Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық саз аспаптарының ежелгі түрлерін таныстыру



бет9/11
Дата17.02.2017
өлшемі2,49 Mb.
#9770
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сазген- YII-YIII ғасырлар аралығында ағаштан жасалып, шанағы терімен қапталған, үш не төрт ішекті өте көне саз аспабы. Кішкене үлгілері домбыра, қылқбыз, шаңқобыз секілді аспаптардың басына, шанақ ішіне тағылады. Саусаққа іліп ойнауға да болады.


Қос саз- шертер мен домбыраны біріктіріп жасаған бес ішікті шертпелі аспап. Шертердің беті жұқа терімен, домбыраның беті жұқа тақтаймен жабылады. Домбыраға екі, шертерге үш ішек тағылады.

Алдын ала дайындалған сызбаны электронды тақтада көрсете отырып көрсету керек.

-Енді оқушылар, осы музыкалық аспаптардың суреттерін экраннан бір-бірлеп көріп тамашалайық (экраннан көрсетіліп жатқан суреттер біртіндеп таныстырылады.)

Домбыра-қазақ халқының арасында өте кең тараған, қос ішекті, шертіп ойналатын музыкалық аспап. Мұны Қазақстанның әр жерінен табылған домбыра түрлері. Домбыраның екі және үш ішекті түрлері болады. Қазіргі күндері көбіне екі ішекті түрлері қолданылады.

Шертер-үш ішекті, шертіп ойналатын аспап. Мына суретте шертердің ескі түрі көрсетілген. Аспапты шертіп ойнайтын болғандықтан, шертер деп атаған.

Қобыз- ысқышпен ойналатын, ішекті аспап. Қобыздың ішектерінің санына байланысты үш ішекті, төрт ішекті түрлері болады. Ішектерді өзекті сымнан тағылады. Дыбыс ішекті тырнақпен басу арқылы шығады.

Жетіген-жеті ішекті, шертіп ойналатын музыкалық көне аспаптардың бір түрі. Бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгерілі – кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Аспаптың дыбысы ішектерді саусақтармен іліп қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан жасалады.

Сыбызғы-үрлеп ойналатын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын үш тетігі бар. Үрлеу арқылы дыбыстардың жиырмадан астам түрлері пайда болады. Сыбызғының үні самал желдей майда, жұмсақ, ерекше әсерлі. Сыбызғы негізінен ағаштан және қурайдан жасалады. Бақташылар арасында кең тараған.

Даңғыра-ұрып ойналатын музыкалық аспап. Даңғыраның бір беті ғана терімен қапталады, бір беті ағашпен қапталады.

Асатаяқ-сілкімелі аспаптың бір түрі. Мына асатаяқтың шанағының ішіне темірден жасалынған теңгешелер ілінген. Ал кейбіріне сыртынан ілінеді. Мына асатаяқ- алты қоңыраулы асатаяқ деп аталады. Мұның алты қоңырауы бар. Осы қоңыраулар арнайы бағашықпен жәйлап соғу арқылы дыбыс шығарылады.

Шаңқобыз-көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілше болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілше тербеліске келеді де, дыбыс шығады. Мынау- шаңқобыздың темір текшелерден жасалған түрі. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.

Қамыс сырнай-қамыстан жасалынған, үрлеп ойналатын музыка аспабы. Қамыс қуысының ішінде тілше бар. Соны үрлеу арқылы дыбыс шығады. Аспаптың әр түрлі дыбыс шығаратын алты тесігі бар. Мынау тағы қамыс сырнайдың түрлері. Бармақ басатын үш, төрт, бес және сегіз тесіктері бар. Қамыс қуысының бір басы дыбыс шығаратындай етіп қиғашталып кесіледі.

Ұран-үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Оны бұрын жауынгерлер көп пайдаланатын болған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында үш-үштен тесігі бар.

Мүйіз сырнай- мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі. Аталуынан-ақ байқалып тұрғандай, мүйізден жасалады. Бармақпен басып дыбыс шығаратын үш тесігі бар.

Қылқобыз-қос ішекті, ысқышпен ойналатын аспаптардың ескі түрі. Қылқобыз шанағының басына және оның ішіне темір теңгешелер шығыршық арқылы тағылған. Шанақтың ішіне кішкентай қоңырау ілініп, оның ортасына шағын темірмен жиектеліп бекітілген. Шанағы қарағайдан ойылып жасалады. Ішегі аттың қылынан жасалатындықтан, қылқобыз деп атаған. Мынау- қылқобыздың тағы бір түрі. Қылқобызда ойнағанда қосымша дыбыстар беру үшін басына темір теңгешелер тағып қойған.

Үскірік-үрлеп ойнайтын аспаптардың ескі түрі. Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш тесігі бар. Мынау-үскіріктің жетілдірілген түрі, дыбыс шығаратын бес тесігі бар. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мына үскіріктің сыртын жыланкөзбен көмкерген.

Сазсырнай-алты тесікті, үрлеп ойналатын аспап. Саз балшықтан күйдіріліп жасалынады. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген.

Тастауық- бұл да үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі.Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның дыбыс шығаратын жеті тесігі бар.

Дабыл-ұрып ойнайтын аспап. Оның екі жағы да терімен қапталады.

Құлақшалары бар. Ол теріні керіп тұру үшін жасалады.

ІІ.2. Жаңа ән үйрену.

Әнін жазған:И.Нүсіпбаев.

«Домбырасыз сән қайда» әнінің тақырыбын дәптерге жаздырып, бірінші шумағын мұғалім өзі орындап көрсетеді де, келесі шумағына оқушылар қосылып орындайды. Әннің сазына жаттықтыра отырып үйретіледі.


Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет