Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық саз аспаптарының ежелгі түрлерін таныстыру



бет1/11
Дата17.02.2017
өлшемі2,49 Mb.
#9770
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық саз аспаптарының ежелгі түрлерін таныстыру

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ұлттық музыка аспаптары туралы білімін кеңейтіп, қызығушылығын ояту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұлттық музыкаға құрметпен қарауға, оны түсініп, тыңдай білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын т.б.

Сабақтың көрнекілігі: қазақтың ұлттық саз аспаптары-буклет, сызба, электронды тақтадағы суреттер, сөзжұмбақ

Сабақтың құралдары: баян, домбыра, электронды тақта, компьютер

Үйретілетін ән: И.Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда»

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.

І.1.Үй тапсырмасын тексеру.

Тақтаға нота сызығы ілініп, ондағы әр нотаның орнына сұрақ белгісі жазылған кеспе қағаздар салынады. Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушыларға ноталар таратылады. (До, ре, ми, фа, соль, ля, си,)Осы оқушылар тақтаға шығып, нота сызығынан қолындағы нотаның орнында тұрған сұрақты алып, нотаны өз орнына орналастырады. Содан соң қолындағы кеспе қағаздың сұрағын дауыстап оқиды. Сұраққа басқа оқушылар жауап беруі керек.



Кеспе қағаздың сұрақтары:

Қорқыт кім, қай ғасырда өмір сүрген, оның қандай күйлерін білесіңдер? Қорқыттың суретін тауып көрсет.

Қорқыт шығармасы музыканың қай жанрына жатады? Ол қандай аспапта орындаған?



Әл-Фараби кім, ол музыка туралы қандай еңбектер жазды? Әл-Фарабидың суретін тауып көрсет

Ыбырай Алтынсарин кім, ол музыка өнерінде қандай еңбектер сіңірді?Ы.Алтынсарин суретін тауып көрсет.

Кетбұға кім, оның қандай күйлерін білесің? Кетбұғаның суретін тауып көрсет.



Байжігіт кім, күйлерін ата. Байжігіттің суретін тауып көрсет.Боғда кім, күйлерін ата. Боғданың суретін тауып көрсет.

Сұрақтардың әрқайсысына әр оқушы жауап береді де, үстел үстіндегі жайылған суреттердің ішінен аталған күйшіні тауып көрсетеді.

І.2.Әндерді қайталау.

«Әуенді тап» ойыны бойынша әннің бастапқы 5-6 нотасы баянмен орындалады. Оқушылар өздері тапқан әндерді орындап береді.

Ә.Еспаев «Ұстазым», Абай «Желсіз түнде жарық ай» әндері қайталанады.

ІІ. Негізгі бөлім:

ІІ.1.Жаңа сабақ.

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ-домбыра.



(Қ.Мырза-Әли)

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты,- деп айтылады. «Қос ішек» күйінің аңызында,-сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы маралды аулап кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып биік таудың қиясынан теңбіл маралды атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарнын ақтарып алып тастайды.

Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт аң аулауға ұрымтал жер еді деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болуы керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады.

Қарағайдың бұтағына керіле кепкен екі ішек сәл ғана жел тербесе, ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, бірде сыңсып, жылағандай болып аңшы жігітті алуан күйге түсіреді.

Сол жерде аңшы жігіт «Қой, мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» деп ішекті үйіне алып келеді де, бір аспап жасап, оған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе шынында да қос ішекке тіл біткендей сыңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің жанын жадыратып қана қоймай, таңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. (Б.Сырбаев)

Аңызды оқушыларға айтып бергеннен кейін «Біз бұрын домбырадан басқа қандай аспаптың шығуы туралы аңызды оқып едік?» деген сұрақ қойылады. Оқушылар өздері бұрынғы сабақтардан өткендерін естеріне түсіріп, «Қобыздың шығуы туралы аңызды» айтып береді.

-Енді оқушылар, осы қобыз бен домбырадан басқа да қазақта көптеген музыкалық аспаптар бар екен. Бүгін біздер сол аспаптармен танысамыз. Қазақтың ұлттық саз аспаптары өте көп екен, сондықтан біз оларды есте жақсы сақтап, түсінуіміз үшін мынадай 4 топқа бөліп қарастырамыз:

1.Ішекті аспаптар-ол екіге бөлінеді:

Шертіп ойналатындар-домбыра

Шертер


Жетіген

2.Ысқышпен ойналатын-қобыз

Қылқобыз

2.Ұрмалы аспаптар-дабыл-даңғыра

Дауылпаз

Шыңдауыл.

3.Сілкімелі, соқпалы аспаптар-асатаяқ түрлері,

Қоңырау


Тұяқтас

Шартылдақ.

4.Үрмелі аспаптар-сыбызғы

Сазсырнай

Мүйізсырнай

Қамсырнай

Үскірік

Тастауық


Ұран

Шаңқобыз.



Жетіген,домбыра,

шертер






Қобыз,қылқобыз



Шертіп ойналатын

Ысқыш пен ойналатын


Ішекті




Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары




ұрмалы

үрлемелі

сілкімелі




Асатаяқ түрлері,

қоңырау,


тұяқтас,шартылдақ

Сыбызғы,сазсырнай,

мүйізсырнай,

қамыссырнай,үскірік,

тастауық,ұран,шаңқобыз,

керней

Дабыл,даңғыра,

дауылпаз,



шыңдауыл


Қобыз- қобызшылардың түп атасы Қорқыт баба тартқан қазақтың көне музыкалық аспабы. Жыңғыл, үйеңкі секілді мықты ағаштардан ойып жасалады. Құрылымы қауын тәрізді. Аспаптың басы, екі құлағы, иілген мойны, төменгі жағында терімен қапталған шанағы, жылқының қылынан жасалған қос ішегі, тиегі және жақ тәріздендіріп иіп жасаған қияқ аталатын ысқышы болады.Дыбыс ішек пен ысқыштың үйкелісінен шығады.

Қобыздың бірнеше түрі бар:

Нарқобыз - жорыққа шыққанда қолданылатын аспап. Жауға атқояр шақтағы қобыз сарыны батырларға күш, жігер беріп, ерлік іске рухтандырар рөл атқарған.

Шаңқобыз-өңделген ағаш таспалардан жасалады. Ортасында сүйір тілше болады. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты. Шаңқобызға байланған жіпті серпіп тарту арқылы тілше тербеліске түсіп, қалаулы дыбыс шығарылады. Ертеде Шаңғыауыз аталған.

Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет