Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндңру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету


Ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты



бет9/10
Дата06.02.2022
өлшемі279,68 Kb.
#81809
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Абайдың 175 жылдығы

Ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат! сенің айтқаныңның бәрі де рас. Осы айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты серік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті..
-Ей, Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. — депті
Мұғалім:
Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған. Сүлеймен Айданың орындауында  " Секіртпе " күй.
Мұғалім:
Бірін-бірі көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада  бас қосты.Неміс, орыс және қазақ халқының даналары Гёте, Лермонтов және Абай ескерткіштері Абай ауданында бой көтерді. "Халықтар достығы"  деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны- Гётенің  "Горные вершины" өлеңі және қазақ тіліне  Абай аударған "Қараңғы түнде тау қалқып"  өлеңі  жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет