. Өмір сүру үшін не қажет?


Адам өмір сүруі үшін – су, от, тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл – мәнін береді.


6. Достықты нығайтатын не? Достық пен жолдастықты нығайтатын ынтымақ, ірлік, теңдік, бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рақмет те айта алады. Жөн сөз көңіліңді көтереді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.


3. Ырымдар мен тыйымдар.


Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.


1. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.


2. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.


3. Дастарқанды, тамақты баспа.


4. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.


5. Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.


Қорытынды.


Сонымен білім алушылар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.


Үлкенге иман керек,


Кішіге иба керек.


Адамдар бірін-бірі


Құрметтеп сыйлау керек.




- Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет