Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларынан қысқаша мәлімет беру; «Егіннің бастары» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Дамытушылық:Сөйлеу тілін түсініп,шапшаң ой қорыта алуға дағдыландыру;өлең талдау машығын жетілдіру.
3. Тәрбиелік:Ақын,жазушылармызыдың өлеңдерін оқи отырып,адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап,әңгімелеу,талдау.
Сабақтың түрлері:Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивтік тақта,слайд,флепчарт.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу,кезекшінің сөзі.
Оқушыларды түгелдеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың бір-біріне тілектері.
ІІ.Үй жұмысын тексеру кезеңі.
«Өгіз бен бақа» мысалы бойынша көрініс қою.Оқушының жаттау,рольде ойнау,өзін-өзі ұстау қабілеттеріне қарай бағалау.
Б)Жаңа сабақ.
Қазақ халқын өнер-білімге,сауатқа шақырған қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы көрнекті өкілі,ағартушы,ақын А.Байтұрсыновтың қосқан үлесі зор.Сондықтан біз бүгінгі сабағымызды А.БАйтұрсыновтың шығармаларына арнаймыз.Бүгінгі сабақтың тақырыбы А.БАйтұрсынов «Егіннің бастары» деген аудармасымен танысамыз.
ІІІ.Жаға сабаққа мақсат қою кезеңі.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
(Бүгін сабақта нені білемыз,нені үйренеміз?)
А)Жаңа сабақты меңгерту және оны бекіті кезеңдері.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушылардың жаңа материалды қабылдауына сұрақтар беріп,алдын-ала дайындық жасап,ынта-ықыластарын жаңа сабақты қабылдауға жұмылдуыру.
-Балалар,бүгін сабақта қысқаша А.БАйтұрсынов туралы әңгімелеп,оның «Егіннің бастары» өлеңінің идеясын ашамыз.
1.А.Байтұрсынов кім?
2.Оның қандай шығармаларын білеміз?Ең үлкен шығармасы «Қырық мысал», «Маса».
3.Ол қазақ балалары үшін не ашқан?Орысша-қазақша мектеп ашқан.
4.Қазақ балаларына арнап қандай кітап жазған? «Қазақ хрестоматиясын».
5.Орыс графикасын негізгі алып не жаасады?Қазақ алфавитін.
А.Байтұрсынов – қазақтың ірі қоғам қайраткері,талантты ғалы-лингвист,дарынды ақын,аса көрнекті ағартушы,педагог,жазушы,ауыз әдебиетін зерттеуші,этнограф.
Ол халыққа білім беруді арман етіп,қазақ ауылдарында орысша-қазақша мектеп ашты.Қазақ балаларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» деген кітап жазады.Орыс графикасын негізге алып,қазақ алфавитін жасады.
Шығармалары:Алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағы 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді.Екінші кітабы-«Маса», «Қазақ салты», «Досыма хат», «Жиған-терген» т.б өлеңдері бар.Артында өлмейтін еңбек қалдырғанА.Байтұрсынов ұлтының «Ұлы ұстазы» болып қалады.От тек қана ақын,жазушы,ғалым ғана емес,ол –аудармашы,мысалшы.Оның орсы әдебиеті классиктерінің шығармаларын,оның ішінде мысалдарын аударған еңбектеріде аз емес.Біз бүгін А.Байтұрсыновты аудармашы,мысалшы ретінде қарасытрамыз.Мысал – аллегориялық жанр.Аллегория деген не?Астарлы,тұспал,меңзеу сменді суреттей тәсілі аллегорялық жыр деп айтылады.Мысал – өзіндің сюжеті бар,шағын көлемді туынды.Ол өлең түрінде де ,қара сөзбен де жазылады.
1.Айтылатын ой қалай беріледі?Астармен,меңзеумен беріледі.
2.Мысалдың кейіпкерлері кім болған?Жануар әлемі,құс,өсімдік,адамдар,түрлі заттар,т.б суреттеле береді.
3.Мысалды ертегі дейгу бола ма?Әр мысалдың түйінді ойы бар.Ол мысалдың басында,не аяғында беріледі.Сөйтіп,мысал дегеніміз – өнеге,ғибрат айту сипатындағы шағын аллегорялық туынды.
4.Қазақ әдебиетінде мысал жанры кімнен басталды?А.Құнанбаевтан.
5.Орыс әдебиетінде кім?Орыс әдебиетінде И.А.Крылов мысал жанрының шебері.
А.Байтұрсынов – Абай дәстүрін жалғастырушы ,Абайтұрсынов – мысалшы.Ол елдің азып-тозуын жұмбақтап,тұспалдап жеткізеді,кейде ашық,деп айтылатын ойлар да бар.
Бүгінгі сабақта біз А.Байтұрсыновтың Иван Иванович Хемницерден аударған «Егіннің бастары» өлеңін оқып,идеясын ашуға тырысайық.И.И.Хемницер – орыс ақыны,мысалшы.Слайд.
Ә)Жаңа сөздермен танысу.
Тағзым ету-қызмет көрсету.
Қайран калу-таңғалу.
Шекірейіп қарау-менсінбеу.
Төмен бүгілу-еңкею.
Сорайған қарасына-бойына.
Тәкаппар-өркөкірек.
Тұтынба-еліктеме.
Балау-тең көру,бірдей санау.
Сайран етіп-қыдырып.
Көкке қарап-жоғары,төбеге қарап.
Теңгермейді-менсінбеу.
Б)Мұғалім мәнерлеп оқып шығады,оқушылар тізбектеп оқиды.
Өлеңді мәнерлеп,рөлге бөліп оқыту,тақырыбын анықтап,яғни онда қандай мәселе сөз болып отырғанын айту.І – шумақтағы негізгі ойды түсіндіру.
В)Сұрақа жауап беру.
1.Баласы мен әкесі қайда барды?Егін еккен жерге барды.
2.Бидайлар қандай болып тұр?Бастары дәнге толы,тағзым етіп тұрды.
Олар неге тағзым етіп тұрды?Оларға Алла Тағала дән берген үшін.
3.Бала неге таңданды?Жалғыз бір бидай көкке қарап тұрғанға.
4.Ол әкесінен не туралы сұрады?Мәтіннен тауып оқу.Соншама бұл бидайдың дәні көп пе,неге басқаларына қарағанда ол басын көкке қарап тұр,басқаларды менсінбей тұр ма?
5.Әкесі не деп жауап берді?Мәтіннен тауып оқыңдар.Түрін қарап таңданба оған,өзгесі төмен қарап бүгілгенге,басқаларынан кем екен деп ойлама.
6.Бидайдың иілуінің себебін қалай түсіндіреді?Оның себебі ол Аллаға тағзым етіп,оған дән берген үшін ,ол кішірейіп тұрғанға қарағанда дәнге толы,сондықтан ол ауыр болғандықтан иіліп тұр.
7.Автор әке мен бала диалогында қандай тұжырым жасайды?Тауып оқыңдар.
Г)Өлеңнен жаман қасиеттермен мен жақсы қасиеттерді теріп жазу.
Д)Флепчартпен жұмыс:Өлең шумақтарын суретпен сәйкестіру.
ІҮ.Жаңа сабақты қорыту кезеңі.
-Сонымен балалар,бүгін сабақта кім туралы білдік?
-Ол кім?
-Бүгінгі «Егіннің бастары» өлеңінен қандай тәрбиелік ой тйдіңдер?
«Бидайдың кеудесін көтергені-дақылы жоқтығы».
«Жігіттің кеудесін көтергені-ақылының жоқтығы» деген мақал осы өле ңнің мазмұнына сйкес келе ме?
Тәкаппарды тәңірі сүймес.
Адамның өзіне-өзі мәз болғаны.
Ұяты мен арының аз болғаны.
Ү.Үйге тапсырма.І деңгей.Өлеңнің мазмұнын шағын мәтін түрінде жазып келу.
ІІ деңгей.А.Байтұрсынов туралы мазмұндау.
ІІІ.Нақыл сөздерді жаттау,өлеңді мәнерлер оқу.
ҮІ.Оқушылардың білімін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |