Сабақтың әдісі: ізденушілік, сұрақ жауап, талдау жинақтау, проблемалық Сабақтың көрнекілігі: кесте, интерактивті тақта



бет2/6
Дата07.05.2017
өлшемі0,69 Mb.
#15999
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Ұлттық ойындар

Ақсүйек


Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.

Алтыбақан

«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі. 

Қыз қуу


Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады.

Жарыс жекелей де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет.

Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып, шабысқа дайындалады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді. 
Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді. 

Күміс ілу

«Күміс ілу» - ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады. 

Жасырынбақ

Ойын, әдетте, жазды күндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы мол жерде, яғни жасыратын жері бар алаңдарда ойналады.

Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін, саусақ санау әдісімен кезекшіні, яғни жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып көмбеге әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елу рет санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі, кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының атын атап, мәселен, Бекбай деп дауыстап көмбеге қарай жүгіруі керек. Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды. Тағы бір ескеретін жай: кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз бетінше көмбеге кетулеріне болмайды. 

Сиқырлы таяқ

Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді. 

Сақина жасыру

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.






Тәрбие сағаты "Жырлайды жүрек"


     Новоселовка орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы:

                                       Матан Зоя

  Тақырыбы: «Жырлайды жүрек»

     Мақсаты: Аиық ақынның өмірінеен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев  поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларын сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып,адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке әнінен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ақынның суреті, қанатты сөздер, кітап көрмесі,гүлдер, буклеттер, слайдтар.

Кіріспе сөз.

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

            Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

            Абай болып табынсам бір кісіге,

            Абай болып түңілем бір кісіден.

                     Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

                     Мендағы өлең жазбаймын ермек үшін.

                     Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

                    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан , айбынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнамақшымыз. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаеавтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқ етіп, күн сәулесін шашып тұрғандай сезіледі.Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен, бақыттты халық. Мұқағали ақиық ақын. Әр жас талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның өлеңдерінен сусындайтыны анық.Мұқағали ақынның қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігін көрсетіп дәлелдеп кеткен ақын деп білеміз.Өзі айтқандай « «Жазылар естеліктер мен туралы» дейді ақын.Жарық дүниедегі аз ғұмырында мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.Иә,ақын туралы естеліктер жазылып жатыр. Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған.Оның поэзиясы- халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын.Ендеше дүлдүл ақиық ақынымызға арналған  «Жырлайды жүрек» атты сайысымызды  бастаймыз.

      . Біздің бүгінгі сайысымыз ерекше сайыс болғалы тұр.Себебі мұғалімдердің арасында өтеді.Енді мұғалімдеріміздің Мұқағали ақынды қалайша білетін өздерінің өнерлері арқылы көрсете алады. Сайысымыз бірнеше бөлімнен тұрады:

І.    «Поэзия  минуты» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

ІІ   «Мұқағали әлемі» (Мұқағали өмірінен естеліктер оқу)

ІІІ «Білгенге маржан»(Сұрақтарға жауап)

    ІҮ «Құлақтан кіріп бойды алар»

    Ү  Көрініс(бір өлеңінен сахналық көрініс қою)

    ҮІ Ақынға арнау(өлең шығару)Сайысымызды бастамай тұрып, әділ-қазы алқалармен танысып алайық.

   1.Мектепіміздің оқу-ісінің меңгерушісі Айтпаева А.С

   2.Химия биология пәнінің мұғалімі : Головкина В.И

   3. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Аяған М

4. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Анис М

     Әділ-қазылармен танысып алдық. Енді ақынның бір өлеңін тыңдайық

8 «а» сынып оқушысы  Озат Бердигуль өлең оқиды

  Бірінші мұғалімдерімізді ортаға шақырып жеребие тартқызып алайық.

1. Бастауыш сынып мұғалімі: Тохай Сәттігүл

2.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Нурпиисова Қ.А.

3.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Окенай Салқын

4.Информатика пәнінің мұғалімі: Тілекберді Серікжан

5.Физика пәнінің мұғалімі: Хуат Инкар

6.География пәнінің мұғалімі: Қонай Сайрангүл.

   Мұғалім: Өлең –өнер, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді.

        Ақынның өлеңдері  өзі айтқандай талай болашақтарға арыз жазып, кеткенін білеміз. Ендеше сол мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда мәңгілік жаңғыратын жыр жолдарына құлақ   салайық.

     Сайысымыздың бірінші бөлімі: «Поэзия минутына» кезек берейік.Бұл бөлімде әр қатысушы ақынның өлеңін мәнерлеп нақышына келтіріп оқу керек.

8 «а» сынып оқушысы  Мейрам Жанар ән айтады

  Мұғалім:   Жазылар естеліктер мен туралы,

                     Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

                     Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін,

                     Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы,- деп, ақиық ақын өзі жырлағандай, сайысымыздың келесі бөлімі  «Мұқағали  әлемі» деп аталады.Кезекті қатыстушыларға берейік.Ақын өмірі жайлы естеліктер айтады.

8 «а» сынып оқушылары. Ақынның әні «Бақыт іздеймін»

  Мұғалім:Келесі бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады.Сұрақтарға жауап беру  керек.Мұқият болыңыздар.

1.Ақын қай жылы, қай айда,  қай жерде дүниеге келген?

2.Алғашқы өлеңін кімге арнап жазады?

3.Ақынның ақын досы кім?

4.Ақынның жары кім?

5.Ақынның үш бақыты не?

6. «Мен тау ұлымын » сөзі қай өлеңінен алынған?

7. Ақының өлеңіне ән шығарған сазгер кім?

8.Ақынның бала-шағаларын атаңыздар.

9.   «Жырлайды жүрек» кітабы қай жылы шыққан? 1989ж

10.Мұқағалидың әжесі

11.Мұқағалидың қыздары

12.Мұқағалидың өлеңдер жинағын атаңыз.

13.Мұқағали өлеңіне жазылған ән

14.Мұқағалидың поэмаларын атаңыздар.



Мұғалім: Мұқағали ақының поэзиясы бүгінде әнге айналды. Оның сөзіне жазылған әндері қаншама. Әндері халық жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналды. Сайысымыздың келесі бөлімі  «Құлақтан кіріп бойды алар»

Мұғалім:Келесі бөліміз «Көрініс» деп аталады. Ақынның өлеңдерінің барлығы тұнып тұрған суреттеме сөздерден жазылған. Ендеше мұғалімдеріміз бір-бір өлеңін алып, көрініс көрсетеді. Сөз  қатысушыларымызда.

 

 



 Мұғалім: Келесі бөліміміз «Ақынға арнау » деп аталады.Бұл бөлімінде мұғалімдеріміз өз жүректерінен шыққан өлеңдерін оқиды.

          Мектебімізде Мұқағалидай сияқты  өлең жазатын  мұғалімдерімізде бар.Кезек берейік.

      Енді әділ-қазы алқалары қорытынды жасағанша бір ән тыңдаңыздар.

Ән: Бақытхан Ақерке "Сарыжайлау"   әнін айтады.

 Қорытынды:

                 Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім

                 Жыр жазсам, оған  жұртым елеңдестің.

               ..Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

                Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

           Иә, өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ақынның өлеңін еңкейген қарттан тәйтейлеген баласына біледі деп айтсам қателеспейтін шығармын.Арыз жазып кеткен ақынның артына із қалдырған сөздерін жүрегімізден орын  тапты. Тарлан талант Мұқағали ақын да уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасауда.

          Мұқағали  мұрасы –халық қазынасы.

        Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай береді деп ойлаймыз. Сондықтан қазір біз ақын сөзіне жазылған “Есіңе мені алғайсың”әнімен әдеби кешімізді аяқтайық.

Сіздерге қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет айтамыз.

 

 

Келесі кезекті әділ-қазы алқаларына береміз.Қатысушыларымыз марапатталады.



 

 

 



 

 

 


 Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)


Категориясы: Тәрбие сағаты

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»


Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.


Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Рауан: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,


Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.

Айбек: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,


Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

Райымбек: Туған тілде сыры терең жаным бар,


Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,


Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

«Ана тілім» әні. Орындайтын хор.


Аманжан: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.

«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс.


(Абай - Мейрам, Әбіш - Рауан)
- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Рауан: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
Аманжан: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Айбек: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?

1. Өнер алды қызыл тіл.


2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.

Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!


Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.



Мақалаға белгі:Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз, тәрбие сағаты, қазақ тілі, тіл туралы

 Алғыстар: 2

 

 

 




Автор: Зархам Ердигуль



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет