« Абайды тек қазақ халқына ғана емес, бүкіл әлемге танытқан, “Абай жолы” романының авторы қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов болды.»
Мұхаммедрасул: Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,
Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,
Ақылменен дана болған
Хормен: Бүкіл елдің Абайы! Мұғалім: Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары. ... Абай – біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс..... Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен ашық тәрбие сағатымыз аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет.