Мазмұны жаңартылған мектеп географиясын оқыту барысында қалыптастырылатын іскерлік-дағдылар. Негізгі мектепте оқытылатын географияның мазмұнын зерделеу барысында оқушылардың жаратылыстану пәнін оқыту барысында қалыптасқан білімдері, іскерліктері мен дағдылары одан ары дамытылып тереңдетіледі. Олар біршама күрделендірілгендіктен оқушылардан білу, түсіну, қолдану салыстыру, талдау, жинақтау бағалау сияқты логикалық ой әрекетінің тәсілдерін пайдалануды қажет етеді.
Картографиялық, сандық деректермен, қосымша географиялық білім көздерімен жұмыс істеу дағдылар одан ары дамытылады.Пәнді оқыту барысында оқушылар картаны күрделі оқудың төменде көрсетілген картографиялық дағдыларын меңгереді:
- тақырыптық және жалпы географиялық карталарға талдау жасап жер қыртысының құрылысы мен жер бедерінің ірі пішінінің, пайдалы қазбалардың түзілуі мен таралуы арасындағы, ендік зоналылықтың таралуын талдау заңдылықтарын, табиғаттың құрамдас бөліктері арасындағы бір ізді себеп-салдарлы ашып көрсету, талдау, жинақтау бағалау;
-географиялық карталарды, сандық мәліметтерді талдау негізінде жеке диаграммалар, қима-сызбаларды, жел өрнегін құруды қамтитын оқушылардың графиктік сауаттылығын қалыптастыру;
- белгілі бір елдің шаруашылығының салалық құрамын, маңызды өнеркәсіп орталықтарын, қажетті отын мен шикізатпен қамтамасыз ететін кен орындарын, ауыл шаруашылық дақылдарын анықтау;
-оқулықтың қосымшасында берілген үлгілік жоспар бойынша жеке материктер мен мұхиттардың, елдердің географиялық орнының негізгі ерекшеліктеріне, ірі географиялық нысандарына сипаттама беріп, табиғат жағдайлары мен ресурстарын, сырқы экономикалық байланыстарын сипаттау.