Сабақтың білімдік мақсаты: тұлғаның ой қабілетіне әсер ету арқылы сұрақтар қоя отырып, тақырыпты өздеріне ашқызу



Дата22.06.2017
өлшемі59,11 Kb.
#19545
түріСабақ
Шонова Магрипа Газизовна

Көкшетау қаласының көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінің оқытушысы
Әлеуметтік-тұрмыстық қатынас және сөз әдебі
Сабақтың білімдік мақсаты: тұлғаның ой қабілетіне әсер ету арқылы сұрақтар қоя отырып, тақырыпты өздеріне ашқызу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:оқу, жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, дұрыс сөйлей білуге, сөйлеу мәдениетіне, адами қарым-қатынастарға, өзгенің пікірін сыйлауға, тыңдай білу әдебіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, СТО технологиясының элементтері.

Көрнекілігі:оқулық, слайдтар, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: а)сәлемдесу; ә)түгендеу; б) үш топқа бөлу;

Жаңа сабақ:

«Қызығушылықты ояту» технологиясы:

1.Әлеумет дегенді қалай түсінесіздер? Синонимдерін атап беріңіздер. (I топ)

2. Әлеумет сөзін қай жерлерде кездестірдің? (II топ)

3.Тұрмыс сөзін қалай түсінесіздер? Синонимдерін атап беріңіздер. (III топ)



I. «Сұрақ-жауап» стратегиясы:

Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас қалай жүзеге асады?

Әлеуметтің (адамдардың) қарым-қатынасы неден басталады?

Сәлемдесу туралы қандай мақал-мәтел білесіздер?

Адамның рухани тарихында қол жеткен табысы не?

Сәлемдесудің халықтық педагогикадағы көрінісі қандай?

(Баланың тілі шығар-шықпаста сәлем беруді үйрету)

II. «Мағынаны ашу» стратегиясы.(слайд № 1)

I. Мағынасын ашып түсіндір

1.«Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар»

Қасиетті Құраннан

«Нисса сүресі,86-бет»

2.Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) бір хадисінде «Сендер толық иман келтірмейінше-жәннатқа кіре алмайсыңдар.Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша -толық иманға келмейсіңдер.Өзара сүйіспеншіліктеріңді арттыруға септігі тиетін нерсені айтайын ба? Өзара сәлемдесіңдер, араларыңда сәлемдесуді жайыңдар !»- дейді.

3.Хадисте: «Көлікте отырған адам-жаяуға, жаяу адам-отырғанға, аз адамдар көпшілікке,жасы кіші- жасы үлкенге сәлем берсін»-деген.

4.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сәлем- Аллаһ тағаланың көркем есімдерінің бірі.Сәлем беруші, сәлем алушының есіне сәлемді салғаны үшін бір дәреже артық сауапқа ие болады.Байқаусызда біреу сәлеміңді алмаса, одан гөрі жақсырақ, абзалырақ періштелер алады,»-деген.

5.Көне замандағы мәдени ошақтарының бірі-шумерлердің тас табақтарына былай деп жазған екен: «...аузыңа абай бол,көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің...»

6.Сәлем- жолы есендіктің адамға

Сәлем бердің- саулық бердің аларға;

Игі тілек,танытқанға мейірім-

Аллаһ сыйлар деннің саулық, қайырын.

Ж.Баласағұн бабамыз

7. «Абай жолы» романынан үзінді:

Абай көп ішінен шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді,шешесі анадай жерде тұрып:

-Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр...Сәлем бер -деді.

8.«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол ақынның білімсіз бишарасы

(Абай)


«Бағамын деп әркімнің қас - қабағын»

Балам қабақ шытса да жасқанамын.

Сәлемімді біреулер алмай кетсе,

Екі иығым салбырап,пәс боламын»

М.Мақатаев

Сыни тұрғыдан ойлауды сабақ барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) қолдану оқушылардың тәуелсіз ойлауына,ой қорытуына, визуалды және ауызша түрдегі ақпарат алуына, өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізеді, ақыл-ойын дамытады, ұжымдық іс-әрекетке бейімделеді, тіл байлығы жетіледі, жан-жақты ізденеді, өз ойын еркін жеткізеді (Ұялы телефондарынан тіл туралы, әдептілік туралы шағын шығарма, эссе іздету.)



III. Жалғасын тап (Әр топ № 2 слайд арқылы берілген сөйлемдердің жалғасын тауып жазады да,орындарынан оқып береді.)

II. Жалғасын тап:

1...қарай кісіні ал, кісіге қарап...алма (Абай).

2....көркі-тіл,тілдің көркі-...(Ж.Баласағұни).

3.Әр халықтың ... ...-білімнің кілті(А.Жұбанов).

4. Кей асылды шақпақ тасқа шаққандай боп, әсем сөйлем ішінде ұшқындап, ... ...тұратын шағы бар (М.Әуезов).

5. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген,қадірлемеген...толық мәнді интеллигент емес деуге болады (М.Әуезов).

6.Тіл қаруы-..., сөз қаруы-... .Ақылды ой, ...сөз адамның ең жоғарғы...(Ғ.Мұстафин)

7. Тіл-ұлттың... Тіл-идеяның, сезімнің, ойдың ... көрінісі(А.Н.Толстой).

8.Өз тіліңді ... ...тұрып, ...-... сүйе алмайсың К.Г.Паустовский).

9.Сөз өнері өнер атаулының ең ... да ...(О.Бальзак).

10.Өз ойларын көрікті айта алмау-...,ал өзінің көкейін тескен ойларының болмауы-одан да асқан...(К.Д.Ушинский).

11.... ... тек қана өз тіліміз арқылы түсінуге болатындығын ұмытуға болмайды (К.Д.Ушинский).

Керекті сөздер:кемшілік, қиыны, күрделісі, сөз,бөгде тілді, жаны, жанды, қадір тұтпай, ел-жұртыңды, сөз, ой, алғыр, қасиеті, өгей ұлдары, адам, от төгіп, сөздің, ақылдың, сөз, сөзіне, ана тілі.

Сахналық көрініс «Ата мен немере», «Әже мен немере» (сәлемдесуді көрсетеді.)

IV. ВЕНН диаграммасы арқылы сахналаудан көргендерін салыстырады. V. «Кубизм» стратегиясы. (Әр топқа кубты иіртіп лақтыртып, өзіне қарап түскен беттегі сұраққа жауап айтқызамын, бұл- үй тапсырмасын тексеру.) Сұрақтар: 1.Сөз сапасы деген не?

2.Сөз дұрыстығы деген не?

3.Сөз байлығы деген не?

4.Сөз тазалығы деген не?

5.Сөздің қысқалығы мен нұсқалығы деген не?

6.Сөз дәлдігі деген не?

7.Сөз бедері және стиль деген не?

8.Сөйлеу тілінің сөз бедері қандай?

9.Көркем әдебиет тілінің сөз бедері қандай?

ТЕСТ.(Жаңа сабақтан түсініктерін бақылау мақсатынд алынады.) Сұрақтары: 1.Адамдардың өзара қарым-қатынасы қалай жүзеге асады?

А) тіл арқылы ә) сыйластық арқылы б) білім арқылы

2.Сөйлеушілердің әлеметтік белгілері қандай?

А)ресми қатынас Ә)киімі Б)жас ерекшелігі

3.Адамдар арасындағы сөздік қолданысты неше түрге бөлуге болады? А)1 Ә)2 Б)3

4.Сөздің ортадағы қолданылу жағдаяты:

А)ауылдық,қалалық Ә)тұрақты, айнымалы әлеуметтік белгілері Б) таныс, бейтаныс 5.Сөз әдебінің пайдасы

А)сөздік қорың молаяды, Ә)пайда табасың , үнемшіл боласың Б)қуанасың, еңбегің өнімді болады

6.Бейтаныс адамдар арасындағы қарым-қатынасқа не жатады? А)кешірім сұрау, сыпайылық білдіру Ә)бұйрық, өтініш Б)арыз жазу 7. Адамдар арасындағы қарым-қатынас неге негізделеді? А)сыйластыққа Ә) байлыққа Б)әдет-ғұрыпқа 8. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың орны не? А)ауыл,көше,дала Ә)қала, мекеме, кәсіпорын Б) үй іші, көрші,т уыс 9. «Сіз деген-сөздің..., сен деген-сөздің...» А) аяғы, басы Ә)алды, соңы Б) сынығы, анығы 10.Адамдар арасындағы қарым-қатынас қандай?

А)тату-тәтті, сенімді Ә)ізеттілік, құрметтілік Б)әлеуметтік тұрмыстық, ресми-іскерлік



Ой-толғаныс.Рефлексия стратегиясы.

(Оқушыларға сабақтың түйінін жасату.) Тілдер мерекесіне арналған сабсақ болғандықтан,сабақты термемен айшықтадық. Синквэйн.(бес жолдық өлең,қорытынды.)

1.Зат есім. Сәлем.

2.Сын есім. Ыстық, жалынды.



3.Етістік. Алады, береді, жолдайды. 4.Сезіну.Науқастың емі-саудың сәлемі.

5.Синоним.Сауқат. Үйге тапсырма: «Сәлем-сөз анасы» эссе жазу. 210-217-беттер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет