Сабақтың комплекстік талдау схемасының үлгісі


Жаңа материалды бекіту кезеңі



бет9/10
Дата16.02.2022
өлшемі34,73 Kb.
#131974
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сабақтың комплекстік талдау схемасының үлгісі
қмж, Testy 5 kurs det, Сабақ кестесі 5 г сынып
Жаңа материалды бекіту кезеңі

І. Кезеннің дидактикалық міндеттері

Оқушыларда жаңа материал бойынша өздік жұмысқа қажетті білім мен дағдыларын бекіту.

ІІ. Кезеннің мазмұны

Алған білім мен дағдыларын бекіту; материалды оқудың әдісін бекіту; кезекті білімді тексеру кезінде оқушылардың жауап қайтару әдісін бекіту

ІІІ. Жақсы нәтижеге жету шарттары

Бұрын алған білімдерін қолдану іскерлігін арттыру; теориялық және практикалық есептерді шығару; бекітудің әртүрлі бекіту формаларын қолдану

IV. Кезеннің дидактикалық міндеттерінің орындалу көрсеткіштері

Оқушылардың фактілерді, ұғымдарды, ережелерді өзара салыстыру іскерліктері; жаңа материалдың басты идеясын ұсыну іскерліктері, басты ұғымдардың нақты ерекшеліктерін айқындау іскерліктері; оларды нақтылау; оқушылардың белсенділігі

V. Оның іске асыру талаптары

Орындалатын тапсырмалардың жүйелілігі, қол жетерлігі, сол кездегі оқушылардың дербестігі.тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларға дифференциалдық көмек көрсету, қателерді талдау, бақылауды және өзіндік бақылауды қамтамасыз ету.

VI. Қосымша белсенділігі

Тапсырмалардың түрлілігі, олардың практикалық бағыты

VII. Кемшіліктер

Сұрақтармен тапсырмалар жаңа материалды оқыту логикасына (ұсыну түрі) ұқсас берілді. Бекітудің бір түрлілігі. Бекітуге аз уақыт бөлінеді.

Оқушыларға үй тапсырмасы туралы мағлұмат беру және оны орындауға нұсқау беру кезеңі

І. Кезеннің дидактикалық міндеттері

Оқушыларға үй тапсырмасын хабарлау; оны орындау әдісін түсіндіру және сабақтың қорытындысын шығару

ІІ. Кезеннің мазмұны

Үй тапсырмасы туралы мағлұмат; оны орындау нұсқасы; оқушылар тапсырманынің мазмұнын және орындау нәтижесін қалай түсінгенін тексеру; жұмыстың қорытындысын шығару; сынып қалай жұмыс жасады; оқушылар ішінде кім өте белсенді жұмыс жасады; оқушылар жаңа не білді

ІІІ. Жақсы нәтижеге жету шарттары

Жұмыстың мазмұның оның жүйелігі мен тәсілдерін асықпай, шыдамдылықпен түсіндіру; кезеннің сабақ ішінде міндетті және жүйелі түрде орындау; оқушыларға қысқа нұсқаулар арқылы үй тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру іскерлігі; үй тапсырмасына танымдық есептерін және сұрақтарын еңгізу; үйге берілетін оқу материалын дифференциалдап іріктеу; репродукция (берілгенді ұдайы өңдіру (воспроизвести)); лгоритм (ұқсас есепке есеп шығару); шығармашылық (ойлап шығар, ұқсастықты тап, зертте)

IV. Кезеннің дидактикалық міндеттерінің орындалу көрсеткіштері

Оқушылардың түгелі үй тапсырмасын дұрыс орындады

V. Оның іске асыру талаптары

Тапсырманың көлемі мен қиындығының тиімділігі. Кездесетін қиындықтары және оларды жою туралы айту.

VI. Қосымша белсенділігі

Тапсырмалардың дифференциалдығы; оларды орындау шығармашылық сипаты (интервью, жобаларды қорғау)

VII. Кемшіліктер

Қоңырау соғылғасын үй тапсырмасын беру. Тапсырма көлемінің үлкендігі және қиындылығы. Шығаруға нұсқау, мақсаттын, орындау тәсілдерін бермеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет