Т. Айша «Білімдіден шыққан сөз,» Балбөбек монолог: «Қансонарда бүркітші шығады аңға» Арайлым: «Заман ақыр жастары»
Гүлшат: «Жасымда ғылым бар деп ескермедим» Нариман: «Қалың елім, қазағым қайран жұртым» Мұғалім: Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған. Ұлдарымыздың орындауында «Бозжорға» биі.
Мұғалім: Оқушылардың орындауында Абайға арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар. Арайлым Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім? Ақбота Абай – ақын ер еді, Абай дана, сері еді, Абайдың рухын өлтірмей, Асқақтатқан елі еді Аспандатқан жері еді.