Адас Жұртына өлең қалдырған Абай неге өледі? Абай неге сөнеді?! Ақын дауыл, сел еді, Сақтайды ұл-қыз дарынды, Халқының әдет-ғұрпын. Біздердей ұрпақтарыңды Жүрсінші қолдап рухың. Жансезім Ақын жаны кең еді, Ойлағаны елі еді. «Халқым, жұртым» дегенде Талай шабыт кеп еді, Дара ақын ер еді, Жүрген жері төр еді. Ақындар жырлап айтқандай «Абай тіл иен көз» еді. Абай жыры мәңгілік, Жүрегім оны сезеді. Нариман Ары таза, иманы мол данышпан, Заман үнін сезе білген алыстан. Өлеңімен оятып әр сананы, Өмір бойы надандықпен алысқан. Гүлшат Дана Абайға тең келмес ешбір ақын, Танытты ол адамзаттың асыл затын. Қырық бес қара сөзді жазып кетті, Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын. Мұрат Аты өшпейді Абайдың мұным анық. Ар-ожданын намысқа жанып алып, «Қалың елім - қазағым» деп жырлады, Зередей әжесінен тәлім алып. Жанат Әр сөзінде астарлы ой тұрады. Оқысаң, ашылады ой тұманы. Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы, Абай сөзі – қазақтың бойтұмары Аяулым Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?