Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық саз аспаптарының ежелгі түрлерін таныстыру



бет7/11
Дата17.02.2017
өлшемі2,49 Mb.
#9770
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Үскірік- саз балшықтан күйдіріліп, қолға ұстауға ыңғайлы шағын, үрлеп ойнауға, арналған аспап. Бетіне өрнек салынып, жыланкөзбен көмкеріледі. Дыбыс шығаратын бес тесігі болады.

Борғұй- үрмелі көне музыкалық аспап.


Тастауық- саз балшықтан күйдіріліп жасалатын үрмелі аспап. Дыбыс жеті тесігі арқылы шығарылады. Жалпы алғанда үскірік тақылеттес.


Бырғы- ежелгі үрмелі аспап. Ойнаушы бырғышы аталады.

Сыбызғы- үрлеп ойнайтын ескі аспап. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалады. Ұзындығы – 600-650 мм және 750-800 мм. Дыбыс шығару үшін кезегімен саусақ басар үш тесігі болады. Ойық тесіктері арқылы демді жай және күшті шығару арқылы жиырмадан астам әуен түрлері пайда болады. Аспап үні майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсерлі.


Адырна- сыбызғы тәрізді көне үрмелі музыкалық аспап. Ертеде жауынгершілікте, аңшылықта қолданған.

Сырнай- қазақтың үрлемелі музыкалық аспаптарына байланысты қолданылатын жалпы атау. Он тоғызыншы ғасырдың ортасынан қазақ арасында гармошка (гармонь)- қағаз сырнай аталып тарай бастаған. Елде сырнайдың көптеген түрі жойылып, гармонь ғана қалғандықтан, оның атауындағы қағаз сөзі алынып тасталып, тек сырнай атауы қалыптасқан. Сырнай жасалған затына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Қамыс сырнай- қамыстан жасалған, үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Әр түрлі дыбыс шығаратын алты тесікті, қамыс қуысының ішіне тілше орнатылған. Соны үрлеу арқылы дыбыс шығарады. Үні қуыстың ұзындығы мен тілшеге байланысты жаңғырығады.



Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет