Сабақтың тақырыбы: Әлияның ерлігі 2 сынып әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: 1.Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлігімен таныстыру,2.Әлияның сабақ үлгірімін үлгі етіп,оқушылардың білім алуға қызығушылығымен ынтасын арттыру.3.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерлер өмірі дәріптеліп,ерлікке,патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: Әлия мен Мәншүктің суреті, буклет,үнтаспа, интербелсенді тақта.
Түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы: 1.психологиялық дайындық.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн.
Көңіл күйлерін қалай?
Көтеріңкі!
Көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Ержүрек қыз» деген мәтінді әңгімелеп келу.
Комиссар қандай тапсырма берді?
Өтініште Мәншүк не жазыпты?
«Максимка »ненің аты?
3.Ой ашар.
Үнтаспаны қосып, «Әлия» әні тыңдалды. Әлия Молдағұлованың суреті ілінеді.
Сыныпты кәмпит арқылы Өжеттер және Қажырлылар деп екі топқа бөліп аламын.
Өжеттер тобы: Әлияның өмірбаянын, Қажырлылар тобы Әлияның ерліктерін әңгімелейді.
Сергіту сәті: интербелсенді тақтадан көру арқылы.
4.Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу.Мазмұнын түсіндіру.Тізбектей оқыту.
5.Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс: «Взвод, батальон» әскери бөлімдер.Әлияға хат жазу.
6.Ой қозғау: топ: бір шумақ өлең топ: Венн диаграммасы
7.Сабақты қорыту. 8Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу,Әлия туралы деректер жинау.
9.Бағалау: көрші топты бағалау, рефлексия.
Достарыңызбен бөлісу: |